Алмас қылыш



Pdf көрінісі
бет27/102
Дата15.05.2023
өлшемі1,7 Mb.
#93224
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102
Байланысты:
алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
53 
Алыстан ызғытып келе жатқан, жанында қосары бар салт атты көрінді. Жаңа 
ғана сағым ойнап тыныш жатқан мидай жазық көгілдір дала да, маужырап тұрған 
көгілдір аспан да кенет қобалжи қалған тәрізді... 
Хан үндемегеннен кейін тірі жан аузын ашқан жоқ, барлық жұрт құлаққа
ұрған танадай үн-түнсіз. 
Шапқыншы атын ұшқыртып кеп, Әбілқайыр тұрған топқа таяй беріп ер үстінен 
домалай жерге түсті. Аяғын жедел басып хан алдына таяп келіп етпетінен құлады. 
Хан ием, кессең тіл, алсаң бас мінекей, — деді ол кенет басын көтеріп, — айып 
менде, көзімнен таса етіп алдым. Батыр Саян жанындағы екі пасбаныменен қашып 
кетті. 
Бұл келген Әбілқайырдың өзі «Батыр Саянның той біткенше көзін құрт» деп 
тапсырма берген Оспан-Қожа деген дәйекшісі еді. 
Хан алқымына келген ашу толқынын әзер басып, сәл аялдап тұрды да: 
— Күзетшілері кімдер еді? — деді. 
— Арғын жігіттері. 
«Батыр Саян қашып кетті» дегенді естігеннен бері түксиіп қатып қалған 
Қобыланды бір иығын сәл сілкіп жіберіп, беліндегі наркескеніне қол салды да, 
ханның ар жағында жайбарақат тұрған Ақжол биге түйіле қарады. 
Ақжол би айылын жиған жоқ, Қобыландыға кекете көз тастады да, сабырлы 
қимылдап, тек кейіндеу сырғып кеткен беліндегі қисық сап алдаспанын жөндеді 
де қойды. 
Екі батырдың қимылдарын Әбілқайыр да, Асан Қайғы да, тұрған жұрт та 
аңғарып қалды. 
Дәл осы кезде кенет жерді жара күн күркіреді. Жап-жаңа ғана айнадай ашық 
көгілдір аспанды қара бұлт торлап түнере қапты. Заматта аспан бетінде жіңішке 
найзағай қылыштар жарқ-жұрқ ойнай жөнелді. Долы жел шығып, шөп бастары 
жерге жығыла шуылдай түсті. Әбілқайыр енді қап-қара боп кеткен аспанға 
қобалжи бір қарады да, Асан Қайғыға көз қиығын аудармастан нөкерлерін 
соңынан ерте, Рабиу-Сұлтан-Бегім ордасына қарай асыға жүре берді. 
Хан кетісімен жұрт та тым-тырақай тарай бастады. 
Кейбіреуі өредегі атына жүгірді, бағзы біреуі Ордаға қарай беттеді. 
Тек екі жағынан екі адам қолтықтай тұрғызған Асан Қайғының ғана түнере 
қалған аспан мен шартылдай ойнаған найзағайларда шаруасы болған жоқ, жаңа 
ғана наркескендеріне қол жүгірткен Арғын, Қыпшақ қос батырының қимылдары 
есіне түсті ме, ол: 
— Бүгінгі ас — қайғы асы еді, енді бүліншілік асына айналмаса нетсін, — деді 
ақырын күрсініп. 
Көпті көрген сыншы адасқан жоқ еді, расында да бұл ас қазақ жеріндегі тағы 
бір бүліншіліктің басы болды. 
Тек аяғы игілікпен бітсін де... 
ІІІ 
Сарыарқа деп аталатын Дәшті Қыпшақ жерінің дәл ортасында, Ұлытаудың 
күнгей жағында, Қаракеңгір өзенінің сол жақ жағасында Әбілқайыр ханның 
ордасы — Орда-Базар қаласы тұр. Жан-жағы құлазыған жазық, Ұлытау, Кішітау, 
Арғынаты тауларынан бөтен оңтүстігінде де, солтүстігінде де, күнбатыстағы 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
54 
сонау Мұғажар биіктіктеріне дейін, ал күншығысындағы Шет, Құдайменді, 
Ақшатауға дейін құлан менен киік жортқан ұшы-қиыры жоқ алып дала. 
