112 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012
кемсеңдеуге айналды. – Құдай маңдайымызға
сондай шашы сербиген бір жаман қызды да
жазбады ғой, тескентаудан өтіп кетсе де
пәлен жерде ұрқымыз бар деп көңілге медеу
тұтып ж‰ретін... (М. Мағауин).
Төмендегі ‰зінділерден де к‰шті эмоция-
дан хабар беретін тоналды диапазонның кө-
лемді, көтеріңкі ‰лгісін көруге болады.
– Сіздің хақыңыз жоқ! – деді шал
баж
етіп. Жіңішке даусы ащы екен. Құлағымды
жарып жібере жаздады (М. Мағауин).
Тоналды диапазонның көлемсіз, бәсең кө-
рінісі:
Кәмен хатты жұмарлай ұстаған к‰йде:
– Бәсе, бәсе... –
деп к‰бірледі. – Ертеден
бері ж‰регім аузыма тығылып мазам болмап
еді... Бәсе... (С. Мұратбеков).
«Бұл сұмдық болды ғой, сұмдық болды ғой..
–
дей берді к‰бірлеп. – Осыдан аман жетер
ме екем ‰йге...» (С. Мұратбеков).
Көркем мәтінде кейіпкер сөзі жалаң т‰рде
емес қарым-қатынастың өту жағдайы, орны,
кейіпкердің дене қалыптары мен қимыл-қоз-
ғалыстары т.б. да компоненттердің қоса сурет-
телуі арқылы беріледі. Кейіпкер эмоциясы бе-
рілген кезде көркем шығармада аталған эле-
менттер де маңызды рөл ойнайды. Оларды
бейнелеу, кейіпкер эмоциясымен ‰ндестіру
арқылы біртұтас сурет жасалады.
Ж‰регі т‰скір
Достарыңызбен бөлісу: