242
Сахабалар салған сара жол
тан Аллаһ расулы көрінді. Қарсы беттен келе жатыр еді.
Қағбаны тауап етіп, олардың қасынан өтіп бара жатқанда
Құрайыштар оны мазақ етісіп, бір-біріне ымдап, көз
қысысты. Бұған ренжігенін Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
жүзінен аңғардым. Екінші рет өткенде,
олар бұл әдепсіз қылықтарын тағы қайталады. Сон-
да Пайғамбарымыз
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
: «Ей, Құрайыш
қауымы! Тыңдап тұрсыңдар ма? Мұхаммедтің рухы
қолында болған Аллаһқа ант етемін, уаллаһи, әлі-ақ
итше бауыздаласыңдар», – дейді.
Оның бұл сөзі сол жердегілердің көңіліне қатты
тиді. Барлығы төбелерінен жай түскендей сілейіп оты-
рып қалады. Аллаһ расулының аузынан бұл сөз шықпай
тұрғанда, оған қастандық жасаудың жолын сөз етіп
отырғандар енді Расулаллаһты сабасына түсіру үшін,
жылы сөйлеп: «Уа, Әбул-Қасым, мұндай ауыр, дөрекі
сөздер аузыңнан шықпаушы еді ғой! Не болды саған?»
– деп сұрады. Аллаһ расулы оларға құлақ аспастан кетіп
қалды.
Ертеңіне олар тағы да жиналды, мен де солармен
бірге болатынмын. Құрайыштар: «Сендердің оған,
оның сендерге не істегені белгілі. Теріс жауап берсе де,
ештеңе істей алмадық қой», – десті бір-біріне.
Олар осыны айтып, сөйлесіп отырғанда, тағы да
Аллаһ расулы (с.а.с.) келді. Бәрі орнынан тұрып, оны
қоршап алды да: «Демек, сен біздің тәңірлерімізді
айыптайсың, дінімізді жамандайсың, солай ма?» –
деді.
Аллаһ расулы: «Иә, солай дегенім рас», – деді.
Сонда іштерінен бірі Мұхаммед Мұстафаға
(саллаллаһу аләйһи
уә сәлләм)
ұмтылып, жағасынан алды. Бұған шыдамаған
Әбу Бәкір (р.а.) әлгінің алдына барып, жылап тұрып:
243
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
«Раббым – Аллаһ» дегені үшін кісі өлтіресіңдер ме?»
– деді. Осыдан кейін олар Расулаллаһтың қасынан
қарасын батырды. Міне, Құрайыштың Аллаһ расулына
жасаған, мен көрген ең ауыр қорлығы»
219
.
Бірде Әбу Бәкірдің (р.а.) қызы Әсмадан (р.а.):
«Сенің көргендеріңнің ішінде мүшріктердің Пайғам-
барымызға жасаған ең ауыр қиянаты қандай еді?» – деп
сұрағанда, ол: «Мүшріктер Пайғамбарымыздың пұттар
туралы айтқанын Қағбада өзара әңгімелеп отырды. Сол
кезде Аллаһ расулы (с.а.с.) көрінді, барлығы оған тұра
ұмтылды. Сол сәтте Әбу Бәкірге «Тездетіп жолдасыңа
бар» деген дауыс келді. Әкемнің шашы төрт өрім бо-
латын. Шашын да жөнге келтірместен, Қағбаға қарай
тартты. Жеткен бойда: «Не деген сұмдық! «Раббым
Аллаһ» дегеніне бола адам өлтіресіңдер ме?» – деді.
Мұны естіген мүшріктер Расулаллаһты жайы-
на қалдырып, Әбу Бәкірдің өзіне тұра ұмтылды.
Мүшріктермен алысып-жұлысып үйіне келген Әбу
Бәкір шашын ретке келтірмек болып, қолын төбесіне
апарады. Уыс толы жұлынған шашын көріп, ол: «Ей,
құдіретті Раббым! Сен аса ұлықсың!» – деді»
220
.
Әнәс ибн Мәлік (р.а.) былай дейді: «Бір жолы
мүшріктер Пайғамбарымызды (с.а.с.) оңдырмай
соққыға жықты. Пайғамбарымыз есінен танып қалды.
Әбу Бәкір (р.а.): «Не деген сұмдық! «Раббым – Аллаһ»
дегені үшін адам өлтіресіңдер ме?!» – деп айқайлады.
Мүшріктер: «Мынауың кім?» – деп, мұрын шүйірген
араларындағы танымайтындарға олар: «Бұл – Әбу Бәкір
деген жынды», – деп жауап береді»
221
.
219
Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/9 (9812)
220
Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/11 (9814)
221
Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/12 (9815)
244
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |