Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет25/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
49 
— Қазір өліп кетсем арманым жоқ, — деген даусы қуанғанынан сыбырлай 
шығып. — Асқа мен де барамын, Ақбақайымды бәйгеге қосып көрмекпін. Сонда 
көрісерміз! 
Бірақ Орақ асқа келмеді. Егер тірі болса келері күмәнсіз еді. Оны Аққозы 
жақсы білетін. Сол себептен өзге құрбы-құрдастары айтысқа кеткенде, ол шыдай 
алмай аулының сыртындағы мың жусанды, тырбақай бетегелі қырқаға шығып, 
күншығысқа қарап Орақты сарғая күтумен болған. 
Хан жырау толғауын Қыпшақ руының Шыңғысханға қарсы шығып ерлік 
көрсеткені үшін тоқтатқан жоқ. Бұндай толғауға Сайбан ұрпақтары түгіл, бүкіл 
Жошы үрім-бұтақтарының құлақтары үйренген. Ал шыдай алмағандары кегін 
ішіне сақтап қалатын. Тікелей дау шығаруға халықтың қаһарынан сескенетін. 
Хан қанын ішіне тартып отырса, ол жырау сөздеріне шамданғандықтан емес, 
бөтен жағдайдан Батуханның ұрпағы Бердібек ханды ағайын-туысы өлтіріп, 
Сайбан ұрпақтары Сайын тағына отырғанға дейін Дәшті Қыпшақ Ордасы
әркімнің қолында келген. Бұл кезде болған ханның бәрі дұрысын айтқанда не 
Ноғай батырдың, не Ақсақ Темірдің дегенімен жүрген. Тек Орыс хан, Тоқтамыс 
пен Едіге ғана көнбеген. 
Сайбан ұрпақтары Көк Ордаға ие болғаннан соң да осы жағдай жойыла 
қоймаған. Әбілқайыр хан тағында отырғанмен де оның қолынан халықтың басын 
қосып, Сайын Ордасының қызыл туын бүкіл Дәшті Қыпшақ үстіне желбірете 
алмаған. Оған себеп бәз-баяғы қазақ руларының өз батырларына, биіне ғана 
бағынуы. Рушыл халық хан үстемдігін тек ру басшылары би, батырлар қабылдаса, 
сонда ғана мойынсұнған. 
Тек өзінің дұшпандарын жеңіп, Әбілқайыр Көк Ордаға билігі өктеп жүре 
бастағаннан кейін ғана бұл жағдай кілт өзгерді. Бірақ ол Орда төбесіне Сайын 
туын да емес, Ақ Орда туын да емес, Өзбек ханның туын тікті. Өлеріне он жыл 
қалғанда Қыпшақ, Мауреннахр, Қорасан жеріндегі «осыдан бір пәле келеді-ау» 
деген Жошының басқа ұрпақтарының басын қостырмай тізе көрсетіп, құмдай 
бытыратып, әрқайсысын әр жаққа қуды. Тек Жошының бір буыны Қасым 
сұлтанның Астрахань тағына отыруына жәрдемдесті. Онда да Әбілқайырдың өзі 
ғана білетін себебі бар еді. 
Әбілқайыр Шығыстың көп жерін алғанменен, бұл жеңіс өзіне қауіпті қатер 
туғызуға айналды. Талан-тараж болған Жошының басқа ұрпақтары Әбілқайырды 
жеңу үшін жапа шеккен руларды біріктіре бастады. Әсіресе Моғолстанды 
басқарып отырған Жағатай ұрпақтарымен енді жаңа хандықты жанталаса көксеген 
Жәнібек пен Керей тіл табуға тырысты. Егер бұлар тіл тапса, оңай күш емес. Оны 
бұл жалғанның қыбыр-тықырына елеңдеп тұратын хан жақсы біледі. 
Моғолстан мен қазақ руларының басын біріктірмей құрту керек! Ал құртудың 
екі жолы бар, бірі — Моғолстанды шабу. Екіншісі — Жәнібек пен Керейді көп 
кешіктірмей жою. 
Үйелменді ел Моғолстанға аттануға әлі ертерек. Ол үшін Қорасанды өзіне тегіс 
бағындырып, әбден күшейіп алған абзал. Қазір осыншама жерге қанат жайып 
кеткен Жағатай ұрпақтары мен Моғол бекзадаларын аяқ астынан құрта алмайсың. 
Сонда екінші жол қалады. Әбілқайыр хан ордасында туғалы тұрған бүлікті білмей 
жүрген жоқ, біледі және сол бүліктің Барақ балаларынан шығатынына да шек 
келтірмейді. Сөйте тұрып, оларды бірден, тіпті бір түнде нөкерлерін жіберіп, жоқ 
қылып жіберуге жүрегі дауаламайды. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
50 
Ханның дәл өткір қанжардай алып түсетін кезінде де алып түсе алмауының да 
үлкен астарлары бар... 
Шыңғысханның тұсынан-ақ ұрпақтарының көбі қарамағындағы қалалар мен 
қоныстанған елдерді тек талау үшін керек деп қараған. Тек осы жағынан келіп, 
олар шауып алған қалаларды, қоныстанған елді тонаумен болған. 
Ал, қанды жорықтардың осынау тасқындары басыла бастағаннан кейін, 
Шыңғысхан ұрпақтары Қарақұрым хандығының әкімшілік ісін басқаратын, 
Үгедейдің оң қолы Елуй Чусайдың арқасында бұл істерінің дұрыс емес екенін 
ойлай бастаған. Елуй Чусай Үгедейге: «Ұлы хандық ат үстінен түспей жаулап 
алынды. Оны енді ат үстінде отырып басқаруға болмайды» деген. Ұлы қидам 
ақылшысының бұл сөзін көп ойлаған әсіресе Мөңке хан. Егер әскерлер бұлай аты-
жөні жоқ бар қалаларды шауып, қоныстасқан елді құрта берсе, көп кешікпей 
тонайтын жердің де, елдің де қалмайтынына көзі жеткен. Сол себептен 
Қарақұрымның ордасына ие болғаннан кейін, өзіне бағынышты қалалар мен 
қоныстасқан елдің қанын сорудың басқа жолын іздеген. Жолын тапқан да, 
Шыңғыс ұрпақтары шауып алынған қалалардың бәріне даруға (Орта Азияда) мен 
басқақтар (Иранда) белгіленген. Ең алыс тұрған Иран жеріне бас басқақ боп Аргун 
батыр жіберілген. 
Бұл даруға, басқақтар тікелей Қарақұрымға бағынған. Бұлардың міндеті 
қарамағындағы жұртқа санақ жүргізіп, сауда жолдарын, ақша мәселелерін 
тексеріп, жұрттан дер кезінде салық жинап, Қарақұрымға тікелей жіберіп 
отыру. 
Шыңғысхан заңы бойынша жаулап алынған көшпелі елдердің жері, суы хан 
ұрпақтарына ұлыс-ұлысқа бөлініп, басыбайлы берілген. Бұл елдердің тағдырын, 
көшіп-қонуын, шаңырақ, мал басынан жиналатын салығын осы хан ұрпақтары 
өздері шешетін. Ал отырықшы ел мен қалалар Ұлы Орданың астанасы Қара- 
құрымның өзі тікелей жіберген әкімдерге ғана бағынатын. Түскен пайда 
(егіншіліктен, өнеркәсіп, салықтан) Қарақұрымдағы Шыңғысханның қазынасы 
мен оның толып жатқан ұрпақтарына бөлінеді. Сөйтіп басқарып отырған жерінде 
қала, отырықшы жұрты бар хан, бұлардан түскен салықты өзі жеке пайдалана 
алмайды. Бұл салықтардың бәрі Қарақұрым қазынасына бір бағамен түсу үшін 
Мөңке хан бүкіл Алтын Орда, Жағатай, Иран жерінде салмағы бір алтын ақша — 
динарлар шығартқан. Бұл динарлардың құнды болып, бүкіл Монғолия 
патшалығында бірдей бағалануын, Мөңке хан саудагерлер арқылы жүргізіп 
келген. Бұқар, Самарқант, Герат, Алмалық, Берке ханның кезіндегі Алтын Орда 
астанасы Сарай әрқайсысы өзінің алтын ақшасын құйған. Бірақ бәрінің де салмағы 
бірдей болып отырған. 
Мөңке өліп, Шыңғыстың Ұлы Ордасын Қытайға көшіргеннен кейін, бұл 
Орданың күйреуімен бірге ақша саясаты да бүлінген. Алтын Орда хандары алтын 
ақшаны өз аттарынан құя бастаған. Бірақ Ақсақ Темір Сарайды шауып, Қыпшақ 
даласында бүліншілік бастағаннан кейін бұл жағдай мүлдем тоқталған. Негізгі 
шаруашылығы мал бағу болған қазақтың көп руы енді қала салудан біржолата бас 
тартып, өзінің кең байтақ даласында ру-ру боп көшкен. Бұлардың бар байлығы 
малы мен жері ғана. Ал осы уақыттағы Дәшті Қыпшақтың ханы Әбілқайыр бөтен 
саясатты ұстады. Ол Сейхұн мен Жейхұн дариялар бойындағы Шыңғыс шауып 
кеткен 
шаһарларды 
қайта 
тұрғызып, 
бұл 
араларға 
қо- 
ныстануға бейім елдерді орналастыра бастады. Әбілқайырдың бұл саясаты осы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет