Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
43
Ал Қыпшақтар «Бітімге келісетін болдық, бізге тимейді» екен деп әскерлерін
үйді-үйіне таратып, жайбарақат жата берді. Сол уақытта ала¦дарды жеңген
монғолдар, сау етіп бұлардың еліне жетіп келді. Әскерін таратып жіберген
Қыпшақтар монғолдарға төтеп бере алмады. Бірі Донға, бірі Қырымға қашты. Осы
уақыттағы Қыпшақтардың ханы Қотан
1
орыстарға кеп «маған туған күн саған да
туады, бірігіп монғолға қарсы шығайық» деп өтінді. Орыс князьдары уәдесін
береді. Сол күннен бастап Қыпшақ елінің басқыншылармен ауыр айқасы
басталды.
Бейбіт елдерді қан жылатқан Шыңғысханды суреттегенде, бір қара албасты
құбыжық келе жатқандай қобалжи, алан жұртын сатып кеткен Қыпшақ
хандарының опасыздығын жыр еткенде, қарабет болған жандай көзін жерден
алмай қиналып зар шеккен Қазтуған жырау, толғауының Шыңғысханға тиер
жеріне жеткенінде тіпті зәрленіп кетті. Бауыры қызған бәйге атындай серпіліп
сала берді. Жауына қарсы шыққан орыс, Қыпшақ жауынгерлерінің дәл ортасында
өзі келе жатқандай, қарағай домбырасын дүбірлетіп, көзінен жалын атып, қаһар
төкті.
Орыс, Қыпшақ болып бірігіп, басып алғалы аттанған жауына қарсы шыққанын
жырлағанда ер көңілді батыр жыраудың үнінен мақтанған, қуанышты, адамды
қанды кекке шақырар бір құдіретті саз естілді. Осылай шалқи қалған Қазтуған
Қалқа ұрысын айтқанда кенет «әттең, әттең!» деп күңірене күбірледі.
Бір мың екі жүз жиырма үшінші жылы мамыр айында Днепр өзенінің
жағасындағы Олешья деген жерде орыс, Қыпшақ әскері жиналды. Бұған бар
әскерімен Киев князі Мстислав Романович, Галич Мстислав Мстиславович,
Чернигов князі Владимир Рюрикович, тағы басқа Чернигов князьдары мен
Қыпшақ хандары тегіс келді. Бұдан басқа Смоленскіден, Курскіден, тағы бөтен
орыс жерлерінен көптеген жауынгерлер қосылды. Мұндай нөпір әскер орыс
жерінде бұрын бас қосып көрмеген-ді.
Калка ұрысы деп аталып кеткен монғол, орыс, Қыпшақ қырғынын тарихшы
Рашид-ад-Дин былай деп жазады: «Орыс пен Қыпшақтар дайындалып көп әскер
жинады. Жауының көп екенін көріп монғолдар кейін шегінді. Монғолдарды
қорыққанынан шегінді деп ойлаған Қыпшақтар мен орыстар оларды жиырма күн
соңынан қуды. Кенет монғолдар аттарының басын кейін бұрып алып, қуып келе
жатқан әскерлердің қосылуына мүмкіндік бермей, біразын қырып салды. Бір апта
бойы ұрысты, ақырында Қыпшақ пен орыстар шыдай алмай қашуға мәжбүр
болды. Монғолдар соңдарынан қалмай өкшелеп, қалаларын қиратып, жұртын
бостырып жіберді».
Калка өзенінде орыс пен Қыпшақ әскерінің жеңілуінде анығында екі себеп
болған-ды. Днепрден өтіп сегіз күндей жауын қуған орыс пен Қыпшақ
полктарының арасы тым алыстап кеткен-ді. Осы жағдайдан отыз бірінші мамыр
күні Калка өзенінде тобын жазбай қарсы атой берген монғол әскеріне бұлар бас
қосып қарсы шығатын мүмкіндіктері болмаған. Әйтсе де Галич князі Мстислав
Мстиславович өзімен ала көз Киев князі Мстислав Романовичты хабарландырмай,
Қыпшақтармен бірігіп қан төгіс айқас ашты. Монғолдардың алдыңғы шебін жеңіп,
бас күшіне шабуыл жасады. Ұрыс өте қатты болды. Қан судай ақты. Бірақ бұл
ғаламат айқасты ең алдымен Қыпшақтар бүлдірді, олар ежелгі тәсілі — қашқан
1
Қотан хан — орыс тарихында Котаян хан деп аталады.
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
44
болып жауды ертіп, арттарында күтіп тұрған әскерінің қолына түсіретін әдеттеріне
салмақ боп кейін шегіне бастады. Бір тобы шегініп еді, оған өзгесі асыға қосылды.
Бұны көрген орыс полктері де кейін тым-тырақай босты. Ақырында, соңынан түре
тиген монғолдарға қарсылық істей алмай қалды. Бұл — орыс, Қыпшақ әскерінің
жеңілуінің бір себебі. Екінші себебі орыс князьдарының өздерінің ала ауыздығы
еді. Галич князі Мстислав Мстиславович Қыпшақтармен бірігіп қанды қақпаннан
қалай құтыламыз деп монғолдармен қырылысып жатқанда, Киев князі Мстислав
Романович өзен жағасындағы биіктікте «менсіз сендердің қалай соғысқандарыңды
көрейін» дегендей, өзінің көп полкімен тұрып қалды. Ал жаулары Галич полктары
мен Қыпшақтарды жекелеп жеңіп, енді Киев полктарына келіп тиіскенде, қаптаған
монғолға Мстислав Романович төтеп бере алмады. Адырдың жан-жағынан қоршап
алып, өзіне төнген монғолдармен үш күн айқасқаннан кейін, олардың «өмірлеріңді
сақтап қаламыз» деген сөзіне сеніп екі баласымен жауына берілді. Әрине,
монғолдар алдаған-ды, қолға түсісімен князьді балаларымен бірге ай балтамен
шауып өлтірген. Қазтуған жыраудың: «әттең, әттең!» деп өкінуіне құр ғана
Қыпшақтардың қашқаны емес, монғол қандыбалақтыларының алдауына аңқау
батырлардың талайының көніп, сан ұрыста ұтқызған өкініші де бар еді.
Монғол нояндарының соғыс жүргізу әдісі де, жауын алдап түсіру айласы да
өздеріндей көшпелі ел Қыпшақтардікіне кейде ұқсағанмен, тегінде ерекше
келетін. Монғол әскерінің оннан тоғызы бөтен ұлттардан, өздері жеңген елдердің
жігіттерінен, сатылған бұзық, қарақшылардан құрылған. Бірақ бәрі бірдей темір
тәртіпке бағынған. Темір тәртіп бұл жер сілкінткен қалың әскердің тек өзіне ғана
тән ерекшелігі. Екінші ерекшелігі оның басқа елді шабу, бағындыру, айла-
әдістерінде. Монғолдар бір елді шабар болса, ең алдымен ертөлелерін жібереді.
Олар өрт салмайды, дүние-мүлік тонамайды, тек шабатын елдің адамдарын
өлтіреді, ең болмаса қорқытып қашырады. Сөйтіп, қанқұмарлықтарымен тыныш
жатқан елдің күні бұрын зәре-құтын алады. Содан кейін барып қалың қолмен
шабады. Бұ жолы ештеңені де аямайды. Қолға түскен қаланы өртеп, қиратып,
дүние-мүлкін талайды, тек құлдыққа сатуға, не мал бағуға, өйтпеген күнде өнер-
өрнекке жарайтын шеберлері болмаса, қатын-балаға қарамай қырады. Кешегі
салтанатты қаланың орнына күйреген кірпіш, тас-талқан болған құр сілімтірін
қалдырады. Гүл-гүл жайнаған бау-бақша, жасыл егіні жайқалған ну даланы
құлазыған қу тақырға айналдырады. Содан кейін барып өздері шауып кеткен
жерлеріне жаршыларын жібереді. Олар тығылып қалған адамдар болса,
жасырылған қазына болса, бәрін тауып нояндарына жеткізеді. Әскер басы
баһадурлар осы жаулап алған қала, далаларына әкім етіп өздерінің адамдарын
қалдырады.
Егер қала мықты қамалға айналып, өздігімен берілмесе, монғолдар бекініс
алатын тас атқыш катапульттерін салады. Қамал қабырғалары берік боп тас
атқыштар ештеңе істей алмаса, қалаға кіретін үңгір-ладыз қазады. Сөйтіп,
күтпеген жерден түн ортасында, не таң ата шаһардың ішінен, не бекіністің арғы
бетінен шығады. Аянбай соғысады. Ал, қала халқы тым сақ болып бұндай
жағдайға жеткіздірмейтінін білсе, қаланың жанынан ағып жатқан өзен, дарияларға
бөгет сап, су арнасын өзгертіп, халықты суға тұншықтырады.
Мединаны алғаннан кейін оның белгілі бек, хакім, би, батыр, оқыған
адамдарына рақым етпейді. «Қарсыласпай өздерің берілсеңдер сендерге тимейміз»
деп аналарды қарсылықсыз қолға түсіріп ала қалса да шетінен бауыздайды, тірі
|