Б. Рысбай,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к.
Ә. НҰРПЕЙІСОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ СИНКРЕТИЗМ ҚҰБЫЛЫСЫ
Тілдік құбылыстардың табиғатын танып,
тілдік ерекшелігін айқындауда көркем әде-
биеттің қосар ‰лесі айрықша екендігі анық.
Тіліш-ғалым А.Салқынбайдың сөзімен айт-
қанда: «Сөздің қасиеті мен киесі көркем әде-
биетте шынайы көрініс береді, қазақ қалам-
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 157
герлерінің туындылары арқылы сөздің си-
қырлы кейпі ашылып, м‰сінделе, әрлене
т‰седі. Көркем шығармалардағы сөз қолда-
нысы нәтижесінде тілдің терең ішкі мағы-
налық құрылымы дамиды, жаңарады, көпма-
ғыналылық, ауыспалы мағыналылық қалыпта-
сады; сөздің мағыналық құрылымында әр
алуан ерекше семалардың пайда болуы – тіл
дамуының басты шарты. Тіл көркем әдебиет
арқылы өзінің көркем өміріне жолдама алады,
құбылады; сөздіктегі қасаң тіл келбетті лебіз-
ге айналып, барша ішкі мағыналық және маз-
мұндық болмысын ашады» [1;4]. Яғни, көркем
әдебиет тілдегі заңдылықтардың көрініс
тауып, танылуын, қалыптасуын зерделеудің
дереккөзі болып саналады. Тілдегі сондай
заңдылықтардың бірі - ‰немдеу құбылысы.
‡немдеу заңдылығы сөйлеуге тікелей қатыс-
ты, яғни, тіл арқылы қарым-қатынас жасау
барысында сөйлеуші тыңдаушыға шектеулі
сөздермен ғана ойын толық әрі жылдам
жеткізуге тырысады. Яғни, «Аз сөзбен көп
мағынаны жеткізу – сөз мәдениетінің бір
қыры. Бірақ қысқа баяндаудың бәрі шеберлік
емес. Шеберлік аз сөзге көп мағына сыйғыза
білуде. Сонда ғана сөз қысқалығы тіл мә-
дениетінің мәнді бір қырына айналады. –
Шындығында, белгілі бір ойды ойсыратпай
жеткізу, басы артық қолданыстардан сөзді
арылтып отыру, аз сөзбен көп мағынаны
білдіру оңай емес, оған аз уақыт кетпесе
керек» [2;59]. ‡немдеудің (ықшамдаудың)
т‰рлеріне синкретизм, контаминация, ассими-
ляция, редукция, эллипсис және т.б. жатады.
Мақалаға өзек болып отырған синкретизм
құбылысы Ә.Нұрпейісов шығармаларында
молынан кездеседі. Жазушы к‰рделі туын-
дысы - «Қан мен тер» трилогиясы ‰шін КСРО
Мемлекеттік сыйлығының иегері болды. Ке-
шегі аумалы-төкпелі замандағы халық өкілде-
рінің қайталанбайтын, дараланған, к‰рделі
тағдырлы типтік бейнесін баяндаған "Қан мен
тер" эпопеясы көптеген тілдерге аударылды.
Аталмыш шығармадан синкретизм құбылысы-
ның табиғатын тануға септігін тигізетін
мысалдарға талдаулар жасалды. Синкретизм-
нің сөз табына, сөз тіркесі мен сөйлем м‰ше-
леріне қатысын қарастырмастан бұрын, оған
берілген анықтамаларға тоқтала кеткенді жөн
көрдік.
Синкретизм құбылысы тек лингвистикада
ғана емес, ол әдебиет, философия, өнер, дін-
тану және т.б. ғылымдарда кездеседі.
Синкретизмге энциклопедиялық филосо-
фиялық сөздікте мынадай анықтама берілген:
«Синкретизм (от греческого synkretismos -
соединение) - 1) нерасчлененность, неразвитое
состояние какого-либо явления (например,
искусства на первоначальных стадиях чело-
веческой культуры, когда музыка, пение, поэ-
зия, танец не были отделены друг от друга);
2) смешение, неорганическое слияние разно-
родных элементов (например, различных
культов и религиозных систем в поздней
античности - религиозный синкретизм пе-
риода эллинизма) [3;609]. Яғни, «Синкретизм
(біріктіру) - "жігі ашылмаған", біте қайнасқан
сөз тіркесінің синонимі болып табылатын бұл
ұғым қандай да болсын құбылыстың жетіл-
меген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған
бастапқы к‰йін білдіреді. Бұл ұғым көбінде
алғашқы қауымдық немесе архаикалық мә-
дени кезеңге байланысты көп қолданылады.
Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет
салаларының жіктелмегендігін байқаймыз.
Синкретизмнің мәнін миф, мифологиялық
сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі
субъект - объектілік қатынастардың жоқтығы,
жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адам-
ның өзін айналасын қоршаған әлемнен бөліп-
жарып қарамауы, т.б. синкретизм көріністері
болып табылады. Архаикалық мәдениеттегі
ғылымдардың, өнер т‰рлері мен наным сенім-
дердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық
к‰йі архаикалық мәдениеттің синкреттік
сипатын танытады. Сондықтан да мәдениет
тарихында зерттеушілер алғашқы қоғамдық
синкретизм деген ‰лкен кезеңді айқындайды.
Адамзат дамуының бұл сатысында өмір өзінің
іріктелмегендігімен, біртұтастығымен бір-
бірімен етене тығыз байланыстылығымен
сипатталады. Сол мәдени кезеңнің адамдары-
ның д‰ние танымындағы синкретизм көрініс-
терін алғашқы наным-сенім т‰рлерінен: фети-
шизм, анмизм, тотемизм т.б. айқын көруге бо-
лады» [4].
Сонымен, синкретизм ұғымын тарихи тұр-
ғыдан алып қарайтын болсақ, қандай да бол-
сын құбылыстың жетілмеген, дамымаған бас-
тапқы к‰йін білдіреді екен.
Синкретизм тілге де тән құбылыс. Тіл бі-
лімі сөздігінде: «синкретизм (грек. synkretis-
mos – біріктіру) - әр т‰рлі айтылымдық тұлға-
лардың қызметтік бірлесуі, қарама-қарсы-
лықтарды бейтараптандыру, бір формада
бірнеше мағыналардың берілуі» [5;331], -
|