228
Сахабалар салған сара жол
сыз да өз елінде қауіпсіз әрі қамқорлықта», – деді. «Ей,
Аббас, айтқандарыңды түсіндік. Уа, Расулаллаһ, енді
сен айт, өзің және Раббың үшін бізден не қалайсың, біз
бәріне де дайынбыз», – дедік. Аллаһ расулы Құраннан
аяттар оқыды. Аллаһтың жолына шақырды, Исламның
жақсылықтарын айтып, бізді ынталандырды. Содан
соң: «Сендер өз бала-шағаларыңды қалай қорғасаңдар,
мені де қатерден солай қорғайтындықтарыңа және
маған сүйеніш болуға серт беріңдер», – деді. Сон-
да Бәрра ибн Марур Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
қолынан ұстап: «Иә, сені ақиқатпен жіберген
Аллаһқа ант етемін, өз өмірімізді қалай қорғасақ, сенің
өміріңді де қауіп-қатерден солай қорғаймыз. Сертімізді
қабыл ет, уа, Расулаллаһ!» – деді.
Достарыңызбен бөлісу: