Алматы №1 (135) 2012


Көмекші сөзді тұрақты тіркесті бастауыш-



Pdf көрінісі
бет181/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   446
Көмекші сөзді тұрақты тіркесті бастауыш-
тар. Тұрақты тіркесті бастауыштың жасалуы-
ның тағы бір жолы – көмекші сөздердің қа-
тысуы арқылы. Тілімізде бірқатар тұрақты 
тіркестер шіркін, атаулы, сорлы, байғұс тағы 
да басқа көмекші сөздердің тіркесуі арқылы 
жасалып, атау тұлғада тұрып бастауыш бо-
лады. Мысалы: Адам шіркін к‰йбең тіршілік-


Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 141 
тен қолы босап, т‰нгі аспанға қарап жатқан 
кейбір сәттерде оның ой-санасы, алдымен 
анау жұмбақ әлемнің тұңғиығын шарлап ке-
теді (Ш. Айтматов). Шарықтап шар тараптан 
көңіл сорлы, таппаған бір тиянақ не өткен 
қуыс? (Абай).
Тұрақты тіркестерге шылау сөздерінің де 
тіркесіп келіп, бастауыш болуына себебін ти-
гізеді. Мысалы: Ауыл адамдары тайлы-тая-
ғына дейін осылай қарай ж‰гіріп келеді 
(Т.Дәуренбеков). Қол ұстатар, шаш сипар, 
қыз көрсетер, к‰йеу көрсетер сияқтылар – 
ежелден келе жатқан қазақтың атақты ырым-
дары (М.Әуезов).
Тұрақты тіркесті бастауыштардың жаса-
луына сондай-ақ кебі, көрі көмекші есімдердің 
де қатысы болатын мына мысалдардан көрі-
неді: Әйтпесе, жау жағадан алғанда, бөрі 
етектен кебі боп ж‰рер (Ә.Әлімжанов). Сыр-
дың суы сирағынан келмейдінің кері көрініп 
тұр (Газ.). Іш қазандай қайнайды, к‰ресуге 
дәрмен жоқтың кері келіп тұр (Қ.Аманов).
Де көмекші етістігі есімше тұлғасында 
тұрақты тіркестермен тіркесте бастауыш бо-
лады. Ондайда көбінесе сөйлемнің баяндауышы 
осы, рас, бар, қиын
деген сияқты сөздер бо- 
лады. Мысалы: Өлмегенге өлі балық деген осы 
(Қ.Аманов). Қарай гөріңдер, жаман иттің
атын бөрібасар қояды деген рас екен-ау 
(Қазақ ертегілері). «Тас т‰скен жеріне ауыр» 
деген бар ғой. Демеймін менің қайғым саған 
батар (С.Торайғыров).
Қорыта айтқанда, тұрақты тіркестерден 
болған сөйлем м‰шелерінің құрылымдық ерек-
шеліктеріне арнайы тоқталуымыздың басты 
себебі осы мәселенің т‰п төркіні проф. М.Ба- 
лақаев пен проф. Т.Сайрамбаев тұрады.Қазақ 
тіліндегі т‰йдекті тіркестер мен олардың ма-
ғыналық, құрылымдық сипаты М.Балақаев ар-
қылы зерттеуін тапса, тұрақты тіркестер сөй-
лем м‰шелердің жасалуының бір жолы екен-
дігін баса көрсеткен ғалым – Т.Сайрамбаев. 
Яғни жалпы қазақ тілінің синтаксисі ғылы-
мының басында М.Балақаев тұрса, Т.Сайрам-
баевтың қазіргі қазақ тілі синтаксисінің қа-
лыптасуындағы еңбегі ерекше.
_____________ 
1. Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы м‰шелері. 
Алматы, 1991.
2. Болатов Ж. Синтаксистің кейбір мәселелері. // 
Қазақ тілі мен әдебиеті, 1959,N4. 
3. 
С.Исаев. Қазіргі қазақ тіліндегі негізгі грамматика-
лық ұғымдар. Алматы, 1992.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет