Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru
107
Бірақ қыздың өзі де таямады. Ол Исан-Бұғының бетіне азапты пішінмен
жасқана қарады. Көзі күздің бұлыңғыр күніндей тұманды жасқа толы.
— Ғапу етіңіз, хан оғлы, жолыңыздан кездесіп қалғаныма! —
деді ол басын
иіп, — бұл ара сіздің ойнайтын жеріңіз емес еді...
«Бәсе айттым ғой, бұл перінің қызы деп, әйтпесе менің хан баласы екенімді
қайдан біледі? Пісмилла! Пісмилла!..» әйтсе де қызға жауап бермеу мүмкін емес
еді. Егер адам айдалада келе жатып, жол үстінде жайнап жатқан гауһар тасты
көрсе бір бұрылмай кете алар ма, қыз да осы ғажайып гауһар
тастың дәл өзі
болатын. Исан-Бұғы оған тіл қатпай қала алмады.
— Таяма! — деді ол даусы дірілдеп. — Өзің кімсің? Адамсың ба? Жынсың ба?
Қыз Исан-Бұғының шошып қалғанын енді сезді. Ол мұңая езу тартты.
— Қорықпа, адаммын, — деді ол. Сөйдеді де ананың қанжарынан қолын алмай
тұрғанын аңғарып, тағы да мұңая езу тартты. — әкең әкемді өлтіріп еді, енді сен
мені өлтірмексің бе? Жазығым не? — Қыз ақырын күрсінді. — Бұл күні жазыққа
қарайтын заман ба? Мейлі өлтіргің келсе, өлтіре бер...
«Бәсе, былтырғы дарға асылған кәпір де осы қыз секілді көк көз, ақсары еді
ғой. Көп болса қызы шығар... Бірақ әлі сенбей тұрған Исан-Бұғы:
— Расымен адамсың ба? — деді әлі де қанжарынан қолын алмай. — Онда
«оллаги, биллаги, Мұхаммедтің үмбетімін, жалған айтсам құдайтағала кәрі соқ-
сын» деші.
Қыз сәл жымиды.
— Рас айтам, адам баласымын. Егер өтірік айтсам құдайтағала кәрі соқсын. Ал
Мұхаммед пайғамбардың үмбетімін дей алмаймын, мен насрани дінінің үмбетімін.
— Ол не? Кәпірсің бе?
— Сендерше кәпір... Біздерше ең әділетті діннің құлымыз...
«Жын-пері болмағаныңа мың да бір шүкір. Ал кәпірлігіңді тастап, мұсылман
дініне ауысуың тақа қиын болмас... Оны соңынан көрерміз...»
Исан-Бұғы қыз сөзіне сенді. Сенбеске амалы жоқ еді. Өйткені қыздың кәпірлік
күнәсын сұлулығы жеңіп кеткен. Оның жын-пері еместігін біліп қуанған бала
жігіт дәл қазір өзін осы кәпір қызы үшін дозақ отына күюге дайын тәрізді сезінді.
Исан-Бұғы тек
бар болғаны пісмилла, пісмилла деп қызға таяй берді...
Қыз шынында да былтырғы дарға асылған шалдың қызы болып шықты. Әкесі
өлген кезде Мұхаммед пайғамбардың дінін тастап, Иса пайғамбардың дініне
көшкен бір ұйғыр диқаны бұны үйіне жасырып тірі алып қалыпты. Қазір сол
ұйғыр үйінде тұрады екен. Флоренцияға баратын керуенді күтіп жүрген көрінеді.
Әкесінің зиратына гүл қоюға келгенінде Исан-Бұғыға кездесіп қалыпты.
Екі жас бірін-бірі, шу деп кездескенінен ұнатты. Балалық мөлдір сезім бірте-
бірте лаулаған жалындай, жүректерін балқытқан алғашқы махаббатқа айналды.
Бірін-бірі көре алмаса тұра алмайтындай күйге жетті. Бірақ кішкентайынан күндес
өскен
туған ағасы Жұныс, інісінің ойынды тастап, тез өзгерген мінезінен
сезіктеніп, аңдып жүріп бұлардың құпиясын ашты. Ашып та қоймады, әкесіне
барып: «Балаң кәпірдің қызын алайын деп жүр» деп шағыстырды. Өзі өлсе тағына
Қыпшақ әйелінен туған үлкен баласы Жұныстан гөрі, шешесі Моғол хандарының
қызы, Исан-Бұғының отыратынын тілейтін Уайс хан шошып кетті. «Егер Исан-
Бұғы кәпірден қатын алар болса, түбі насрани дініне бір бүйірінің тартпасын кім