Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет146/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   446
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 115 
кеті сөйлемде жалпы жалаң хабар т‰рінде ғана 
айтыла салмайды. Сөйлеушінің осы хабар 
туралы пікірі, яғни сөйлем мазмұнының ақи-
қат шындыққа қатынасы жөніндегі оның көз-
қарасы, әдетте қоса беріліп отырады. Мысалы, 
Сәлден кейін жаңбыр жауатын шығар, аспан 
т‰неріп тұр. Сен жылы киінген боларсың? 
деген сөйлем болжам мағынада жұмсалып 
тұрса, Ана тілімізді дамыту ісіне б‰гінгі за-
манның заңғар жаңалығы - интернетті ден-
деп енгізу қажет. Елімізге білікті техникалық 
мамандар керек, - деген сөйлемде  қажет, ке-
рек сөздері сөйлеу барысында айтылған ойға 
сөйлеушінің жеке көзқарасын (міндеттеу) біл-
діру ‰шін жұмсалып, толық лексикалық мағы-
надан айырылған сөз ретінде қолданылып тұр. 
Қазақ тілінде міндеттілік модальдік мағы-
наны негізінен керек, қажет, тиіс, міндетті 
сөздерінің қатысуымен жасалатын, -у қажет, -
у керек, -у(-уға) міндетті, -уы (-уі) тиіс сияқты 
аналитикалық форманттар береді. Бұл сөздер 
сөйлеушінің сөйлемде айтылған хабардың 
ақиқаттығын нақтылау, міндеттеу мағынасын-
да жұмсалады. 
Мысалы: Барлық нәрсенің іргетасы – білім 
болуы тиіс. Жоғары білімді, кәсіптік тұрғыда 
білікті мамандардың өз саласын жетік мең-
геруі және қоғамдағы экономикалық әлеумет-
тік өзгерістерге, техника мен технологиялар-
ға ғылыми негізде баға бере алуы және олар-
дың жолдары мен даму ‰дерісін болжай білуі 
міндетті.
Керек сөзі екі т‰рлі мағынада жұмсалады: 
негізгі лексикалық мағынасында және модаль-
дік мағынада. Лексикалық мағынасында өз 
алдына сөйлем м‰шесі ретінде қолданылады. 
Мысалы: Маған керек кітап бітіп қалыпты
Мұнда керек сөзі анықтауыш қызметінде 
жұмсалып тұр.
Ал модаль мағынасында таза көмекші сөз 
орнында қолданылады. Мысалы: Қазақ тілі 
қазақ болып қалуымыз ‰шін керек болса, қазақ 
тілді маман қазақ ұлты ақ отауының шаңы-
рағын ұстап тұратын тұлға ретінде керек.
Мұнда керек сөзі сөйлеу барысында айтыл-
ған ойға сөйлеушінің жеке көзқарасын білдіру 
‰шін жұмсалып, толық лексикалық мағынадан 
айырылған сөз ретінде қолданылып тұр. 
Сөйлеушінің сөйлем мазмұны мен ақиқат 
шындықтың өзара қатынасы жөніндегі бол-
жалын м‰мкін, бәлкім сөзі де береді. Мысалы: 
М‰мкін ол ‰йінде емес шығар. ‡йінде болуы да 
м‰мкін. 
Сөйлеу барысында айтылатын ойға сөй-
леушінің тілегі мен ниетін білдіруі тілек 
модальдігі арқылы ж‰зеге асады. Мысалы,
Ел тәуелсіздігі мәңгілік болғай! Ертең қар 
жаумаса екен. Ең болмаса бір жақсы қызмет 
бұйырса еді. Ол апасының осыншама жасаған 
жақсылықтарын білсе игі еді. Әлемді аузына 
қаратқан Аcтана көркейе берсе екен. 
Тілек модальдігін жасайтын форманттар:
-ғай еді (-қай еді, -гей еді, -кей еді) анали-
тикалық форманты: қайтқай еді, көрсеткей 
еді, алғай еді, біткей еді
-са игі форманты: сұраса игі еді, білсе игі 
еді, кешірсе игі еді, келсе игі еді
-са еді форманты: бұйырса еді, білсем еді,
ұмытпасаң еді, көрсең еді, қонсаң еді, шыда-
саңыз еді, ұнасаңыз еді
-са екен форманты: өтсеңіз екен, келсе 
екен, ұтсам екен, озсаң екен, қалса екен.  
Cөйлеу барысында айтылған ойға сөйлеу-
шінің ниетін, ықыласын, ойын білдіруі қалау 
модальділігі арқылы беріледі. Мысалы:
Менің театрда қандай қойылымдар ж‰ріп 
жатқанын білгім келеді. Жастардың көпшілігі 
‰лкен қалада тұрғысы келеді. Менің туған 
жеріме, туған еліме міндет емес, қызмет 
еткім келеді. 
Сөйлеушінің сөйлем мазмұнына көзі жет-
кендігін, ол жөніндегі сенімін білдіру ‰шін е 
көмекші етістігінен қалыптасқан екен, еді
модаль сөздері сөз таптарының қай-қайсы-
сымен де тіркесіп келе береді. Алайда ‰немі 
модальдік мағына білдіре бермейді. Мысалы, 
Оның жауапты екендігі ісінен көрініп тұр. 
Сонымен бірге модаль сөздер негізгі 
лексикалық мағынаны білдірумен қатар, басқа 
сөздермен тіркескенде, к‰рделі м‰шенің құра-
мында көмекші қызмет атқарып, қосымша 
модальдік мағынаға ие болады.
_______________ 
1. Кеңесбаев С.К. Қазақ тілінің грамматикасы. І бөлім. 
– Алматы, 1956. 
2. Исаев С., Нуркина Г. Сопоставительная типология 
казахского и русского языков. Учебное пособие. –Алматы, 
1996. –272 с. 
3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002 
4. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі: Морфология. – Ал-
маты, 1974.
5. Оралбай Н. Қазіргі қазақ тілінің морфологиясы. – 
Алматы, 2007. – 388 б.
6. Оразбаева Ф.Ш., Сағидолда Г., Қасым Б., т.б. Қа-
зіргі қазақ тілі. – Алматы, 2001. – 534 б. 
7. Салқынбай А. Қазіргі қазақ тілі. - Алматы, 2008. - 462 б.
8. Сайрамбаев Т. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – 
Алматы, 2010. –640 б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет