Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Сәхіл ибн Сағыдтың және басқа да



Pdf көрінісі
бет121/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   349
Сәхіл ибн Сағыдтың және басқа да 

кісілердің Аллаһ расулына серт беруі

Сәхіл  ибн  Сағыд  (р.а.)  айтады:  «Мен  Әбу  Зәрр, 

Убада  ибн  Самит,  Әбу  Саид  әл-Худри,  Мұхаммед 

ибн  Мәслама  және  тағы  бір  кісімен  бірге  Аллаһ  жо-

лында  біреудің  айыптағанына  шағым  айтпауға 

Пайғамбарымызға 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  серт  бердік. 

Алайда  алтыншы  адам  берген  сертін  бұзуды  қалады. 

Пайғамбарымыз оның берген сертінің мән-маңызы мен 

күшін жойды

192


.

Убада  ибн  Самит  (р.а.)  былай  дейді: 

«Пайғамбарымызға 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 серт берген сол 

алты адамның бірі мен едім. Аллаһқа еш нәрсені серік 

етіп қоспау, ұрлыққа бармау, зинақорлық жасамау, кісі 

өлтірмеу,  тонамау,  дінге  қарсы  келмеуге  серт  бердік. 

Осыларды  орындайтын  болсақ,  жұмақтың  берілетін-

дігі,  бұл  күнәлардың  бірін  істеген  адамның  үкімін 

Аллаһ шығаратындығы айрықша білдірілді

193


Ибн Жәрирдің Убада ибн Самиттен жеткізуі бойын-

ша, Убада былай деген: «Бір күні Пайғамбарымызбен 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 бірге отырған едік. Бізге «Қандайда 

бір  жанды-жансыз  нәрсені  Аллаһқа  серік  етіп  қоспау 

және  зинақорлық  жасамауға  маған  серт  беріңдер. 

Уәдесінде  тұрған  адамның  сыйын  Аллаһ  береді.  Осы 

жамандықтардың  біріне  ұрынып,  күнәсін  Аллаһтан 

жасырған адамдардың нақты үкімі Аллаһқа тән. Қаласа, 

азапқа тартады, қаласа, кешіреді» деді»

194


.

192


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 2/721 (2365)

193


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/531 (1519)

194


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 1/531 (1521)


224

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет