к‰ңк ете т‰сті, ‰нсіз отырған Әзиев (С. Мұртабеков). Жанай бет-аузын жалын шалғандай ла- пылдап ду ете т‰сті (С. Мұратбеков). Сөйлемдердегі к‰ңк ете т‰сті, ду ете т‰сті тілдік бірліктері баяндауыш қызметін
атқарып тұр. Бірінші сөйлемдегі к‰ңк ете т‰сті баяндауышы дыбыстық еліктеуішке
негізделіп, Әзиевтің жағымсыз эмоциясын біл-
дірсе, екінші сөйлемдегі ду ете т‰сті баян-
дауышы адамның қатты ұялу, қысылу эмоция-
лары әсерінен болатын беттің ысуына қатыс-
ты физиологиялық к‰йін білдіріп тұр.
Еліктеуіштер дербес мағыналы бір негізді
етістіктермен тіркескенде эмоцияның сын-си-
патын, қалай жасалғандығын білдіреді де, сөй-
лемде пысықтауыш қызметін атқарады. Ды-
быстық еліктеуіштер көп жағдайда жылау,
к‰лу сияқты эмоциялардың дыбыстық тұрғы-
дағы сипатын білдіріп, қалай? деген сұраққа
жауап береді. Мысалы,
Моторбай көзі жыртиған к‰йі сақ-сақ к‰лді де, тістене тұрып рычагті кейін тарт- ты (С. Мұратбеков). Эмоцияны білдіру мақсатында жұмсала-
тын еліктеуіштердің бірқатары соған қатысты
тұрақты сипатқа ие болып есім формаларын-
да да жұмсалады. Мысалы,
«Көрерсіңдер де білерсіңдер-ау, осы қуаяқ бар ғой, Бәтішті масқаралап тастап кетеді», – десті сыпсыңшыл жеңгелер (М. Мағауин). Осы сөйлемдегі сып еліктеуіші -сың қо-
сымшасы арқылы зат есімге, одан сын есім ту-
дырушы -шылжұрнағының жалғану арқылы
сын есім формасына өтіп, сөйлемде анық-
тауыш қызметін атқарып тұр.
Еліктеуіштер және еліктеуіш негізінде
жасалған етістіктер мен есімдер арқылы жа-
ғымды және жағымсыз эмоцияға тән реңктік
мағына білдіріліп, адамның психологиялық
к‰йі де беріледі. Мысалы,
– Мейлі, өзің біл. Тіпті ешқайда т‰сірмей алып кетсең де еркіңдемін ғой, – деді К‰лшара сыңғырлай к‰ліп (С. Мұратбеков). Әлгінде ғана көздеріне елестеген «к‰п- пахты», абақты тарс ұмытылып, Кәрібжан мен Сатан сылқ-сылқ к‰ліп мантышіге келді (І. Жанс‰гіров). Сөйлемдердегі сыңғырлау, сылқ-сылқ тіл-
дік бірліктері жағымды к‰лкі эмоциясына тән
қасиеттерді білдіріп, адамның жайдары к‰йі-
нен де хабар береді. Төмендегі сөйлемдердегі
д‰ңк ету, қыңқылдау, бедірею тілдік бірліктері
жағымсыз эмоцияға тән сипатты көрсетіп,
адамның ашулы, мазасыз, қайғылы к‰йлерін
білдіріп тұр.
– Сенсің, – деді д‰ңк етіп. – Сен кінәлісің! Баяғыда-ақ көшу керек еді! Кету керек еді! Енді міне... (С. Елубаев). ...Дастархан ‰стінде. Мен шыныаяқ алып беріп отырмын. Шай ‰стінде Шаяхмет