Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар



Pdf көрінісі
бет58/65
Дата06.01.2022
өлшемі1,39 Mb.
#15931
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65
Байланысты:
kyraubaeva alma shygystyk kissadastandar 3 tom

«Қырық  уəзірді»  алғаш  рет  жинақтап,  кітапқа  айналды-
рып  жазған  автор – Шайқызада  Ахмет  Мысыри  деген  адам. 
Мысыри  бұл  кітапты 1421-1451 жылдар  аралығында  жаз-
ған.  Ал 1868 жылы  Хайым  Насри  бұл  кітапты  түрік  тіліне 
аударып, Қазан қаласында бастырған екен. Содан 1900 жыл-
ға  дейін  бұл  кітап 8 рет  басылыпты. «Қазақ  қиссалары»  де-
ген кітапта басылған дастанды Ақылбек Сабалұлы 1905 жы-
лы  Қазақ  қаласында  жарық  көрген  шағатай  тіліндегі  нұс-
қасы мен татарша ертегі нұсқасынан реттеп аударыпты.
Ақылбектің  «Қырық  уəзір»  қиссасын  «Қазақ  қиссалары» 
деген  атпен 1986 жылы  Бейжиндегі  Ұлттар  баспасы  шығар-
ған  кітаптың 5-томынан  оқып  шықтық.  Ақынның  «Қырық 
уəзір»  сынды  туындысын  біршама  сəтті  жырлағандығына 
қарап,  əдебиетіміздің  тарихында  өзіндік  орын  алуға  тиісті, 
арнайы  зертеуді  қажет  ететін  көрнекті  тұлға  екендігіне  кү-
мəн келтірмейміз.
Қисса «Қырық уəзір» оқиғасы бір патшаның жас ерке то-
қалы  бəйбішеден  туған  өзінің  өгей  баласына  ғашық  болып, 
оған  іңкəрлігін  білдіріп,  онымен  ашына  болу  талабын  айту-
дан  басталады.  Əйелдің  талабы  тойтарылған  соң,  ол  хан-
задаға патша алдында былай деп жала жабады:
Ғашық болып жүріпті талай бұрын,
Əкемнің орны дейді маған орын.
Көнбедің деп мінекей, қанға малды,
Кəріге қатын болған қандай сорым!
* * *
Ей, патша, міне сенің тексіз ұлың, 
Осыдан болады ақыр бір өлімің.
Өзің өлмей, алдымен осыны өлтір, 
Түбі кесепаты тиер мұның.
Сөзге  алданған  патша  баласын  ұстатып  зынданға  жап-
тырады  да,  ертеңіне  жұртты  жиып,  баласының  басын  алуға 
əмір етеді. Бұл жолы патшаның бас уəзірі араға түсіп, патша-
ны иландырарлық уəж айтып, өз баласын оқыс мерт қылып, 
өкінішке  қалған  əңгімелерден  ғибрат  келтіріп,  ханзаданы 
кепілдікке сұрап алады. Үйге қайтқан соң, зымиян əйел тағы 
бір  уəж  айтып,  ханзаданы  ертеңнен  қалмай  өлтіруге  пат-
шаны  көндіреді.  Міне,  осылай  баланы  өлтіру  мен  оны  ара-
шалап  қалу  жайында  патша  тоқалы  мен  патшаның  қырық 
уəзірі  арасында  қырық  күнге  созылған  шиеленісті  күрес 
болады.  Екі  жақ  өз  сөздеріне  патшаны  иландыру  үшін  небір 
қызық  сексен  хикая  айтып,  осы  арқылы  өз  мақсаттарына 
жетпек  болады.  Олардың  дəлел  ретінде  келтірген  хикая-
ларының  тартымдылығы  соншалық,  патша  өз  баласын  өл-
тіруге қырық рет оқталып, қырық рет райынан қайтады. Бұл 
мезгілде  тағдыры  қыл  үстінде  тұрған  ханзада  тіс  жарып, 
ештеңе  айтпайды.  Ең  соңында,  патшаға  өз  сөзін  өткізген 
тоқалы,  ақыры,  қырық  уəзірді  орнынан  алдырып,  ханзаданы 
жазалатпақшы  болады.  Жендет  бас  кесуге  оқтала  бергенде, 
ханзаданың  ұстазы  келіп  жетеді  де,  патшаға  тоқтау  айтып, 
иіліп сəлем береді. Ұстаз айтты: 
«Ханзада, сөзім тыңда!
Əкең мен екеуіңе жаным пида.


295
294
Тағдырдан келген қауіп тамам болды,
Бұлбұлдай сайра, жайын баян қыл да.
Бастады бала сонда жасқанбай-ақ,
Сұлулығын анасының бастан аяқ.
Анасы мен өзінің арасында,
Болған істі түп-түгел тастамай-ақ.
Міне,  осылай  істің  ақ-қарасы  анықталған  соң,  куəгерлер-
дің  де  дəлелдерін  тыңдап,  өз  ұлының  адалдығына  əбден 
көзі жеткен патша жалақор əйелеіне қатал жаза бұйырады.
«Бақтиярдың  қырық  бұтағының»  бірі – Қытай  қазақта-
рына  тараған  «Ақбазархан»  дастаны  (Қазақ  қиссалары. 
1986-6).
Мұнда  дарға  асылғалы  тұрған  Бақтиярдың  Ақбазархан 
деген  саудагер  жайлы  айтқан  хикаясы  сөз  болады.  Ақбазар-
хан  өмірде  жолы  болмай,  ең  соңында  екі  көзі  соқыр  болып 
өледі.
Бір  патша  Ақбазарханды  кінəлап,  ақталмақ  болғанына 
қарамай,  көзін  ойып  алады.  Кейін  істің  ақ-қарасы  анықтал-
ған  соң,  патша  кешірім  сұрайды.  Дарға  асылу  алдында  тұр-
ған  Бақтияр  осы  хикаяны  айтып  біткен  соң,  оны  өлтірмек 
болған  патша  Бақтиярды  дардан  босатып  зынданға  таста-
тады.
«Бақтиярдың  қырық  бұтағына»  жататын  қиссалардың 
бірі – «Шеризат»  оқиғасын  екі  ақын  бірдей  жазады.  Бірі 
– Мəшһүр Жүсіп Көпеев, екіншісі – Əсет Найманбаев. Мəш-
һүр Жүсіптің: 
Жігітке өнер берсе қиын емес,
Болғаным менің ақын биыл емес.
Бетіне ақ қағаздың салып шимай,
Қиссасын «Гүлшат-Шеризат» қылдым кеңес – 
деп,  бес  шумақтан  тұратын  шағын  кіріспеден  басталатын 
«Гүлшат – Шеризатының»  негізгі  оқиға  желісін  шартты 
түрде  бес  бөлімге  бөлуге  болады.  Оқиға  балаға  зарығу  же-
лісінен  бастап  өрбиді.  Бағдатта  жеті  жұртты  билеген  Кəркін 
атты патша бір перзентке зар болып жүргенде, тілеуі оңынан 
келіп,  əйелі  жүкті  болады.  Бүкіл  шығыс  əдебиетіне  ортақ, 
оқиғаны  шиеленістірудің  бір  тұрақты  желісі – бала  тумай 
тұрып,  əкесі  аңға  шығып  кететін.  Дүниеге  көптен  күткен
мұрагердің  келгендігін  кейіпкер  аңда  жүріп  еститін  (қазақта 
– «Қозы  Көрпеш-Баян  сұлу», «Шаһнамада»  Залдың  тууы). 
Бақытты  əкенің  қуанышын  көре  алмаған  жауыздық  күштер 
ондайда қастандықтар да жасайтын.
«Гүлшат-Шеризатта»  Кəркін  патшаның  аңға  кетіп,  арыс-
танмен  алысып  өлгендігін  пайдаланып,  қастандық  жасау-
шы – уəзірі  Парахзат.  Патшаның  айтып  кеткен  аманатын 
орындамай,  ханым  ұл  туса  тақтан  айрылармын  деп,  Барыс 
ерді  шақыртып  алып,  оның  жендеттеріне  ханшаны  орманға 
апарып, өлтіртіп тастайды.
Солайша өліп қалды ханым бейбақ,
Сұм дүниені болар ма көзі қимақ.
Қалайша өлтірді екен көрейін деп,
Тоғайға келді Барыс жанын қинап.
Барыс барды ханымға жақындасып,
Жас бала зар жылайды ауызы ашып.
Нəсіпсіз жан дүниеде жаралған ба, 
Емшектен сүт шығады судай тасып.


297
296
Барыс  шешесі  өлгеннен  кейін  туған  баланың  қасына  кім 
асыраса,  сол  алар  деп  он  гауһар  мен  хат  қалдырады.  Бала 
«Шаһнамадағы»  Зал  секілді  орманда  өседі.  Ақын  бұл  оқи-
ғаны осы жерден қалдырып, енді Парахзатқа көшеді. Шартты 
түрде оқиғаның жаңа екінші желісі басталады. 
Ол – Парахзаттың  түсі.  Түсінде  бір  аждаһа  заһар  шашып 
жер  əлемді  күйдіреді,  көзіне  өлім  елестеп,  жаны  қиналады. 
Бұл  Тайшық  ханның  түсіне  құрсаулы  қара  бура  боп  кірген 
Алпамыс  сияқты,  оның  түсіне  аждаһа  боп  кірген  орманда 
өліп  жатқан  ханшадан  туған  бала  еді.  Осы  желі  Тұрмағам-
беттің  «Рүстем-дастанында»  да  бар.  Онда  Самның  ақ  шаш-
ты  болып  туған  соң  елге  көрсетуге  ұялып,  орманға  апартып 
тастаған  өз  баласы  Зал,  түсіне  есепсіз  қолды  бастап  келе 
жатқан шырайлы жігіт болып кіреді.
«Гүлшат-Шеризаттағы»  аждаһа  Парахзатты  енді  жұтар 
ма екен деген кезінде көктен бір інжу-маржан түсіп, алдына 
қарай аяңдайды. Аждаһа соны көріп, есі кетіпті. Бұл жердегі 
көктен  түскен  інжу-маржан  да  қызықты  деталь.  Көне  түрік 
ескерткіші  «Оғыз  намеде»  де  Оғыз  батыр  көктен  түскен 
нұрды  көріп  қасына  барса,  айдай  сұлу  қыз  болып  шығады. 
Əсеттің  «Ер  Шеризатында»  Гүлшат  алыстан  нұр  болып 
көрінеді.  Аруларды  күн  нұры,  сəуле  кейпінде  суреттеу  де 
мифологиялық ұғымнан туған.
Парахзат  көп  ұзамай  бір  қызды  болады.  Алдағы  бəле-
жаладан сақтайтын осы деп, арнайы сарай салдырады, ерек-
ше тəрбиелеп, бөтен жан баласын жолатпайды.
«Гүлшат-Шеризаттың»  үшінші  оқиға  желісінде  əңгіме 
қайтадан  ормандағы  балаға  ауысады.  Өліп  жатқан  ананың 
омырауынан үш жасқа дейін қорек алған балаға бір арыстан 
кез  болып,  соның  тəрбиесінде  жүреді.  Бұл  оқиға  батырдың 
ересен күшті болу себебін дəлелдеу үшін алынған.
Дастанда  баланы  бір  керуен  басы – Қожа  Сағиттың  асы-
рап алуынан төртінші оқиға желісі басталады.
Сағит  балаға  арыстан  асырағандықтан  Шеризат  деп  ат 
қояды.  Жасынан  ғылымның  не  түрін  үйреніп,  білімді,  ақыл-
ды  жігіт  болып  өсіп,  керуенмен  Шын-Машынға  келуінен 
оқиғаның  негізгі  желісі  дамиды.  Бұған  дейінгі  баяндалған-
ның  бəрі  кейіпкерлердің  кім  екенін,  олардың  Шын-Машын-
да  жолығу  себептерін  түсіндіру  үшін  алынған  да,  қиссаның 
ең өзекті оқиғасы – Шын-Машында өтеді.
Бұл  кезде  серуендеп  жүрген  Гүлшаттың  сырт  келбетін 
қазақ  ұғымына  етене  жақын  жырлайды.  Əдейі  бұрыннан 
қалыптасқан дайын суреттерді алады:
Гүлшат сынды қаракөз,
Қалам қасты, нұрлы жүз.
Ақ бетіне пар келмес,
Сарт тоқыған аппақ боз...
Тысқа шықты бұралып,
Тал жібектей оралып,
Айдай балқып нұрланып,
Жұрт көзінен ұрланып...
Кейіпкердің сүйген сұлуына бағбан арқылы кездесуі, кел-
ген  жігіттің  алдына  неше  түрлі  ас  қойып,  қыздың  күтіп 
алғандығы  егжей-тегжейлі  суреттелуі,  көп  қиындықтың  қыз 
сарайындағы  тоймен  бітуі  талай  қиссаларға  ортақ  қалып-
тасқан сюжетке жатады:
Қыз Гүлшат түрегеліп құрмет етті,
Шығарды кілем жайып бəрін төрге...


299
298
Бұларға Гүлшат қойып махаббатты,
Алдына бас келтірді балдан тəтті.
Жемістер дастарқанда неше түрлі,
Жеп қараса бірінен бірі тəтті.
Сам палуанда: 
Мəлике отыр еді күтіп жолын, 
Келген соң ұстай алды Самның қолын.
Жетектеп ордасына алып кірді, 
Үстінен алтын тақтың беріп орын.
Алдына неше түрлі ас келтірді,
Үстіне өз қолымен шашты дүрді.
Жарасып бір  -біріне ықыласы, 
Тамаша таң атқанша мəжіліс құрды.
Ежелгі  əдебиетте  батырды  сүйген  жарының  еліндегі  қа-
йын  атасының  жауларын  жеңіп,  қызды  еліне  алып  қайтуы-
нан  көрінетін.  Ондағы  соғыс  көріністері  де  ұқсас  суретте-
летін. «Гүлшат-Шеризатта»  Шеризат  күшіне  сенген  Алмас, 
Қоймас атты екі алыпты жеңеді.
Алмас батыр Шеризатқа барды жетіп,
Қолындағы қылышы жарқ-жұрқ етіп.
Қаһарланып Алмасты Шеризат шапты,
Өзі түгіл атынан кетті өтіп...
...Ер Шеризат ашуланып бұл да шапты,
Жан қамын Қоймас батыр қылып бақты.
Қоймастың дəу денесі қақ бөлініп,
Тұп-тура жаһаннамда жанын тапты.
Сам палуанда:
Шоқпармен ұрды бірін төрт мың батпан,
Өкіріп аузын ашып құлады аттан.
Бұрылып жəне бірін қағып өтті,
Ентелеп жылдам басып жеткен арттан.
...Шап етіп, шабыттанып қыран құстай,
Омыраудан екеуін де алды ұстай.
Бастарын соғыстырып, миын жарып,
Өлтіріп замандасын етті пұштай.
Сондай-ақ, «Гүлшат-Шеризаттағы»  батырды  қойға  кірген 
аш қасқырға теңеуі – ежелгі əдебиетімізде, кейінгі қиссалар-
да  да  жиі  ұшырасатын  тұрақты  көркемдеу  тəсілі.  Шеризат 
үшін қыз əкесі Парахзаттың кінəсі ауыр. Оны өлтірмекке бел 
байлаған  Шеризатты  Гүлшат  тоқтатады.  Осы  жерде  қисса-
дан  «Мың  бір  түн»  ертегілерінің  дəстүрі  айқын  көрінеді. 
«Мың  бір  түн»  дəстүрі  бойынша,  жазаланғалы  тұрған  адам-
ның  тағдыры  ғибратты,  қызықты  əңгімеге  ауысатын.  Əңгі-
мені  айтып,  патшаның  не  басқа  кейіпкердің  ашуын  басушы 
жазалының өзі, болмаса оның жақын адамы болады. Сөйтіп, 
бір  əңгіменің  ішінен  жалғамалы  бірнеше  əңгімелер  туын-
дап  кете  береді.  Мұндай  тəсілді  айтушылар  оқиғаны  қы-
зықты  ете  түсу  үшін  пайдаланған.  Мысалы, «Жын  мен  ба-
лықшы»  тағы  басқа  көптеген  ертегілерінде  осы  əдіс  пай-
даланылады.
«Гүлшат-Шеризатта» Гүлшат екі əңгіме айтады, бірі 9 күн 
айтылады  (оның  мазмұны  белгісіз,  хабарланып  қана  қояды). 
Екінші  əңгімесінде  Маһиасар  мен  Маһиманзалдың  қосы-
луына  кесір  болған  Ақтар-Аярдың  оқиғасы  баяндалады. 
Гүлшаттың  екінші  əңгімесі  жазба  əдебиет  стилін  аңғартса, 
біріншісіндегі  ғибрат  сөздері  ауыз  əдебиеті  стилінде  жыр-
ланған:


301
300
Қатесіз пенде болар ма?
Бір қалыпты адамзат,
Біле білсе тұрар ма?
Қысылғанда сүйер болсаң,
Тəңірім бізді демесін.
Жан жолдасым шырағым,
Енді кімге бересің?
Дастанның  соңы  Парахзаттың  кінəсі  кешірілгенімен,  ав-
тордың ғибрат айтуымен аяқталады.
Мəшһүр Жүсіптің «Гүлшат-Шеризатының» бір ерекшелігі 
–  ғашықтар  бірін-бірі  түсінде  көрмейді.  Жігіт  қыздың  өзін 
көріп ұнатады.
Қорыта  келгенде,  дастанда  ежелгі  əдебиеттен  жалғасып 
келе  жатқан  əділдік  пен  жауыздықтың  күресі  əділдіктің 
жеңісімен аяқталады.
Əсет  Найманбаевтың  «Ер  Шеризат»  қиссасы  «Гүлшат-
Шеризатпен»  мазмұндас.  Екі  ақынның  екеуінің  де  қиссасы 
кітап  болып  басылмағандықтан,  бір-бірінің  жазғанын  оқып-
білмеген  болуы  керек.  Білген  жағдайда,  ондай  ірі  ақындар 
пəлен  жерден  көрдім  деп  айта  кетсе  керек  еді.  Екеуі  де 
қиссаның  сюжетін  араб,  парсы  нұсқаларынан  алған.  Оны 
қиссаның соңындағы:
Бұл қисса тамам болды мұныменен,
Өлең қып мəселенің түріменен.
Шығарып парсы сөзден өлең қылдым,
Қазақтың əңгімелі тіліменен, –
деген жолдар да растайды. Əсеттің «Ер Шеризат» қолжазба-
сы Қазақстан Ғылым академиясында сақтаулы (1638).
Екі дастанды салыстыра оқып шыққанда, бастапқы алын-
ған  нұсқалары  бір  болғанымен,  əр  ақын  өзінше  жырлаға-
нын байқаймыз.
Əсет  дастанның  бас  жағын  кеңейтіңкіреп  алып,  балаға 
зарығу  желісіне  көбірек  көңіл  бөледі.  Мəшһүр  Жүсіп  дас-
танының  оқиғасы  шашыраңқы  болып  келетін  тұсы  жалға-
малы  «Маһиасар  мен  Маһиманзал»  тарауы  болса,  Əсет  дас-
танның  бастапқы  кезінде  Кəркенші  патшаның  (Мəшһүр 
Жүсіпте – Кəркін)  бала  қайғысымен  ел  аралап,  əулиелерге 
түнегенін,  түсінде  Қызырдың  аян  беріп,  ондағы  болатын 
жайларды  күн  ілгері  білдіргенін  ұзақ  айтып  кетеді.  Ол  тұс-
тары əсерлі шықпай қалған.
Авторлардың  дастанның  атын  қалай  қойғандығынан-
ақ  олардың  осы  шығарманы  қолға  алғандағы  түпкі  мақсаты 
аңғарылса  керек.  Мəшһүр  Жүсіптің  «Гүлшат-Шеризатында» 
негізгі  мақсат – шығыс  қиссаларындағыдай  махаббат,  сү-
йіспеншілік  жайын  жырлау  болса,  Əсет  Шеризатты  ел  қор-
ғаны,  батыр  етіп  көрсетуге  тырысады,  оның  ерлік  істерін 
алдыңғы  қатарға  шығарады.  Сол  себептен  де,  Əсет  өз 
қиссасында  сексен  мың  қолмен  Бағдатты  басып  алуға  кел-
ген  Үнді  əскерінің  соғысын,  сондағы  Шеризаттың  ерлігін 
суреттеуге айырықша мəн береді. Осылайша Шеризаттың ер 
екені Гүлшатқа бармай тұрып-ақ көрінеді:
Ерлігі Шеризаттың байқалғандай,
Шеризат жаудың бетін қайтарғандай.
Зəңгіні ат үстінен жұлып алды,
Шын қыран тырнағынан қан тамғандай.
Аспаннан жарқ-жұрқ етіп жай түскендей,
Қара жер сықырлады шайқалғандай.
Ерлігін екі жақ та тұрды сынап,
Маңына бара алмады адам шыдап.


303
302
Əсет қиссасының ең бір елеулі айырмашылығы – Мəшһүр 
Жүсіпте  қастандық  жасаушы  Парахзатқа  Шеризат  кешірім 
етсе,  Əсетте  керісінше,  жаза  тартқызады.  Мұнда  М.Жүсіп-
тегідей  жалғамалы  тарау  жоқ.  Кінəліні  жазалаушы  халық 
болады.  Халық  образы – алдыңғы  қиссада  айтылмаған  жаңа 
образ:
Бақшаға амандаса келіп жатыр,
Бейшара Бағдаттың адамдары.
Келіпті Бағдаттың кəрі-жасы,
Шамасы ол да келді елдің басы.
Халайық падишаны байлап келді, 
Ғазазіл шайтан ғой деп іш-анасы.
Мойнына арқан тағып жетектеген,
Көрген адам ұрады кесекпенен.
Сөйтіп,  ақын  жауыздықты  жазалау  арқылы  дастанның 
ойын басқа қырынан аша түседі.
Əсет,  сонымен  қатар,  оқиғаның  ізімен  баяндап  шығуды 
ғана  мақсат  етпей,  дастанның  көркемдік  жағына  көбірек 
мəн  береді.  Дастан  тікелей  ақынның  өз  қолымен  жазған 
күйінде  жетпесе  де,  Əсеттің  ақындық  таңбасы  аңғарылып 
отырады.  Мысалы, «Гүлшат-Шеризатта»  Кəркін  патшаның 
өлімі  хабарланып  қана  өтсе,  Əсет  оны  айшықты  жекелеген 
өрнектермен ажарлай түседі:
Ел жырлар ханның ойлап мейірбанын,
Сыйлаған Бағдаттың мың мен санын.
Тауысып тамам сөзді болғаннан соң,
Аһ! – деп бір лебізден шықты жалын.
Шыбын жан бір-ақ түтін бу секілді,
Жан тізбек ағып жатқан су секілді.
Сонымен тағдыр жетіп хан жөнелді,
Жығылған алтындайын ту секілді.
Мұндай  бейнелі  жолдар  қыз  Гүлшаттың  ішкі  жан  дүние-
сін  суреттеген  жерлерінде  де  əсерлі  көрінеді.  Керуенмен 
келе  жатқан  Шеризатты  Ирамбақтың  мұнарасынан  бақы-
лап тұрған Гүлшаттың ойы былай суреттеледі:
Келеді бау-шарбаққа туар беттеп,
Көшпелі керуендей түйе жектеп.
Не қылған жан екен деп қарап тұрды,
Тырнағын жолбарыс қой жұмған бүктеп.
Осылар не болмаса білмеген жан,
Əгар білсе, көзіне ілмеген жан.
Бір ғаламат бар екен ойларында,
Бұл қалайша кеудесін сүйреген жан?!
Қорыта  келгенде, «Ер  Шеризат»  қиссасы  Əсет  шығар-
машылығын  ақындық  шебер  өрнегімен  жаңа  бір  қырынан 
аша танытатын шығарма екені сөзсіз.
«Шеризаттың»  үшіншісі – Пекинде  басылған  «Ер  Бек-
зат»  қиссасының  жалпы  құрылысы  мен  оқиғасы  «Ер  Ше-
ризатқа»  ұқсас  (Қабыл  Мұқыш  ұлының  жатқа  айтуынан). 
Қисса  қазақ  өміріне  жақындата  алынған.  Мұрат  деген  бір 
кедей  шалдың  ұрпағы  болмағаны,  Құдайдан  сұрап  алған  ба-
лаға Бекзат деп ат қойғаны, Бақытнұр патшаның жалғыз қы-
зы Гүлсімге ғашық болуы айтылады (М.Жүсіптегі Гүлшат).
Патша  алтыннан  сарай  салғызып,  айналасын  қырық  кез 
биік  қорғанмен  қоршап,  арыстан  мен  айдаһардан  күзетші 
қойған  екен.  Бір  күні  қыз  түс  көреді.  Түсінде  батыстан  бір 
жұлдыз ағып түсіп, арыстан мен айдаһарды өлтіреді. Балшы 
қыз: «Бұл  жұлдыз  сені  іздеп  келген  асыл  зат,  енді  қашсаң 
да  құтылмайсың», – дейді.  Осы  сарайда  Бекзат  пен  Гүлсім 
ханша  қосылып,  жүріп  жатады.  Патша  қызына  Байғалам 
патша құда түсіп қойған екен, соғыс ашады. Соғыста ер Бек-


305
304
зат  еліне  жеңіспен  оралады.  Бақытнұр  патша  елін  жиып,  бір 
мың  қой,  бес  жүз  жылқы  тойға  сойып,  қырық  күн  той  жа-
сайды. Той аяқталған соң Ер Бекзат:
Гүлсім атты жарымыз,
Басылар ма екен зарымыз?!
Ел-жұртыма қайтайын,
Бұған құлақ салыңыз, – дейді.
Еліне аман-есен келіп, ата-анасын тауып, амандасады. Бұл 
тұсы жыр-дастандар қалыбынан шыққан.
Осыдан  кейін  елін  жұтпақшы  болған  айдаһармен  соғы-
сып, жұртын азат етеді. Еліне патша болады.
Бұл  қиссада  негізгі  тұлға – Ер  Бекзат.  Қалған  оқиғалар 
осы бейнені жан-жақты толықтыру үшін алынған. 
«Ер  Шеризат»  пен  «Гүлшат-Шеризаттың»  тағы  бір  нұс-
қасы – «Қарқабат» (Б.Бектұрғанов нұсқасы). 1870-1880 жыл-
дарда  хатқа  түскен. 1990 жылы  Б.Əзібаеваның  алғы  сөзімен 
жарық  көрді  (Дастандар. 1990). «Қарқабаттың»  оқиғасында 
оның  екі  уəзірінің  аты – Дана  жəне  Зұлмат  болып  берілген. 
Олардың  аттарынан  көрініп  тұрғандай,  бірі – мейірбан, 
екіншісі – жауыз  уəзірлер  еді.  Анасынан  туа  жетім  қалған, 
шері  асырап  өсірген  бала  Шеризат  мұнда – Шерқуат.  Қыз-
дың  аты – Құндызша.  Оқиға  Үрім,  Мысыр  қалаларына  қа-
тысты болып, зəңгілер араласады. Қапал, Сапал, Айпар, Жап-
пар  палуандар,  Мəпия  сақау – алдыңғы  қиссаларда  кездес-
пейтін тың кейіпкерлер.
Дастан  əдемі  тілмен,  көркемдік  кестелі  сөздермен  өрнек-
телген, əсерлі оқылады:
Гауһардай көзі жарқырап,
Құндызша нұрын шашады.
Қиғаш қасы сызылып,
Тартқандай сымға жасады.
Қара көз, кірпік сүрмелей,
Нұрына нұрын қосады.
Адамзаттан бөлекше,
Үрі мен пері болмаса,
Ақылдан адам адасар,
Бетіне келіп қараса.
Бұл  дастан  Əсет  пен  М.Жүсіпке  қарағанда,  таза  қазақ 
жырларына жақын стильде жазылған деген ойға келеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет