114 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
ғында, шынында, расында, рас, әрине, әлбет-
те, бәлкім, керек, қажет, тиіс, шығар,
болар, -са(-се)керек, -у (-уға) керек, -уы (-уі)
керек, -уы (-уі) тиіс,-у қажет, -ға, -ге ұқсайды
және т.б.
Модаль сөздер семантикалық сипаты жа-
ғынан төмендегідей бөлінеді:
1. Болжал мәнді модаль сөздер: сияқты,
сықылды, тәрізді, секілді, м‰мкін, шамасы,
тәрізді, тәрізі, бәлкім, шығар, болар т.б.
2. Міндеттілік мағына беретін модаль
сөздер: керек, қажет, тиіс, лазым сөздерінің
қатысуымен жасалатын -у қажет, -у керек, - у
лазым; -мақ керек, -маққа керек, -уға тиіс, -уы
(-уі) тиіс.
3. Біреудің сөзі не бір дерек негізінде
айтылатын модаль сөздер: де, дейді, деп т.б.
4. Қостау (растау) мағынасында қолданы-
латын модаль сөздер: әрине, әлбетте, рас,
шынында, шындығында, анығында т.б.
5. К‰мән (к‰дік) ұғымын білдіретін мо-
даль сөздер: -ар ма екен, -са неғылсын, кім
біледі т.б.
6. Тілек, қалау мәнді модаль сөздер: -са/-се
екен, -са/-се деймін т.б.
Қазақ тіліндегі болар, сықылды, секiлдi,
сuяқты, тәрiздi т.б. сөздер бірде шылау, бірде
бейтарап сөздер деп беріліп келгенімен, про-
фессор Т. Сайрамбаев мұндай сөздердi модаль
сөздер деп берудi жөн санайды және модаль
сөздердің шылауларға қарағанда төмендегідей
өзгешеліктерін көрсетеді [8, 50 б.].
Бiрiншiден, шылаулар морфологиялық өз-
герicтерге ұшырамайды, ал модаль сөздер мор-
фологиялық өзгерiстерге ұшырайды.
Екiншiден, шылау сөздер белгiлі септiк
жалғаулы сөздер apқылы қимылға қатысты
ғана жұмсалса, ал модаль сөздер әрi есiм-
дермен, әрi eтicтіктермен тipкeстe қабыса
және меңгерiле байланысады.
Т. Сайрамбаев оларды екі мағыналық топ-
қа (есімді және етістікті модаль сөздерге)
ажыратып, есiмдi модаль сөздер тобына сияқ-
ты, сықылды, секiлдi, тақылеттi, рәуiштi,
шамасы, тәрiздi, зады, pac, м‰мкін, бәлки,
расында, шынында, керек, тuic, қaжет, әрине
сөздерiн, ал етістіктi модаль сөздер тобына
бiлем, көpiнeді, дейді, екен, болар, шығар сөз-
дерiн жатқызады.
Модаль сөздердің сөз тiркесiне қатысы
мен мағыналық тобын және синтаксистiк қыз-
метiн айқындау барысында, олардың синтак-
систік байланысқа т‰спейтінін, өздігінен сөй-
лем м‰шесі бола алмайтындығын, соған қара-
мастан олар әрбiр сөйлем м‰шесі болатын
сөздермен белгiлi дәрежеде мағыналық бай-
ланысқа енетін жиi қолданылатын сөздер
екендігін айтып, модаль сөздердің көбiне,
сөйлем ортасы мен соңында келетінін мысал-
дармен нақтылайды.
"Модаль сөздер жеке қолданылмайды.
Олардың басқа сөз таптарымен тipкecy қабi-
летi әрт‰рлi. Мысалы: сияқты сөзі барлық сөз
таптарымен тipкece бередi, ал басқалары таң-
дап тiркеседi. Бұл сөздердiң басыңқы қызмет-
те жұмсалатын сөздерi де әрт‰рлi. Мысалы,
модаль сөздер зат есiмдердiң iшiнде көпше
атау тұлғалы формасымен көбiрек тipкece
алады. Сонда бiз Асан сияқты бала, Алматы
сияқты қала, n‰лiш тәрiздi мата, қазақ тә-
рiздi халық, атай сияқты шал, бала сuяқты,
бала icпеттес сөйлейдi деп тiлiмiзде айта
беремiз.
Модаль сөздер жiктеу, өздiк, сiлтеу және
кім? не? деген сұрау есiмдiктерiмен де т‰й-
дектi тiркесте жұмсала бередi. Мысалы: мен
сияқты бала, сол тәрiздi ел, осы icnеттес ic,
сол тәрiздi oқиғa, кім сияқты сөйлейдi, не
тәрiздi ойланады.» [8, 50 б.] - деп, к‰рделі сөз
жасаудың бір тәсілі ретінде қолданады.
Профессор Т. Сайрамбаев «сияқты (тәрiз-
дi, сықылды, секiлдi) модаль сөздер қолда-
нылуы, лексикалық мағынасы жағынан бiр-
дей, яғни адамдарды немесе заттарды бiр-бiрi-
не теңестiру жағдайында қолданылады» деп
төмендегі мысалдарды береді. Мысалы, Бiрақ
бiр қapaғaнда көз жетер төңiрек бiртeгic құл-
пырған қызыл п‰лiш сияқты боп көрінедi
(Ә. Сәрсенбаев). Б‰гiн бұл сөздерде дaғдылы
арман емес, жалын сезiм тәрiздi жарық сәуле
eлесі бар (М. Әуезов). Менiң ойымша, жаңа-
ғылар да сол мөлдір бұлақ іспетті (Ө. Қана-
хин). Көктем к‰лсе, г‰лдердей құлпырасың. Тау
өзенi секiлдi бұлқынасың («Қазақ әдебиеті»).
Осы сөйлемдердегi сияқты, секiлді, сы-
қылды, тәрізді, іспетті сөздерi бiр құбылыс-
ты екiншi құбылысқа теңеу, бiрiн екiншiciмен
салыстыру, ұқсату мағынасында берiліп тұрса,
кейде бұл сөздер сөйлеушінің сөйлем мазмұ-
нының ақиқат шындыққа қатынасы жөніндегі
болжамын да білдіреді. Мысалы: Қазақтар-
дың көбі Еуропалық д‰ниелерден шаршаған
сияқты. Бұл кеште өнер жұлдыздары ән ай-
татын тәрізді.
Айналада ‰немі болып отыратын әр алуан
құбылыстар, өмірдегі сан-сала болмыс т‰р-
лері, белгілі бір заттың сын қимылы, іс-әре-
|