Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет130/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

7. ПАйғАМбАРыМыЗ МӘдинАғА 

КЕлгЕндЕ, АнСАР ӘйЕлдЕРІнІң 

бЕРгЕн СЕРТІ

Үммі  Атыйя  (р.а.)  айтады:  «Пайғамбар 

(саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)

  Мәдинаға  келгенде,  ансар  әйелдерінің  бір 

үйде жиналғанын құп көреді. Сосын оларға Омар ибн 

Хаттабты (р.а.) жіберді. Омар (р.а.) келген соң, есіктің 

сыртынан  сәлем  берді.  Әйелдер  оның  сәлемін  алды. 

Омар  (р.а.):  «Мен  Аллаһ  расулының  сендерге  жібер-

ген  елшісімін»,  –  деді.  Біз:  «Аллаһ  расулына  және 

Аллаһ расулының елшісіне сәлем», – дедік. Омар (р.а.): 

«Аллаһқа еш нәрсені тең санамауға, ұрлыққа бармауға, 

зинақорлық жасамауға, балаларыңды өлтірмеуге, біре-

уге жала жаппауға, жолдан тапқан баланы күйеулеріңе 

телімеуге, игі істерге қарсы шықпауға серт бересіңдер 

ме?» – деп сұрады. «Иә, серт береміз», – дедік біз. 

Сосын Омар (р.а.) есіктің сыртынан қолын созды. 

Әйелдер іштен (қол алысқан секілді) қолдарын созды. 

Омар (р.а.): «Аллаһ тағалам! Сен куә бол!» – деді.

«Ендігі жерде бой жетіп келе жатқан қыздарымыз 

бен  етеккірі  келген  әйелдерге  екі  мейрамда  көшеге 

шығуға  рұқсат  берілді.  Жаназаларға  қатыспайтын 

болдық. Бізге жұма намазы да парыз етілген жоқ». Омар-

дан жақсылыққа қарсы келмеу дегенде нені меңзегенін 

сұрадым.  «Дінге  қарсылық  білдіру,  өлгеннің  артынан 

жоқтау айтып жылау», – деді ол

204



203



 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/163

204


 Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/42 (9864)


233

Сахабалардың пайғамбарымыз бен халифаларға серт беруі

Пайғамбарымыздың  (с.а.с.)  нағашы  әпкесі, 

екі  құбылаға  да  қарап  намаз  оқыған  Адый  ибн 

Нәжжарұлдарынан  Сәлма  бинти  Қайс  (р.а.)  былай 

деген:  «Расулаллаһқа  бардым.  Ансар  әйелдерімен 

бірге  бір  жамағаттың  ішінде  оған  серт  бердім.  Бізге 

Аллаһқа  еш  нәрсені  тең  көрмеуді,  ұрлық  жасамауды, 

зинақорлықтан сақтануды, балаларымызды өлтірмеуді, 

жала жаппауды, кез келген игі істе оған қарсы келмеуді 

шарт  етіп  қойып,  «Күйеулеріңді  алдамаңдар»,  –  деді. 

Біз серт беріп, уәде еттік. Үйді-үйімізге тараған кезде, 

әйелдердің  біріне:  «Бар,  күйеуімізді  алдамау  дегенді 

қалай түсіну керек екенін Аллаһ расулынан сұра», – де-

дім. Бұл сауалымызға Аллаһ расулы: «Күйеуінің мал-

мүлкін оның сыртынан, оның келісімінсіз біреуге басы 

бүтін беру», – деп жауап береді

205



Убәйда  ибн  Харистің  қызы  Ғуфәйла  былай  дей-



ді:  «Анам  Карира  мен  мұһажыр  әйелдерінен  бірнеше 

кісімен  бірге  Пайғамбарымызға  барып  серт  бердік. 

Аллаһ  расулы  Абтахта  өзіне  арнап  тігілген  шатырда 

отыр екен. «Мүмтахина» сүресінің мына аятын оқып, 

біздің  сертімізді  қабылдады:  «Ей,  пайғамбар!  Мүмін 

әйелдер  Аллаһқа  барлық  мәселеде  серік  қоспауға, 

ұрлыққа  бармауға,  зинақорлық  жасамауға,  балалар-

ды  өлтірмеуге,  өтірік  айтпауға,  жоқ  жерден  жала 

жаппауға, тауып алған баласын күйеуіне телімеуге не-

месе жолдан тапқан баласын күйеуіне телімеуге, сенің 

оларға берген әміріне қарсы келмеуге саған серт беру 

үшін  келген  кезде,  сен  олардың  серттерін  қабылда 

және олар үшін Аллаһтан кешірім тіле. Өйткені Аллаһ 

өте кешірімді, аса рақымды» (Мүмтахина, 60/12).

205


 Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/42 (9863)


234

Сахабалар салған сара жол

Біз серт беруге қолымызды созғанда: «Мен бөтен 

әйелдермен қол алыспаймын», – деді. Біз үшін Аллаһтан 

кешірім сұрады. Осылайша серт бердік

206

.

Рұқайқаның қызы Үмәйя былай дейді: «Серт беру 



үшін бір топ әйелмен бірге Пайғамбарымызға 

(саллаллаһу 

аләйһи уә сәлләм)

 барып жолықтық. Біз оған: «Уа, Расулаллаһ, 

Аллаһқа еш нәрсені тең тұтпайтындығымызға, ұрлыққа 

бармайтынымызға,  зинақорлық  жасамайтынымызға, 

жала  жаппайтынымызға,  игі  істерде  саған  қарсы  кел-

мейтіндігімізге  серт  береміз»,  –  дедік.  Аллаһ  расу-

лы:  «Хал-қадірің  жеткенінше»,  –  деді.  Біз  де  «Шы-

нында,  Аллаһ  пен  расулы  бізге  өте  мейірімді.  Уа, 

Расулаллаһ, қолыңды бер, саған серт берейік», – дедік. 

Пайғамбарымыз:  «Мен  әйелдермен  қол  алыспаймын, 

менің  жүз  әйелге  айтқан  сөзім  мен  бір  әйелге  айтқан 

сөзімнің еш айырмасы жоқ», – деді»

207





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет