Байымбетова Р. Значение языкового аспекта в древнетюркской мифологии Умай и Кут
Bayymbetova R. The meaning of language aspect in Ancient Turkic Mythology Umai and Kut
А. С. Бұлдыбай,
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, ф.ғ.к.
ЖЫРАУЛЫҚ, ЖЫРШЫЛЫҚ ӨНЕР
Таңды таңға қосып, талайдың таңдайын
қақтырған жыраулық, жыршылық, сөйлесе
тілінен бал тамған, д‰йім жұртты аузына қа-
ратқан шешендік, алқа топтың алдында жыр
семсерін жарқылдатып жан алып, жан берісіп
сөз сайысына т‰скен айтыскерлік қазақ хал-
қының баға жетпес байлығы, көп халықта
кездесе бермейтін айрықша өнер екені даусыз.
Сондықтан да бұл өнер т‰рлері туралы сали-
қалы ғалымдарымыздан бастап, жас ізденуші-
лерге дейін пікір айтпағаны кемде-кем. Б‰гінгі
таңда халқымыздың басқа мәдени мұралары-
мен қатар өсіп-өніп, дамып келе жатқан бұл
өнер салаларына қызыға қараушылық көбей-
месе азайған жоқ.
Ұзақ жылдар бойы Республикамыздың
т‰кпір-т‰кпірін аралап халқымыздың жырау-
лық, жыршылық өнерін жандандыруға ат
салысқандықтан, Республикалық теледидар-
дың «Халық қазынасы» атты бағдарламасы-
нан талай термеші, жыршы, жырауларды көр-
сетуге мұрындық болғандықтан, қазақ хал-
қының шешендігі туралы арнайы зерттеу ж‰р-
гізгендіктен және айтыс деген аламан бәй-
генің қайта жаңдануының орта тұсында ж‰р-
гендіктен осы қасиетті ‰ш өнер туралы қалам
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(135).2012 229
терберлік уақыт туған тәрізді. Қолдарыңызға
тиіп отырған мақала осы ойлардың жемісі.
Қазақ халқының жыршылық-өнері туралы ал-
ғаш келелі пікір айтып, қазақ, қырғыз жыр-
шылық өнерін зерттеуді қолға алған М.Әуезов
еді.[1]
Қазақ халқының эпикалық жырларын
тудырушы, қалыптастырушы, қалың елге
таратушы өнер иелерін халқымыз жырау,
жыршы деп атаған. Бұл туралы кезінде
Ә.Марғұлан өз еңбегінде жан-жақты айтып
өткен де еді.[2] Бірақ солай бола тұрса да бұл
жыр айтушы, шығарушылар типтерінің өзін-
дік тарихи бар екені даусыз. Оның белгісін
Б.Кенжебаев, Ә.Қоңыратбаев, М.Жолдасбеков,
С.Қасқабасов, Ш.Ыбраев, Б.Әбілқасымов,
Е.Тұрсынов және т.б. ғалымдарымыз айтып
кеткен ұзан, бақсы, қиссашы, термеші, шешен,
жырау, жыршы секілді атаулардан көреміз.
Қазақтың эпикалық жыр айтушылардың
өнеріне ‰ңіле қарап, жете саралағанда көңіл
аударатын ортақ және өзіндік сырлар, дәст‰р-
лер аз емес. Соның бірі жыр айтушылықтың
өнер адамына қонуы туралы аңыз, әңгіме,
т‰сініктер. Жалпы бұл ұғым әлем фолькло-
ристикасында біршама кең тараған. Оның
мысалын англо-саксон аңыздарынан да көруге
болады. Онда дарынды Кэдион (бақташы)
далада ұйықтап қалып т‰с көретіні, т‰сінде
бейтаныс адам келіп жыр айтуды ұсынатыны,
соның нәтижесінде оның жыр айтып кеткен-
дігі айтылады. Ойраттардың тулчисі Этэн
Гончикке жыр қону туралы: «Великан подъехал
к отороплому Этэн Гончик, и спросил его,
хочет ли он стать певцом эпопей… Великан
тогда ударил Гончика по плечу и скрылся…
этого времени Гончик почуствовать в себе
способности петь героические эпопеи, стал и
признавал, что дар получил от самого царя
драконов являвщего к нему под видом вели-
кана», – деген пікір де қызғылықты. Т‰сінде
аян беру, соның нәтижесінде жыр айту қонған
деген аңыз әңгіме Орта Азия халықтарының
ішінде де кең тараған. Мысалы манасшы
Тыныбек далада ұйықтап қалғанда т‰сінде
өзіне Манас қырық чорасымен келіп «Ма-
насты» айтуға кеңес бергенін айтса, өзбек
бахшиларының көпшілігі жыр айтуды: «алла-
тағаланың» айтуымен меңгергенін айтады.
Сондай-ақ т‰рікменнің Наджеп оғлан бақ-
шысы т‰сінде «қырық жігіт» келіп жырды
аузына шарап етіп құйғанын аңыз етеді.[3]
Бұндай аңыз әңгімелердің біразы қазақ жыр
айтушыларына байланысты да айтылады. Бұл
ретте «Қырымның қырық батыры» циклының
алғашқы айтушыларының бірі болған Мұрын
жыраудың ұстазы Абылдың айтқанына көңіл
аударып көрейік: «Отызға келген кезім, ерте
қой өргізіп келіп, ұйықтап қалсам біреу бір
сұйық нәрсені аузыма құйып жіберді, жұтып
жібердім. Ояна келсем кеудемді өлең кернеп
барады екен. Осыдан былай қарай ақын болып
кеттім.» Осындай аңыздың бірі Базар жырауға
байланысты мынандай нұсқада айтылады:
«Бала кезімде далада қозы бағып ж‰ріп ұйық-
тап қалыппын. Т‰сімде ақ киімді, ақ таяқты,
ақ сақалды бір кісі келіп: «Балам маңдайыңа
берейін бе, таңдайына берейін бе?» – деп сұ-
рады. «Ата таңдайыма бер», - деп оянып кет-
сем, өлең айтып ояныппын». Мазмұны осы
тексте тек «т‰сінде» өлең аласың ба, көнек
аласың ба? – деген аңыз Қожабай жырауға,
«дорбалап аласың ба, қапшықтап аласың ба?»
– деген аңыз Қашаған жырауға байланысты
айтылады. Мұндағы көңіл аударатын бір
мәселе т‰ркі халықтарында бұл әңгіме, аңыз-
дарда жыр қонды деген жәй ғана айтылмай,
оны халық сеніміндегі қасиетті нәрселерге
(Манастың чоролары, қырық санына, ақ
т‰ске) байланыстырып айтып және әңгіменің
тоқ етер т‰йінінің өзі жыр ұйқасынан (маң-
дайына-таңдайына, көген-өлең, арбалап-дор-
балап) тұруы. Сондай-ақ бұл ұйқаспен айты-
латын сөздердің бір сыңары міндетті т‰рде
байлықты, екіншісі өнерді меңзейді. Бар
дарын тек өлеңді таңдауы да кездейсоқ айтыл-
ғандық емес, астарлы сыры бар ұғым. Қазақ
халқының сөз өнерін ғана емес, тіпті, өміріне
байланысты айтылатын ежелгі тотемдік мәні
бар аңыздың бірі адамдардың киесі жолбарыс,
қасқыр, т‰лкі, құс болуы. Оның бір мысалын
Жамбылдың «жолбарысынан» Кемпірбайдың
«көк кептерінен» де көруге болады. Осындай
әңгіменің бірін Шашубай Қошқарбаев та айт-
қан: «Он төрт жасымда т‰сімде таудан тауға
құс болып ұшып, қонып жеміс жеп ж‰р екен-
мін. Сол т‰стен кейін өлең айтып кеттім.»[4,
256]
Дарынды, өнерге икемі бар адамдардың
т‰с көруін жоққа шығаруға болмайды. Оның
сырын т‰сіну ‰шін біріншіден аталған адам-
дардың өміріне, творчестволық кемелденуіне
тереңірек зер салған дұрыс. Өз өмірін өнерге
арнаған, кейін жырдың қонуы туралы аңыз-
әңгіме айтқан өнерпаздардың барлығы дерлік
жасынан сөз құдіретіне ден қойып, соны иге-
|