Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет18/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
35 
деп атап кеткен. Қыпшақтар он бірінші ғасырдың орта шенінде Днепр өзеніне
келіп жеткен. Өзінің шекарасына келген елді орыс жұрты шаштарының сар- 
ғылттығына қарап «Половцы» деп атаған (Полова — кесілген сабан), ал батыс 
Европа елі — коман деген ат қойған. Бұл жау баққан көшпелі ел көршілес 
жұрттарына қырғидай тиді. Жат соғыс әдістері бұларды өте қауіпті етті. 
Ғасырлар бойы әдеттенген тәсілдері бойынша, жауына жоқ жерден тиіп, 
заматта ғайып болып, үнемі ат үстінен түспей үйренген көшпелі елдің жігіттері 
соғысқа әбден үйренген, ұзақ жорықтарға шыныққан жау жүрек жауынгерлер еді. 
Жасынан садақ атып, арқан тастап баулынған, Қыпшақ сыпайлары ұшып бара 
жатқан құсты жақпен көздемей бір-ақ тартып түсіретін шетінен мерген келетін. 
Бұлардың негізгі қаруы садақ, иықтарына ілгені жебеге толған қорамсақ, қисық 
алдаспан және жау мойнына лақтыратын қыл арқан. Көпшілігі найза ұстайтын. 
Үнемі ұшы-қиыры жоқ жазық далада көшіп жүретіндіктен, дала бүркіттеріндей 
қырағы жаралған. Жауға бұлардан жасырынып қалу тіпті мүмкін емес-ті. Қас 
жағының әскерін көрісімен-ақ бұлар жақтарынан жебені қардай боратып, ат 
қоятын. Қарсы жағы берік болса, қорқып кеткендей жорта кейін шаба жөнелетін. 
Қашқан Қыпшақтарды жауы оп-оңай қуып тастамақ боп тұра ұмтылса, бір 
жасырын қойнауда тығылып тұрған мергендері оларды оқтың астына алатын. 
Күтпеген жерден мұндай жағдайға ұшыраған жау әскері сасып қалып сәл кідірсе, 
жаңа ғана қашып келе жатқан Қыпшақтар кенет аттарының басын кейін бұрып
қайтадан атой салатын. Мұндай тәсілге үйренбеген жау әскері быж-тыж болып 
қаша жөнелетін. Оларды Қыпшақтар арттарынан қуып жүріп садақпен атып, не 
болмаса болат алдаспандарын құлаштай сермеп қырып салатын. 
Ал екі жақтың күші бірдей түсіп жаумен бетпе-бет кездесер жағдай туса, 
Қыпшақтар сап-сап боп бірнеше қатарға бөлінетін. Әдет бойынша алдыңғы 
қатардағы атты жауынгерлер саптарын сүйір ұшты етіп құратын. Бұл оларға 
жұмсақ жерге кірген қазықтай, жау шебін оңай бұзуға керек-ті. Әр топтың ара-
араларына және арт жағынан шабуылға шыққан жауды кідірту үшін арбалар 
қоятын. Осы арбалардың артында керек кезінде ұрысқа түсуге дайын тұрған тағы 
да әскері болатын. Ал егер жау жағының күші басым келіп, шабуылды олар 
бастайтынына Қыпшақтардың көздері жетсе, соғысу тәсілін басқаша жүргізетін. 
Үстіне өгіз, түйе терілерін жапқан арбалардан дөңгеленте бекініс жасайтын. 
Арбалардың шетінде жағалай тұрып алып, шабуылға шыққан жауына оқ 
жаудыратын. Жау қай жағынан келсе де дөңгелене құрылған бекіністегі 
Қыпшақтарды ала алмайды. Өздері оққа ұшады. Оның үстіне Қыпшақтар әлгі 
арбадан жасалған дөңгелек бекіністерінің ара-араларында қисық-қисық жол 
қалдырып, жау күшінің әлсірегенін білсе, өздеріне таныс қисық жолдарымен жау 
шебіне ат қояды. Ал шабуыл жасаған жау бұл жолдарды пайдалана алмайды. 
Шауып келіп кіремін деген жауынгер екпінімен кеп алдындағы арбаны соғып, 
быт-шыты шығады. Ал әлдеқайда кіре қалған етрат 
1
бұраңдап жатқан жолмен 
бекініс ортасындағы шепке жеткенше Қыпшақтың бірер жігітінің шірене тартқан 
садағының сауыт бұзар жебесіне душар болады. Тіпті таяп қалса найзағайдай 
жарқылдаған наркескенінен қаза табады. Ал арба арасындағы қисық жолдарды 
Қыпшақ жауынгерлері мейлінше еркін пайдаланатын. Жау күтпеген жерден, тал 
арасынан шыққан жолбарыстай, лып етіп пайда болып, садақ оғын жаудырып-
1
Е т р а т — көне түркі тілі, жауынгер деген мағынада. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
36 
жаудырып жіберіп, қайтадан кіріп жоқ болып кетеді. Басына жүген киіліп, үстіне 
ер түскенінен бұл әдіске машық болып үйренген Қыпшақ жыл- 
қылары еш уақытта әдет алған жолынан жаңылыспайды. Қамыс арасымен 
сусылдап өткен жыландай, арбалар арасынан қалай болса солай өте шығатын. 
Мұндай әдіске дағдыланбаған жау аттары екпінімен кеп, ең бірінші бұрылыста-ақ 
арбаға соғылып, арындап барып шалқасынан түседі. Соңынан келе жатқан 
жауынгерлер жолы бөгеліп тоқтап қалатын. Осы сәл аял Қыпшақ жігіттеріне 
жеткілікті. Құлаштап тартқан қайың садақтан ысылдай атылған ажал жебелері 
кімді болса да ат үстінен ұшырып түсіреді. 
Қыпшақтар бұл бекіністерін өздеріне қолайлы жерге орнататын. Егер таңдаған 
жерлері алда-жалда қауіпті болса, бір қалтарыста, не ымырт үйіріле дағдыланған 
әдет бойынша арба жетегін үзеңгілеріне іліп алып заматта бөтен жаққа көшіп 
кетеді. Жау орнын сипап қалады. 
Осындай жылжымалы бекініске орналасқан Қыпшақтарды жау ала қоям деп 
дәметпейтін. Өгіз, түйе терілерімен жабылған арба қорғанына Қыпшақтардың 
бекінгенін білсе, әдетте жау ұрыс ашпайтын, өз бетімен кейін шегінетін. 
Бірақ Қыпшақтардың ашулы тасқыны орыс қалаларынан әрі аспады. Тек кейбір 
толқындары ғана Еділ бойлары мен Византияға жетті. Бірақ одан аса алмады. Ұлы 
Россия көшпелі елдің шабуылынан өз жерін кеудесімен қорғап, әдеті бойынша 
Европаны тағы бір апаттан сақтап қалды. 
Қыпшақтар осы жүз елу жыл жүргізген шапқыншылығында Киевтен бастап 
Россияның көп қаласына қауіп туғызды. Ал орыс князьдарының бастары қосыла 
бастаған күндерден кейін, кешегі қабыландай қайратты, жансебіл жандар, кенет 
құдайдың қарғысы ұрғандай, бастарына сор нөсердей жауып, сан мәртебе мерт 
болды. Әсіресе бір мың елу үшінші жылдан бір мың бір жүз жиырма бесінші 
жылға дейін өмір сүрген Переяславль мен Киевтің ұлы князі Владимир Мономах 
бытырап жүрген өзге орыс князьдарының басын қосып, Қыпшақтарға қарсы 
шабуыл ұйымдастыра алды. 
Одан Қыпшақтар бір мың он бесінші жылы оңбай жеңілді. Содан бері бұл 
қаһарлы тайпа орыс жеріне шын қауіп болудан қалған. 
Міне, осы Қыпшақтарды қазір арқалы жырау қарға бойлы Қазтуған мақтауы 
керек. Бейбітшілік пен тыныштықты, сұлулық пен ойшылдықты сүйетін ұлы 
сыншы Асан Қайғы Қыпшақтардың тарихына қанық-ты. Қазір ол тыныш елдерге 
бүйідей тиген бұл шапқыншыл елді жүйрік жырау қай жағынан мақтар екен деп 
мүлги күтіп отыр. Оған Қотан қарт не айтпақ? Қыпшақтың ерлігіне қандай мін 
тақпақ? Шапқыншылықты, ерлікті мұрат көрген мына қу заманда жұрт оның 
ойына түсінер ме? 
Қазтуған, Асан Қайғы күткендей әйгілі арғы бабасы Қара Қыпшақ 
Қобыландыға бір тоқтап, Қыпшақтың шапқыншыл ел екенінен бастады. Қарағай 
кәрі домбырасын лақтыра безілдетіп, арқасы ұстап, Қазтуған жырау домбыраның 
күйімен өзі бірге шалқып малдас құрған қалпында кенет ытқи алға бір ұмтылып, 
қайтадан отыра қап құйрығымен шыр көбелек айнала тепеңдей жылжыды. 
Ханның сол жағында отырған қазіргі Қобыланды батыр арғы бабасы Қара Қыпшақ 
Қобыландының атын естігенде, шоқтығы өзгелерден анағұрлым жоғары көтеріліп, 
бір масайрап қалды. Қыпшақ жағының адамдары Қазтуғанның жырынан 
делебелері қозып, нақ өздері жүз елу жыл ерлік еткендей у-шу жырауға қошемет 
көрсетті. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет