Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет131/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   446
тор колоннасы бар. Сонда барып бензин 
сатып аламыз». («Тарғыл қауын», 325.)
«Сондай бір бюрократтарды тымпитып 
отырған жерінде желкеден келіп перер ме еді 
десейші!». («Тарғыл қауын», 325.)
г) әр т‰рлі мәндә жаргон сөздер: чудак, 
жулик, молодец, сволочь т.б.
«Чудак!», - деді шофер. («Тарғыл қауын», 
325.)
«Жазбаша т‰рде енген сөздерге тән қа-
сиеттің бірі сол – олардың басым бөлігі өзінің 
дыбысталу т‰рін сақтайды». ( 3.197.) Ал кей-
де жазушылар кейіпкерінің бейнесін шынайы 
бейнелеу мақсатында немесе сол кезеңнің на-
ғыз көрінісін бейнелеу мақсатында өз кейіп-
келерінің аузына сөз салу арқылы басқа тілден 
енген сөздердің дыбысталуына өзгерістер 
енгізіп те қолданады. Жазушы да мұндай тә-
сілден құралақан емес. Мысалы, жазушы 
өткен ғасырдың басында тарихта сол кезеңнің 
қоғамдық жаңалығы ретінде саналып келген 
Қазан төңкерісі, әскерге алу, колхоздастыру
бесжылдық жоспарды орындау секілді тарихи 
жағдайларды сипаттайтын шығармаларында 
осындай өзгертілген сөздерді қолданады. 
Олар: Мекайла, поштабай, бәлшебек, кәперә-
тип, бірішке, сенке, бенке, реске, мәшин, шо-
пыр, самауыр, кереует, пыржымайт, Мекепар, 
іздрәсти, кансарал, глаунай, секлетар, доғдыр, 
жәшік, ташанка, нәнке, мәгәзін, перма, пір-
кәншік, сексеул, таскайт, перуай, крупшатка, есь, 
екі істеп жатыр(эксковатор), карболке, нызнаю, 
достобрен, песір, пирақло, артес және т.б. 
«Қазір бәлшебек деген жұрт билеп тұр 
қаланы деп, т‰рмеден шыққан соң естідім: 
өздерін тани алмадым, бізді босатқан солар 
екен». («Ашынған ана», 168.)
«Төтенше мен піркәншікте ‰н жоқ. Пір-
кәншік төтеншеге ығыса қарайды, төтенше 
бізге ығыса қарайды». («Шұғыла», 109.) 
«Манадан бері білмей жатсам, сіз доғдыр 
екенсіз ғой ... ». («Екінші Би-аға», 287.) 
«Өңкей бір пирақыло!»,- деді. («Этно-
графиялық әңгіме», 292.) 
Жазушының сөздерді осылай өзгертіп бе-
рудегі мақсаты – кейіпкерінің аузына салу 
арқылы сөздердің стильдік қызметін арттыру, 
эмоциональдық-экспрессивтік бояуын қанық 
беру. «Манадан бері білмей жатсам, доғдыр 
екенсіз ғой ...» деген сөйлемдегі «доғдыр» сөзі 
орысша білмейтін, қарабайыр ауыл адамының 
аузынан шыққан сөз екені айқын. Жазушы 
кейіпкерінің аузына сөз салу арқылы мәдени 
орындардан жұрдай, к‰нделікті өмірдің тұр-
мыстық тауқыметін тіршілік к‰йбеңімен ең-
серіп ж‰рген ауыл әйелін жаны мұрнының 
ұшына келіп, к‰йзелген сәтте «доктор» деп 
сызылтпайтыны айдан анық. Орыс тілінен 
енген сөздерді немесе орыс тілі арқылы басқа 
тілдерден енген сөздердің айтылуын осылай 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет