Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет202/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   446
160 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
Ал көмекші етістіктерге байланысты семан-
тикалық зерттеу қолға алынбағаны анық. Тіпті 
көмекші етістіктерде лексикалық мағына бар 
ма‚ жоқ па деген сұрау да толық шешілмеген. 
Көмекші етістіктерге байланысты т‰ркі тіл-
дерінде біршама еңбек етілген‚ бірақ олар тек 
грамматикалық сипатын анықтауға әрекет 
еткен. Сондықтан көмекші етістіктердің мағы-
насы туралы сөз болуы ‰шін оларды жаңа 
бағытта зерттеп‚ жаңа ж‰йеге салу керек. Бі-
ріншіден‚ көмекші сөздер дегенде біз көмекші
есімдерді‚ көмекші етістіктерді‚ шылауларды 
көз алдымызға келтіреміз. Біздіңше‚ олар 
мағынасы жағынан бір деңгейде емес. Екін-
шіден‚ көмекші есімдер мен көмекші етіс-
тіктерді М.Оразов атауыш көмекшілер деп бір 
топқа жатқызады [2]. Бірақ олардың арасында 
айырмашылықтар болатындығы анық. Олар-
дың белгілерінің өлшемі бар ма? ‡шіншіден‚ 
көмекші етістіктер етістіктердің аналитикалық 
формаларын жасайды‚ ал көмекші есімдер зат 
есімнің аналитикалық формаларын жасай 
алмайды. Сондықтан етістіктердің шақ катего-
риясын жасауға себепші болатын аналитика-
лық формасын жасайды. Мысалы‚ нақ осы 
шақтың аналитикалық формалары (-ып отыр; 
-ып тұр; -ып ж‰р; -ып жатыр)‚ өткен шақ-
тың аналитикалық форматы (- ған еді); шарт-
ты райдың форматтары (-са еді; -са екен еді)
қалау райдың аналитикалық форматтары (-са 
игі еді; -са иген ді) т.б. Көмекші есімдер 
жетекші есімдердің (зат есімнің) лексикалық 
мағынасын толықтырады. Төртіншіден‚ олар-
дың лексикалық мағынасының солғындауын 
көмекші есімдермен теңестіруге болмайды. 
Көмекші етістіктердің ішіндегі толымсыз етіс-
тігі мен "жазда" сөздерінде болмаса санаулы 
мәтінде ғана‚ толымсыз мағыналы не көмекші 
етістік мағынасында қолданылғандығы анық-
талады. Бесіншіден‚ көмекші етістіктердің ма-
ғынасы жағынан тек грамматикалық катего-
рияларға ғана топтастырмай‚ сөзжасам қа-
сиетін де анықтауға болады. Ғылыми грам-
матикада к‰рделі етістік деген сөздер тек 
көмекші сөздермен байланысты болады. 
Етістіктердің мағынасын семалық ж‰йе-
сімен байланысты бірнеше топтарға бөлуге 
болады. Мысалы‚ сөздердің лексикалық се-
мантикалық белгісіне қарай етістіктердің он 
екі лексика-семантикалық топтарға бөледі. 
Салттық және сабақтылығына қарай‚ тіркес-
кен есім сөздің тұлғасына қарай бөледі. Соны-
мен етістіктер амалдың орындалу тәсілімен 
де‚ орындалу деңгейіне байланысты да топ-
тарға бөлініп ж‰р. Бұл мәселеде даулы жағ-
дайлар да жоқ емес. Мысалы‚ бір топ ғалым-
дар етістіктің сипат (вид) категориясына қарай 
бөлу бар десе‚ екінші бір топ ғалымдар қазақ 
тілінде (жалпы т‰ркі тілдерінде) сипат катего-
риясы жоқ дейді [3]. 
Соңғы жылдарда ғылыми грамматикасы-
ның авторларының көпшілігі етістіктердің 
жеке категориясы деп ерекше топ бөліп амал-
дың өту сипаты категориясын көрсетуде. 
А.Ысқақов 1974ж. және 1994 жылдарда екі 
рет баспа көрген оқулығында солай етеді. 
Мұндай категорияның бар екендігін Н.Орал-
баева мен М.Оразовтар мойындайды. Шын-
дығында‚ қазақ тілінде етістіктер арқылы 
амал-әрекеттің орындалу (не орындалмауы) 
бір сипатта болмайтындығы: не тез‚ болмаса 
баяу болатындығын; қысқа мерзімде орында-
латын немесе ‰здік-созылыңқылық; арнайы 
немесе жол-жөнекей басқа жұмыстармен қа-
баттаса болатындығын т.б. білдіреді. Сондық-
тан амалдың орындалу сипатын көрсету көп 
қатпарлы‚ бірнеше жолмен орындалады. 
М.Оразов амалдың орындалу сипатын екіге 
бөледі: а) амал-әрекеттің орындалу фазалары; 
ә) амал-әрекеттің орындалу тәсілдерін білді-
ретін формалары деп бөледі. Амалдың орын-
далу фазаларын білдіретін етістіктер фазалық 
етістіктер деп аталады да‚ олар төртке бөлі-
неді: 1) амал-әрекеттің басталуына дейінгі фаза-
лар; 2) амал-әрекеттің басталыну деңгейін біл-
діретін фазалық етістіктер; 3) амал-әрекеттің 
болып жатқандығын білдіретін фазалар; 4) амал-
дың аяқталу фазасын білдіретін етістіктер [4].
Фазалық етістіктер етістіктің лексика-се-
мантикалық топтарының қатарына енбейді. 
Себебі олар т‰бір сөздің лексикалық мағына-
сының құрамына енбейді. Материалдарды 
салыстырып қарасақ‚ олардың олардың орын-
далу фазасын білдіретін арнайы синтетикалық 
формалар жоқ. Сонымен бірге олар синтети-
калық категориялардың құрамына да енбейді. 
Олардың арнайы қалыптасқан аналитикалық 
формалары бар. Мысалы‚ амал-әрекеттің бас-
талуына дейінгі фазасын білдіру көсемшенің 
ғалы‚ –гелі формасына жетекші етістікке 
отыр‚ ж‰р‚ жатыр‚ тұр қалып етістігімен 
тіркесуі арқылы жасалынады. Барғалы жа-
тыр‚ айтқалы отыр‚ жазғалы тұр‚ кеткелі 
жатыр дегенде‚ біріншіден‚ амал-әрекеттің 
орындалуын білдірмейді; керісінше‚ әлі дайын-
далу фазасын білдіреді. Екіншіден‚ етістік-




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет