Алматы №1 (135) 2012



Pdf көрінісі
бет165/446
Дата10.10.2022
өлшемі4,15 Mb.
#42089
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   446
лама, әуежай, несие секілді сөздер ұзақ уақыт 
«неологизм» болып келген музей, таможня, 
программа, аэропорт, кредит сөздерінің 
жаңа формада қолданысқа т‰суі. Бұл – жаңа
қолданыстарға тән ескі мазмұн мен жаңа 
формалық сипат. Біз «мұражай, кеден» деп 
қанша айтқанымызбен, ойымызға алдымен 
«музей, таможня» сөздерінің мазмұны ора-
лады. Егер жаңа қолданыстарды айтқан кезде 
олардың бұрынғы жаңа сөз қалпындағы фор-
масы ойға оралмаса, жаңа қолданыстар жаңа-
лық сипатынан айырылады. Тіпті, жаңа қол-
даныс қалпында историзмге де ауысып кетеді 
(кеңшар, ұжымшар). Әрине, жаңа сөз қолда-
ныстар барлық уақытта ескі мазмұн, жаңа т‰р-
тұлғада келе бермейді.. Олардың, керісінше, 
жаңа мазмұнда, ескі формада кездесетін тұлға-
лалары да бар: «Қазақстан Республикасында 
кәсіпкерлікті қолдау және бәсекені дамыту 
қоры туралы» қаулысы дер кезінде д‰ниеге 
келген шара / «Егемен Қазақстан»/. Шын 
мәнінде әкімдердің жанынан жекешелендіру 
жөнінде қосарлас органдар құруды тоқтату 
қажет / «Егемен Қазақстан»/. Алынған мы-
салдардағы асты сызылған сөздердің фор-
масы ескі болғанымен, мазмұны заман тала-
бына сай жаңаша мән иелен – ді. Мағыналары 
кеңейді және қолданылу жиілігі ұлғайды. 
Жаңа сөздер мен жаңа сөз қолданыстардың не 
мазмұнында, не формасында жаңалық реңі 
болады. Осыдан тұрғыдан келгенде, екеуіне 
Жаңа сөздер 
Жаңа сөз қолданыстар 


130 ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. №1(135).2012 
ортақ ұқсастық байқалады. Екеуінің неоло-
гизмнің жеке саласы болатындығы екеуіне тән 
айырым белгілерінде. Жаңа сөздер мазмұны 
мен формасы жағынан бір-біріне сай жаңа 
тұлғада келеді. Басқа тілге дайын к‰йінде 
енеді. Қабылдаушы тілдің заңдылығына мойын-
сынбайды. Өйткені мәжб‰рлеу басымдығы ар-
қылы жаңа зат немесе жаңа құбылысқа ілесіп 
кіреді. Мақсатты қажеттілік жаңа сөзге емес, 
жаңа затқа туындайды. Ал жаңа сөз қолда-
ныстың тілімізде пайда болу ‰дерісі тіл заң-
дылығына с‰йеніп, тіл тазалығын сақтау м‰д-
десін көздейді. Жаңа қолданыс тілдік қордан 
орын алу ‰шін белгілі бір өлшемдегі мерзімді
қажет етеді. Жаңа сөздің мазмұнын сараптау, 
оларға мағыналас сөз іріктеу кейде бірнеше 
жылдарға созылады. Жаңа сөзге калька 
т‰рінде балама табу – аударма. Аударма ‰шін 
қолданылатын сөздер жаңа сөзге дейін-ақ өз 
тілімізде болған. Аударма сөз бен жаңа сөз 
арасында мағыналық дәлдік бар. Әйтпесе, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   446




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет