236
Сахабалар салған сара жол
көршіліктен: «Аллаһқа және кітабы Құранға мойынсұну,
содан соң биліктегі халифаны тыңдап, бағынуға маған
серт бересіңдер ме?» – деп сұрайтын. Олар бірауыздан
келісетін. Сосын олармен серттесетін.
Мен оның қасында біраз уақыт болдым, ол кезде
менің балиғатқа енді толған кезім болатын. Серт берудің
өзіндік шарттарын біліп алғаннан кейін, Әбу Бәкірдің
(р.а.) қасына барып: «Алдымен Аллаһқа және кітабына
мойынсұну, сосын басшыларды тыңдап, бағынуға саған
серт беремін», – дедім. Бас-аяғымды шолып шықты да,
көзін төмен салды. Сертіме қуанғанын аңғардым»
212
.
212
Бәйхақи, Сүнән 8/146 (16339)