Оңтүстігіндегі ең жақын қала Түркістан (Яссы) солтүстігінде ең таяуы Чинга — 
Тұра шаһарлары, бірі Орда-Базардан жүргіш атқа он күндік, екіншісі он бес күндік 
жер... 
Орда-Базар бір кездерде Бату ханның құмырсқадай бықыған әскерінің Шығыс 
Европаға аттанарда бас қосатын жері болған. Жүз мың жылқы жайылса да шөбі 
жапырылмайтын, жусанды, қаулы, жасыл шалғынды егіз өзен Қаракеңгір мен 
Сарыкеңгірдің ұшы-қиыры жоқ жазық даласы. Сол жазықтың ортасында Бату 
қорғаны. 
Орда-Базар шағын қала. Әбілқайырдың негізгі басқаратыны көшпелі қазақ
өзбек елдері болғандықтан, ел салтын бұза алмай, хан Ордасы — бес ауылы жаз 
бойы Дәшті Қыпшақ жерінде көшіп жүретін. Тек күз келе Орда-Базарға қыстау 
ретінде тоқтайды. Әбілқайыр көші ерте кезде күнбатыстағы Жем, Ойыл 
өзендеріне дейін, солтүстігіндегі Тобыл, Есіл, Нұраға дейін барған. Кейде жазы 
қоңыржай болса Сыр бойы мен Көкше теңіздің жағасын да жайлайтын. Хан 
аулының жайлауға шығуы тек жаздың жақсы-жамандығынан, шөптің шығым-
шығымсыздығымен ғана байланысты емес-ті. Жаз шыға Орда қай жаққа қарай бет 
бұруы толып жатқан хан саясатымен шиеленісіп жатар болар. Өзіндей 
мықтыменен құда болып қанатын жая түсу, ырқына көнбей жүрген кей руларына 
жақындай қонып, бір түнде быт-шытын шығарып шабу — бәрін де іші қатпалы 
ханның жаз шыға Ордасы көшпестен бұрын ойланар ісі. 
Осы себептен де болар, Әбілқайырға көп жағдайда бағынышты Самарқант, 
Бұқар, Герат секілді Орда-Базардың үлкен шаһарға айналмай, шағын қала 
қалпында қалғаны. Шығыс шеберлері күйген кірпіштен күмбездетіп салған 
бірнеше хан сарайларын санамасақ, қала шымнан құйған, тастан қаланған екі 
жүздей ғана үйден тұрады. Стамбул үлгісімен тұрғызылған алтын айлы, ақ тастан 
қалан- 
ған зәулім биік мешіті. Түркістанда Ахмет Яссауи шайхқа арнап салған Ақсақ 
Темірдің атақты мешітіне де, Феодосия қаласына жақын ескі Қырымға Өзбекхан 
салдырған мешітке де ұқсамайды. Қазір аты естен шыққан ұлы шебердің ақауы 
жоқ өнері, ұзақ тоқыған қолдан түлеткен өрнегі. 
Қаланың тым өсіп кетпеуіне тағы бір себеп ол Әбілқайырдың алыстағы ойы. 
Хан өз астанасын түбі әбден жаулап алған соң Гератқа, не Самарқантқа аудармақ. 
Ал Орда-Базар уақытша мекені. Мауреннахрға біржолата көшіп кетуге, ұшы-
қиыры жоқ кең далада тағы құландай кезген қалың қазақты билей алмай қаламын 
ба деп қауіптенген. Хан ойынша қазақ руларының арасындағы алауыздық түбі 
жойылуға тиісті. Оған дейін өрбіп, өсіп келе жатқан балаларының алды ел 
билейтін қабілетке жетіп қалады. Сол кезде бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін 
бәйбішелерінен туған бір-екі ұлына билетіп, өзі Мауреннахрдың әшекейлі алтын 
сарайлы бір шаһарына Ордасын көшірмек... 
Осындай ойдағы хан Орда-Базардың өркендеуіне бәлендей көңіл бөлмеген. Тек 
соңғы жылдары жайлауға алысқа бармайтын. Ұлытау маңындағы бір шұрайлы 
жерге бір-екі айдай бой жазып, үй тігіп серуендеп жататын да жаз аяғы болмай 
Орда-Базарға қайта оралатын. Биыл да хан осындай ойда еді. 
әнеу күнгі сұрапыл дауылдың аяғы тынбай құйған бір жетілік ақ жауынға 
айналған. Асты аяқтай алмай хан Орда-Базарға қайтуға мәжбүр болған. Ханмен 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет