Тестілену барысында қалыптасатын ком-муникативтік дағдылар: • Контекстегі (мәнмәтіндегі) сөздердің
мағынасын т‰сіну және қолдана білу;
• т‰бір мен қосымша арасындағы дыбыс
‰ндестігін сақтап сөйлеу, қосымшаларды дұ-
рыс жалғай білу;
• сөздер арасындағы дыбыс ‰ндестігін
сақтап сөйлеу;
• қазақ тіл білімі саласындағы граммати-
калық құрылымдарды айыра алу;
• Қазақ тіліндегі мағыналас (синоним),
көп мағыналы сөздер мен омонимдердің, ан-
тоним сөздердің жұмсалуын, яғни лексиканы
аңдай алу;
• Мамандық салаларына қатысты термин-
дерді, терминдік тіркестерді т‰сініп, орынды
қолдана білу;
• Сөйлеу және жазу барысында сөз фор-
маларын дұрыс қолдану;
• Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақ-
тау;
• қазақ тілінің лексикалық қабаттарын,
әсіресе, жаңа тілдік қолданыстарды меңгеру;
• Грамматикалық, синтаксистік құрылым-
дарды, стилистикалық нормаларды тілді қол-
дану аясында пайдалана білу дағдысы және т.б;
Осы мақсатты негізге ала отырып, тіл ‰й-
ренуші немесе тестіленуші әр деңгей бойын-
ша лексика-грамматикалық қандай білік-дағ-
дыларды қалыптастыруы тиіс деген сұрақ-
қа жауап беру ‰шін, әр деңгейдегі сөз
табының негізгісі – зат есімді алып қарас-
тырайық.
Қарапайым деңгей Дара зат есімдер 1. Дара сөзді белгілеңіз.
(Отметьте простое слово.)
А) ауыл
В) елтаңба
С) баспасөз
D) ел-жұрт
Берілген тест тапсырмасында дара сөз бен
к‰рделі сөзді айыра алу дағдысы қалыпта-
сады. Мысалы, А дистракторындағы сөз бір
ғана т‰бірден құралған, ал В, С дистракто-
рындағы сөздер екі сөздің бірігуінен жасалса,
D дистракторындағы ел-жұрт сөзі қос сөз
екенін есте сақтауға тырысады.
2. Кім? сұрағына жауап беретін дара сөзді
көрсетіңіз.
(Укажите простое слово, которое отвечает
на вопрос кім?)
А) құс
В) балық
С) шебер
D) жан-жануарлар
Тестіленуші мұнда қазақ тіліндегі сөздер-
дің қайсысы кім? қайсысы не? сұрағына жауап
беретінін білуі тиіс. Мысалы, А, В, D дистрак-
торындағы сөздер не? сұрағына жауап бере-
тінін, ал С дистракторындағы шебер сөзінің
адамның мамандығына қатысты екенінін, кә-
сіп иесінің кім? деген сұраққа жауап береті-
ніне дағдыланады.