Алма Қыраубаева шығыстық Қисса-дастандар


«Патшаның  ұлы  Əбділмəлікте»



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата03.03.2017
өлшемі1,39 Mb.
#7010
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

«Патшаның  ұлы  Əбділмəлікте»  бір  патшаның  қызы 
терезеден  қарап  тұрып,  ұясы  өртенген  кезде  тотының  еркегі 
қашып кеткенін көріп, күйеуге шықпайды:
Ағаштың төбесінде жүрді тоты,
Шалады бұл тотыны өрттің оты.
Еркек тоты жоламай, қашып кетіп,
Ханшаның мұны көріп кетті құты.
Ханшаға  ғашық  болған  ханзада  қыз  сарайына  бұған 
қарамақарсы мағынадағы сурет салдырады. Онда:
Байқамай суға кетті екі лақ,
Артынан ата киік түсті жылап.
Ұрғашысы анадай жерге барып,
Ғажаптанып тұрады шыдап қарап.
(Дастандар.1990-I-214).  Бұл  суреттен  ғибраттаған  ханша 
– хан-задаға күйеуге шығады. 
«Ғаяр  қатынның  оқиғасы»  «Жеті  уəзір,  бір  кəнизəкта-
ғы» – «Екінші уəзірдің əңгімесімен» («Мың бір түн») бірдей. 
Кедейшіліктен  құтылу  үшін  зинақор  еркектердің  алдап, 
масқаралаған  сұлу  əйелдің  оқиғасы  айтылады.  Жырды  Сая-
діл  Керімбеков  Қозыбағар  ақынның  айтуынан  жазып  алған 
(Дастандар.1990).
Кедейленген  Базарқанның  сұлу  əйелі  ниеті  қара  қасап-
шының  алдап,  ақшасын  алады.  Шай  беріп  бола  бергенде, 
жолаушылап кеткен күйеуі келіп қалған болады. Қасапшыны 
бесікке  жатқызады.  Күйеуіне: «Сен  кеткелі  сегіз  жылдай 
болды  ғой,  мынау – сондағы  іште  қалған  бала,  мешел  боп 
жатыр», – дейді.
Бесіктің бетін ашса көзін жұмып,
Қападан қасап жатыр өлейін деп.

265
264
Базарқан: «Баламыздың  сақал-мұрты  өсіп  кеткені – ұят», 
–  деп  сақалын  қырып,  енді  етін  сылып,  кеспекші  болғанда 
қаша жөнеледі:
Арқалап ағаш бесік арқасына,
Қақпаның өзін таппай қатты састы.
Бесікті арқасынан лақтыра сап,
Қораның қақпасынан қарғып асты.
Одан соң сақалшы Қасымақын дегенді «күйеуі келіп қал-
ған  кезде»  есіктің  бұрышына  отынның  астына  жатқызады. 
Күйеу білмеген болып отынды жаққан кезде:
Быжылдап сақал-мұрттан түк қалмады,
Күйбеңдеп сақал байғұс неғып жатыр!
Жанынан жалын өтіп баратқан соң,
Орнынан қарғып тұрып қашты батыр.
Соңында Қазының өзін бұзау сияқты қазыққа байлап қоя-
ды. Əрең қашып құтылады.
Бұл  дастанда  «əйел  мекерлігі»  əзіл-күлкімен  берілген. 
Қызықты оқылады.
«Тотынама»  сюжеттеріне  ұқсас  келетін  дастанның  тағы 
бірі – «Мұрат  Салих  пен  Мағырипа»  (Қазақ  қиссалары. 
1986-6). Біраз оқиғалары «Рауа бануға» ұқсас. Мағырипа атты 
Түркістан  шаһарында  Мұрат  Салих  деген  бай  саудагердің 
сұлу  əйелінің  басынан  өткен  қиын  күндері – қиссаның  не-
гізгі желісі болады.
Мұрат Салих інісі Басажға бас-көз бол деп, əйелін тапсы-
рып, қажыға кетеді. Аз уақыт өткен соң Басаж жеңгесіне ға-
шық  болады.  Жеңгесі  қайнысының  бұл  масқарасына  шыдай 
алмай, үйден қуып шығады. Өшіккен Басаж қаладан төрт жі-
гіт тауып, төрт алтын ақша береді, бұларды айғақ қылады. 
Басаж  қазыға  шағынып: – Жеңгем  бойдақтармен  зина 
қылады, айғағы – мына төрт жігіт, – дейді.
Қазы төрт жігіттің сөзіне иланып, таспен атуға бұйырады. 
Түннің  бір  уақытында  мылаж-мылаж  болған  Мағырипаны 
түйе  мінген  бір  адам  үйілген  тас  арасынан  тауып  алады. 
Бұл  адамның  аты – Ағраби  еді.  Ол  қарындас  етіп  үйіне 
апарып,  əйеліне  табыс  етеді.  Уақыт  өтіп  Мағырипаның 
сұлу көркі қалпына келеді. Ағрабидің бір інісі бар еді, ол да 
Мағырипаға  ғашық  боп  қалады.  Мағырипа  оған  да  көнбей, 
күйеуін  күтетінін  айтады.  Ашуланған  жігіт  түн  ортасында 
ағасының  емшектегі  баласын  бауыздап,  Мағырипа  ұйық-
тап  жатқан  бөлмеге  тастайды.  Мағырипаның  қолына  қан 
жағып  қояды.  Ертесіне  емшектегі  баланы  іздеп,  Ағраби  мен 
қатыны  Мағырипаның  бөлмесіне  келсе,  өліп  жатқан  баланы 
көреді. «Сен  біздің  түбімізге  жеттің», – деп,  Ағраби  қатты 
қорланады.  Сонда  Мағырипа: «Құдай  куə,  мен  жақсылыққа 
жамандық  істемеймін», – деп  Ағрабиды  нандырады.  Ағраби 
əйелім  өштесер  деп,  қолына  бір  мың  алтын  беріп  Мағыри-
паны жолға салады.
Шерлі  болған  байғұс  жүре-жүре  дар  алдындағы  адамды 
қарызынан  құтқарады.  Ол  жақсылыққа  жамандық  қылып, 
Мағырипаның  өзін  кемешілерге  сатып  жібереді.  Ақыры, 
əйелге  таласқан  жігіттер  бірін-бірі  суға  лақтырып,  кемедегі 
мол  қазынаға  ие  болып  қалады.  Жағаға  шығып,  бір  патша-
ға кемедегі қазынаны сыйға тартып, тұрып қалады.
Осы  кезде  Мұрат  Салих  қажыдан  оралады.  Келсе,  əйелі 
жоқ,  інісінен  сұраса, «Оңбаған  жеңгем  зинақорлық  жаса-
ған соң, қазынаның əмірімен өлтірдік», – дейді.
Бұдан  ары  оқиға  «Рауа  бануға»  тым  ұқсас.  Мағырипаға 
қастандық  жасаған  қайнысы  мен  жардан  аман  қалған  жігіт 
аурулы  болып,  Мағырипа  емдеп  жазады.  Қылмыстарын 
мойындатып, күйеуіне қосылады.

267
266
«Шаһнама»  сюжеттері.  «Шаһнама»  сюжеттерінің  қазақ 
əдебиетіне  келуінің  тарихы  əріде  жатыр.  ХІ  ғасырда  жа-
зылған  «Құтты  білікте» (Баласағұни) «Шаһнама»  кейіпкер-
лері  ауызға  алынады.  Ал  ХІV  ғасырдағы  түрік  поэзиясынан 
Фирдоуси  танымал  ақын  болып  көрінеді.  Рүстем,  Науша-
руан,  Фридундар  айшықты,  бейнелі  сөздермен  мақталады 
(Мысалы, «Махаббат намада»). Аса құрметпен аталады.
«Шаһнаманың» Орта Азияға таралуына оның (1218-1215) 
əдебиеттегі  «Шаһнамадан»  түскен  жарықты  өшіруге  тырыс-
қан  біздің  кеңестік  заманымыз  болды.  Əсіресе, 1836-1870 
жылдардағы  Ораз  молда, 1886 ж.  Сердалы, 1901 ж.  Хасан 
молдалардың  «Шаһнаманың»  аударма – қазақша  нұсқала-
рын  жазуы,  Мұхаметжан  Сералиннің  «Айқаптағы» «Рүстем 
–  Зорабы»,  т.б.  көптеген  еңбектер – «Шаһнаманың»  қазақ 
арасында таралуының куəсі (Күмісбаев Ө., 1994).
Фирдоусидың  мыңжылдық  мерейтойына  байланысты 
«Шаһнаманың»  қазақша  нұсқасын  жасаған  Тұрмағамбет  Із-
тілеуов  болды.  Тұрмағамбеттің  жырлауында 40 мың  жол 
өлең қағазға түсіп, бір-ақ бөлімі – соның жартысына жуығы 
ғана «Рүстем-Дастан» деген атпен 1961 жылы басылып шық-
қан  болатын.  Басылымның  алғы  сөзінде  М.Əуезовтің  оған 
қандайлық баға бергені əдебиетшілер қауымына белгілі.
ХХ ғасырдың бас кезінде «Шаһнама» желілерін негіз етіп 
алған  қисса-дастандар  туады: «Шаһнама»  сюжеттерінің  ол 
қиссалармен  қаншалықты  нақты  сəйкес  келетіндігін  өз  ал-
дына  зерттеуді  қажет  ететін  үлкен  жұмыс  деп  білеміз.  Қа-
зіргі  күнде  олардың  бас-аяғын  жинақтап,  жүйелеп,  ауқы-
мын,  мазмұнын,  бағыттарын  білу  мəселелері  де  атқары
луға тиісті қыруар шаруалардың бірі.
«Шаһнама»  сюжеттерінің  желісіне  жақын  келетін  дас-
тандарға: «Қисса  Баһрам», «Еренғайып  (Иранғайып)  шаһ 
Ғаббас», «Мұңлық – Зарлық», «Шəкір – Шəкірат», т.б. жатқы-
зуға  болады.  Бұлар 1986-1995 жылдары  Ү.Сүбханберди-
наның  құрастыруымен  екі  рет  жарық  көрген. (Қисса  дас-
тандар. 1986; батырлық дастандар. 1995).
«Баһрам»  қиссасында  (1908, 1912. белгісіз  туындыгер-
дікі)  Пері  қызы – Гүлəндам  сар  далада  киік  болып  мұ-
нарланып,  көрген  кісіні  есінен  адастырады.  Баһрам  киік 
болған  Гүлəндамды  қуа  келіп,  оның  суретін  көріп  ғашық 
болуынан  оқиға  дамиды.  Дастанды  оқи  келе  ойға  оралған 
нəрсе,  бұл – шығарманы  түгелдей  ғашықтық  жырлар  қата-
рына жатқызғанға қосылар едік. Өйткені, туындыгер дастан-
ды бастау кезінде-ақ айтқалы отырған тақырыбының ғашық-
тық  мəселесі  екенін  ашып  жазады. «Дүниеде  жеті  ғашық 
бар: бірі – Жүсіп пен Зылиха, екіншісі – Лəйлі мен Мəжнүн, 
үшіншісі – Ғабділмəлік,  төртінші – Зияда  мен  Шаһмұрат, 
бесінші – Ғайын – Жамал, алтыншы – Құсайын мен Шаһар-
бану («Дариға қызды» айтады):
Жетінші ғашық болған Ер Баһрам,
Өз əкесі – Үрүмде Ұлғаш хан, – дейді. 
Ендеше, «Баһрам-Гүлəндамды»  ғашықтық  дастанға  жат-
қызған  дұрыс  болар.  Ал,  Баһрамның  асқан  ерліктері – оны 
жер  шетіндегі  пері  қызын  алуға  лайық,  мінсіз,  əсерлі  кейіп-
кер жасау жолындағы əрекеттер.
Енді  «Баһрам»  қиссасына  негіз  болған  «Шаһнамадағы» 
«Баһрам»  баянын  алатын  болсақ  (Фирдоуси. 1964. Сказ.  о 
Баһраме),  іс-əрекетті  үш  бейне:  Баһрам – Үрүм  қызы  Азаде 
– киік арқылы дамиды. Азадені Баһрам аңға бірге алып шы-
ғады.  Садағын  қолына  алып,  қашып  бара  жатқан  құралайды 
көздеп,  Азадеге: «О,  айым,  мыналардың  қай  жерінен  тигі-
зейін?», – дейді.  Азаде: «О,  арыстаным,  қарақұйрыққа  оғын 

269
268
қай  жігіт  тигізбейді  дейсің,  ол  аса  мақтаныш  болмас.  Əуелі, 
киіктің  еркегін  ұрғашы  қылып  бер.  Тағы  бір  жебеңді  жай 
оғындай  зымыратып  жібергенде,  қарақұйрықтың  құлағының 
түбінен  зу  ете  түссін.  Қарақұйрық  аяғымен  құлағын  қаси 
қалар. Сол кезде екінші оқпен құлағы мен аяғын иығына тіге 
қой», – дейді.
Бұған  тіксініп  қалған  Баһрам,  сыр  бермей,  екі  жебені 
қатарлай  салып,  көздеп  тұрып  тартып  қалғанда,  əп-сəтте 
киіктің  екі  мүйізін  жоқ  қылады.  Келесі  тартқанда,  құралай 
құлағын  қаси  қалып  еді,  енді  бір  оқпен  құлағы  мен  аяғын 
иығына тіге қойды.
Үрүм  қызы  Азаденің  көзінен  парлаған  жас  бетін  жуып: 
«Саған  Құдай  адамнан  бөлекше  қасиет  берген  екен.  Сен 
еркек  емес,  жын  шығарсың», – дейді.  Сол  кезде  Баһрам 
қызды  салып  жібереді.  Жерге  ұшып  түскен  қызды  түйенің 
табанымен  таптап  тұрып: «Ақылсыз  қыз,  осыншама  сынға 
салдың.  Оғым  сен  айтқандай  қарақұйрыққа  тимей  кетсе, 
нетер едім. Бүкіл үрім-бұтағыма таңба болатын еді», – дейді.
Осыдан  былай  Баһрам  аңға  əйел  алып  шықпайтын  бо-
лыпты.  Шығыс  салтындағы  аң  аулауға  əйел  алып  шықпау 
себебін Баһрам оқиғасы тиянақтай түсті.
Баһрам  жайындағы  қазақ  қиссасы  «Шаһнамадағы»  Баһ-
рамныңүш  объектісі:  Баһрам – Үрүм  қызы – Киікті  алады 
да,  оны  белгілі  ғашықтық  дастандардың  құрылы  жүйе-
сіне  салады.  Бірақ, «Шаһнамадағы»  батырлық  іздері  сақта-
лады:
Аң аулайын деп бір күн шықты аңға,
Көрді де бір киікті, қалды таңға.
Безенткен гауһар таспен үсті-басын,
Ұмтылады салайын деп батып санға.
(Батырлық  дастандар. 1995-128). Ары  қарайғы  оқиға: 
Баһрамның  Гүлəндамды  іздеп  шығуы,  түсінде  көруі,  Гүлəн-
дам  Ирамбақтағы  пері  қызы  болуы,  диюмен  соғысуы,  теңіз, 
керуен  оқиғалары  «Сейфүлмəлікке»  ұқсас  болып  кеткен. 
Сондықтан  «Баһрам  қиссасын»  тек  қана  «Шаһнамаға»  сү-
йеніп жазған дей алмаймыз, əділдігі: «Шаһнама» жəне «Мың 
бір түн» сюжеттерінен алынған.
Баһрам  бейнесін  Фирдоуси,  Низами,  Деклеви,  Науаи, 
Сайқалилер  жасаған.  Науаидың  атақты  «Фархад – Шырын» 
дастанында  Баһрам – негізгі  қаһарман  Фархадтың  досы. 
Фархадтың  өлімін  есітіп,  досы  Баһрам  Арменияға  келіп 
Шируяны  жеңеді.  Арменияда  біраз  патша  болып,  елдің  қа-
мын  жасаған  соң,  тағын  Мехин  Бануға  беріп,  өзі  дүние-
ден  баз  кешіп,  Фархадтың  моласының  маңайында  өмір  сү-
реді.  Кейіпкердің  ел-жұрттан,  пендешіліктен  алыстап,  оңа-
шалануы  əдебиетте  бұған  дейін  де  болған  (Одғұрмыш, 
Йассауи).
Науаидың  «Хамсасындағы» (Бес  кітап)  төртінші  дастан 
«Жеті  аруда» (1484) Иранның  сасанидтер  дəуіріндегі  пат-
шасы  Варахранның (421-438 жж.  патша  болған)  өміріне 
қатысты  сюжеттер  алынған.  Қазақтың  «Қисса  Баһрамы-
нан»  көп  өзгеше.  Əзірге  қай  нұсқадан  алынғандығы  анық 
емес.  Сайқалидың  «Баһрам  ва  Гүландамынан»  таныс  болуы 
мүмкін (Күмісбаев Ө., 1995-183).
Науаида  қыздың  аты – Диларам.  Аңға  шығып  бара  жат-
қанда, жолда бір байғұс кезбеге жолығады (Мани). Ол қытай 
жұртында  асқан  сұлу  бір  қыз  бар  екенін  айтады.  Патша 
адамдарын  жіберіп,  сатып  алады.  Патшалығының  бар  мə-
селесін бетімен жіберіп, қыз қасынан шықпайды.
Оқиғаның  негізгі  өзегі – «Шаһнамадағыдай»,  Диларам-

271
270
ның  Баһраммен  бірге  аңға  шығуы.  Диларам («Шаһнамада» 
–  Азадэ)  алдында  мергендігін  көрсетіп,  мақтанған  Баһрам-
ды  тəкаппар  сұлу  қолдай  қоймайды.  Күнде  аңшылық  құрып 
жүрген  кісіге  қиын  ба? – дейді.  Сол  арада  Баһрам  патша-
лық  намысына  тиген  қыздың  қолын  өзінің  қолаң  шашы-
мен  байлап,  айдалаға  тастап  кетеді.  Артынша  ашуы  қайтып, 
іздесе, таба алмайды.
Баһрамды қайғы басып, түрлі-түсті жеті сарай салдырып, 
жеті сарайға жеті патшаның жеті аруын отырғызып қойса да, 
көңілі  толмайды.  Жеті  ертегішіге  кезек-кезек  əңгіме  айтқыз-
са  да,  қайғыдан  арыла  алмайды.  Қисса-дастан  дəстүрі  бо-
йынша,  ғашық  кейіпкер  жеті  теңізге  түсіп,  зəңгілер  еліне 
келіп, т.б. жеті қиыншылықты, азапты басынан өткізу керек. 
Науаи  өз  кейіпкерін  алыс  сапарға  жібермейді,  бірақ  жеті  са-
райға  түнеген  Баһрамның  жан  арпалысы,  көңіл-күйі  соның 
бəріне  теңдес  келеді.  Ертегішілердің  айтқан  əңгімелері  оқи-
ғаны  қоюландырып,  молайта  түседі.  Жетінші  əңгімеші  Хо-
резмде  күй  аспабын  керемет  шертіп,  əн  салатын  бір  қыз  ту-
ралы  айтады.  Ол  Дилорам  болып  шығады.  Екеуі  қайта 
қосылады,  бірақ  аңшылық  құрып  жүріп,  құлан  қуып  кеткен 
Баһрам қайта оралмайды (Наваи Алишер., 1978-162).
Баһрам оқиғасы қазақ оқырманына осылайша тараған.
«Шаһнамадан»  тараған  қалыпты  желілердің  бірі – əке-
сінен бөлек өскен баланың кейін табысуы. Бұл – атақты Сам 
батырдың  өз  баласын  ақ  шашты,  салпы  ерін  болып  туғаны 
үшін айдалаға апартып тастап, оны (Дастанды) Самұрықтың 
асырап  өсіруі  туралы  желі.  Сондай-ақ,  Дастанның  баласы 
Рүстемнің  Тұран  патшасының  қызы  Таһминаға  ғашық  бо-
лып  үйленіп,  одан  туған  өз  ұлы  Суһрабты  кейін  жекпе-жек-
те  танымай,  өлтіріп  алуы.  Міне,  осындай  əке  мен  бала  ара-
сындағы  оқиға  төңірегіне  құрылған  бірнеше  қазақ  дастан-
дары бар. 
Оның  бірі – «Еренғайып-шаһ  Ғаббас»  (Мұхаммедғали 
Өндір байұлы жазған).
Бұл  оқиғада  қаһарман  (əдетте  патша  не  батыр)  болашақ-
тағы  ерен  ұлының  анасын  жолаушылап  жүріп  кездестіреді. 
Өзінің  патша  екенін  айтпай,  сиыршы  шалдың  ақылды,  дана 
қызын  некелеп  алып,  қасында  бес  ай  тұрған  соң,  қайтпақ 
болады. 
“Ұл туса айтарсың:
Мекенім Асмания шаһарында,
Шаһ Ғаббас падишаның тарапында.
Жетім Ғаббас дейтұғын қайыршымын,
Əкем сол деп іздесе, табар сонда”, –
деп  белгі  ретінде  алтын  медаль  алып  береді. «Ұл  туса, 
Еренғайып ат қоярсың», – дейді (Еренғайып – ғайыптан бол-
ған ер, батыр).
Қиссаның  екінші  бөлімі  Еренғайыптың  əкесін  іздеп  шы-
ғуына  арналады.  Екеуінің  бірін-бірі  тануы  дар  алдында 
болады.  Əкесін  іздеп  келген  жерінен,  сол  қалада  Шаһ 
Ғаббастың  уəзірінің  қызы  «қолына  түсіріп»,  еріксіз  ойнап-
күліп  жүреді.  Оны  патша  жасырын  жаман  киім  киіп  келіп, 
біліп  қояды («Мың  бір  түнде»  Халифа  һарон  Рашид  жа-
сырын елін аралайды).
Дар алдында тұрған бала көрген түсін баяндайды:
Қап  тауының  бақшасында  алтын  қапаста  сайраған  екі 
құсты,  гауһар  тақты  көреді («Мың  бір  түнде»,  сол  сияқты, 
дастандарда да оқиға осы алтын-гауһармен өрнектелген тақ-
тың  маңында  өрбіп  отырады).  Тақтан  аждаһа,  одан  соң 
арыстан  ұмтылады,  есепсіз  əскер  шығады.  Соның  бəрі  əлгі 

273
272
екі  құстың  құзырында  болады.  Құс – жын  мен  адамзаттың 
екі  арасынан  шыққан  Шəмшібану  деген  қыз  екен.  Əкесі – 
Тайырмəлік. 
Осыдан  соң  Еренғайыптың  қиыншылықтары  суретте-
леді.  Ол  əдеттегідей,  теңіз  оқиғасы,  белгісіз  шаһардағы  бел-
гісіз  қызды  құтқару («Сейфүлмəлікте»  дию  қолындағы  қыз. 
«Мың бір түндегі» «Дандан уəзір əңгімелері»).
Ақырында  шаһ  Ғаббас  бұл  жігіттің  өз  баласы  екенін 
біледі.
Падиша мұны есітіп тақтан ұшты,
Баяғы өз жұмысы еске түсті.
«Ай дариға, білмедім, перзентімді», – деп 
Зар жылап, баласының басын құшты.
(Батырлық жырлар. 1995-121). 
Осыған  ұқсас  сюжеттің  бірі – «Ғарып  патша»  (Қазақ 
қиссалары. 1986-ІІ).  Бұл  қиссада:  Елін  бейбіт  басқарған 
Қандем  деген  патшаның  кəнизəгінен  туған  Ғарып  туралы 
əңгіме  болады.  Қандем  патшаның  бəйбішеден  туған  тентек 
баласы  əкесін  өлтіріп,  патша  болады. «Əкеңнен  қалған  тағы 
бір  ұрпақ  бар  екен,  сол  сенен  кек  алады», – дегенге  барлық 
əйелдер  мен  кəнизəктерді  жинап  алып,  тексереді.  Аяғы 
ауыр  кəнизəкті  екі  жендет  алып  кетеді.  Біраз  оқиғалардан 
соң,  қамыстың  қалқасына  тығылған  кəнизəк  əйел  аман 
қалып,  елсіз  жерде  босанады.  Аңға  шыққан  Мардас  əкімге 
жолығып,  оған  күйеуге  шығып,  бір  бала  табады.  Атын 
Саһум қояды. Ғарып пен Саһум қатар өседі. Бір күні Мардас 
қонаққа  кеткенде  оның  Мариям  деген  қызын  Мажин  хан-
ның  Жамал  деген  ұлы  жасақпен  келіп,  алып  қашып  кетеді. 
Ғарып  Саһумды  ертіп  жаудың  артынан  қуып  барып  Ма-
риямды  алып  қалады.  Мариям  Мардас  əкімнің  алғашқы 
əйелінен  туған  қызы  еді,  оған  Ғарып  ғашық  болады.  Бұл 
жайды естіген Мардас əкім Ғарыпты өлтірмек үшін: «Алыс-
та  зеңгілерге  барып,  оларды  бағындырсаң,  қызымды  бе-
рем», – дейді.
Ғарып  зəңгілерді  бағындырып,  оның  тұтқыны  болған 
елдерді  азат  етеді.  Сол  азат  еткендердің  ішінде  түрік  ханы 
Шафурханның  қызы  Пахара  да  бар  еді.  Ғарып  Пахараны 
Шафурханға  апарады.  Риза  болған  Шафурхан  той  жасап, 
қызын Ғарыпқа береді.
Тағы бір соғыста Ғарып Мұратша деген батырмен жекпе-
жекке  шығады.  Ғарып  Мұратшаны  зорға  жеңіп,  оны  байла-
тып тастайды, Мұратшадан жөн сұрайды. Сөйтсе, бұл бұдан 
20  жыл  бұрын  Пахарадан  туған  бала  екен,  сол  жерде  жы-
ласып  көріседі.  Ғарып  Пахарамен  де  кезігеді.  Ең  соңында 
бір  елге – Саһум,  Мұратша – бір  елге,  ал  Ғарып  күллі  Азия 
еліне патша болады.
Қазақ  арасына  кең  тараған  «Мұңлық – Зарлық»  қиссасы 
да осы желімен жазылған.
«Шаһнаманың»  əдебиетте  танымал  екінші  бір  желісі – 
өгей  шешенің  ғашықтығы  мен  қырсығы. (Суһраб  пен  өгей 
шеше  Судабе. «Қисса  Жүсіпте» – Зылиханың  Жүсіпті  зын-
данға салдыруы).
Осы  желі  бойынша  жазылған  қазақ  қиссаларының  бірі – 
«Шəкір – Шəкірат». Қиссада «Жүсіп–Зылиха», «Жұмжұма» 
сияқты  бірнеше  сюжет  желісі  аралас  келген.  Бұл  қисса 
«Бақтиярдың қырық бұтағына» кіреді. Оны:
Бақтияр тек отырып зар еңіреген,
«Ғаріп басым жалғаннан өттім», – 
деген сөзінен аңғарамыз. 

275
274
«Шəкір – Шəкірат» 1840-1916 жылдар  арасында  оннан 
астам  рет  баспа  бетіне  шыққан,  сондықтан  қазақ  арасына 
кеңінен  тараған.  Одан  басқа  қолжазба  нұсқалары  да  бар 
(Қисса-дастандар. 1986-329).
«Шəкір – Шəкірат»  оқиғасында  һашым  патшаның  əйелі 
өліп,  екі  ұлы  жетім  қалғаны  айтылады.  Кейін  алған  жас 
əйелі  қырсық  боп  жабысады.  Шəкірат  аңға  кеткенде,  өгей 
шешесі Шəкірге:
Сен маған лайықсың, айналайын,
Қартайған сұм əкеңді не қылайын. 
Сұм əкеңе у беріп өлтірейін,
Не қылсаң да қасыңда мен тұрайын.
Көнбеген  Шəкірді  патшаға  жамандап,  өлтіртпек  болады. 
Жендеттер  оны  аяп  босатады  да,  қойдың  қанына  көйлегін 
былғап, «өлтірдік», – деп,  патшаға  алып  барады  (Жүсіптің 
көйлегін  қанға  былғап  Жақып  пайғамбарға  алып  барған 
ағаларын еске алайық).
Жалаңаш  қашқан  Шəкір  жолда  аңнан  қайтқан  ағасына 
жолығып,  екеуі  жартас  түбінде  демалып  жатқанда,  жылан 
шағып  өлтіреді.  Қиссаның  өн  бойында  қосымша  əсерлегіш 
қалыптар  қолданылып  отырады.  Ол – «Шəкір – Шəкіраттың 
жылағаны», «Шəкіраттың зары», т.б.
Інісі  өлген  Шəкірат  қаңғып  жүріп  бір  шаһарға  келіп, 
«ысқырған айдаһардың тілін буып», патша болады. Сол ара-
да  бір  кемпір  мен  шал  Меккеге  бара  жатып  жолда  өліп  жат-
қан  Шəкірді  көріп,  тіленіп,  дұға  қылады.  Иса  пайғамбар-
дың  тілегімен  тірілген  Жұмжұма  сұлтанға  ұқсап,  Шəкір  де 
тіріледі.  Айдаһарға  күніне  бір  қыз,  бір  қой  алып  бермекші 
екен. («Қорқыт  атадағы»  Төбекөз  желісі).  Кезегі  кел-
ген қыздың орнына қызша киініп Шəкір кетеді.
Қыз бен қойды айдаһар сорып жұтты,
Шəкір бала қанжарын қарсы тұтты.
Аузынан тигенде сырылдатып,
Құйрығының ұшынан бір-ақ шықты.
Одан  соң  сандық  сүйреп  жүрген  адамнан  сандығын  үш 
түйе  жүкке  сатып  алып,  ішіндегі  сұлу  қызды  көріп  ғашық 
болады.  Көп  қиыншылақтардан  соң,  əкесінің  Шəкір  мен 
Шəкіраттың ақ екеніне көзі жетіп, үшеуі қайтадан табысады.
«Шаһнаманың» үшінші бір кең тараған желісі – Самұрық 
құс  жайындағы  сюжеттер.  Самұрық  көбіне  жағымды  бей-
неде  алынады. «Шаһнамада»  тастанды  баланы  (Дастан) 
асырап  өсіріп,  анадай  қамқорлық  жасайды.  Осы  Самұрық 
құс  бейнесі  қисса-дастандарда  жиі  кездесіп  отырады. («Мə-
лік  хасанда»,  Тұрмағамбеттің  «Тұтқын  қызында»).  Қытай 
қазақтарында  негізгі  қаһарманды  Самұрық  етіп  алған  тұ-
тас дастан да сақталған («Самұрық». Қазақ қиссалары. 1986).
«Қисса Самұрықтың» негізгі ойы – Алланың құдіретіне 
шек  келтіруге  болмайды.  Барша  хайуан-құстарға  ақыл  айт-
қан  кезде  ақылына  күмəн  келтірген  жапалақ  пен  байғызға 
Сүлеймен: «Көздерің күннен жасысын», – деп қарғайды.
Байғыз бен жапалақтың алдауымен Самұрық құс Мағрып 
пен  Машырықтағы  (батыс  пен  шығыс)  бір-біріне  ғашық 
қыз-жігіттің  қосылуына  күмəн  келтіріп,  сынау  үшін  қызды 
алып  кетіп,  тығып  қояды.  Бəйтеректің  басына  ұя  салып, 
бағады.  Енді  оқиғаға  дəстүрлі  «түс  көру»  желісі  араласады. 
Сол  жерде  Шолпан  қыз  əдемі  түс  көреді: «Бір  ханзада  ағаш 
атқа  мініп  келіп,  қызға  үйленген  екен  (бұл – «Мың  бір 
түндегі»  ағаш  ат).  Ханзада  да  түс  көріп,  қыздың  жайын 
біледі.  Тұлпарына  мініп,  қызды  іздеуге  шығады.  Аттың  ша-
бысын  белгілі  эпостық  жыр  үлгісімен  береді.  Кемеге  мініп 

277
276
(Шығыстық  сюжеттердегі  белгілі  «Кеме  оқиғасы»),  бір 
аралға  келеді.  Бəйтеректің  басындағы  ұядан  қызды  көреді. 
Екеуінің кездескен жерін:
От боп жанған секілді, 
Екі дене қабысса.
Ажыраспай қалады,
Бетке-беті жабысса, – дейді.
Сол жерде Шолпан қыз жүкті болып, ұл табады.
Біраз жылдан соң Самұрық Сүлейменге келіп:
Ол қызды бағып жүрмін бір аралда,
Ешқандай көрсетпестен тірі адамға.
Қайткенде екі ғашық қосылмас-ты,
Жете алмас бұл өмірде ол арманға, – 
деп мақтанады.
Сүлеймен: «Қызыңды  алып  кел,  көрейік», – дейді.  Самұ-
рық  құс  нар  түйенің  сүйегіне  салып,  қызды  алып  кеп  түсір-
се, ішінен үш адам шығады. 
Қорытындысында,  Құдайдың  құдіретіне  шек  келтірген 
Самұрық  күлкі  болып,  ұятқа  қалады.  Қиссада  «Шаһнамада-
ғы»  Залды  асырап  өсірген  Самұрық  бейнесі  жалғасын  тап-
қан.
Дəл  осы  тақырыпқа  жазылған  Тұрмағамбет  Ізтілеуовтің 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет