Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Расулаллаһтың Таифта көрген қорлығы



Pdf көрінісі
бет143/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Расулаллаһтың Таифта көрген қорлығы

Уруа  ибн  Зубәйр 

(р.а.)

  былай  дейді:  «Әбу  Тәліп 



дүниеден  озғаннан  кейін,  Аллаһ  расулының  көрген 

күні  қараң  болып,  қайғы-қасіреттен  көз  ашпады. 

Ол  бәлкім  қолдау  табармын  деген  үмітпен  Таифтегі 

Сақиф  тайпасына  тартады.  Бұл  тайпаның  көсемдері 

Абду  Яләйл,  Хубәйб,  Мәсғудтарға  жолығып,  оларға 

Құрайыштардың  өзіне  және  сахабаларына  көрсеткен 

қиянаты  мен  қастандық  әрекеттерін  айтып,  мұңын 

шағады,  өзіне  қорған  болуын  сұрайды.  Алайда,  бұл 

үш  ағайынды  бірінен  бірі  өткен  қатыгез  боп  шықты. 

Бірі:  «Егер  Аллаһ  сені  пайғамбар  етіп  жібергені  рас 

болса, мен Қағбаның жабуын ұрлап алып, масқараңды 

226


 Хайсами, Мәжмәуз-зәуаид 6/18 (9120)


249

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

шығарамын»,  –  десе,  екіншісі:  «Уаллаһи,  бұдан  бы-

лай  сенімен  сөйлессем,  Хубәйб  атым  өшсін.  Бізге 

сендей  пайғамбармен  сөйлесу  қайда-а-а,  өреміз  жете 

қоя  ма?»  –  деп  мысқылдады.  Үшіншісі  де  бауырла-

рынан  қалыспай:  «Пайғамбарлыққа  сенен  басқа  адам 

табылмаған  ба?  Сені  таңдаған  құдайыңда  да  көз  жоқ 

екен?» – деп қыңыр тартты.  

Олар  Пайғамбарымыздың  не  мақсатпен  кел-

генін  былайғы  жұртқа  жариялайды.  Көпшілікте  көз 

жоқ,  олар  Аллаһ  расулын  (с.а.с.)  мазақ  етіп,  екі  әлем 

Сардарының жолын бөгеп, артынан тас боратады, аяғын 

жарақаттайды. Өздері осы істеген істеріне мұраттарына 

жеткендей мәз болып, қарқылдап күліседі. Расулаллаһ 

бұлардан құтылғанша асығады. Аяғынан қан сорғалап, 

ауыл шетіндегі әлдекімнің жүзім бауына барып бой та-

салайды. Жүзім ағашының саясында Сақиф тайпасының 

өзін ит қосып қуғанына қамығып, едәуір уақыт отыра-

ды. Қас қылғанда, жарақатының қаны тиылмай қойды. 

Айтқандайын, бауға кіргенде, Рабианың екі бірдей ұлы 

Утба мен Шәйбаны көреді. Көруін көргенімен оң қабақ 

таныта қоймас деген оймен оларға жоламайды. Сырттай 

бақылап біраз отырған Утба мен Шәйба әлден уақытта 

Аддас деген христиан құлынан Пайғамбарымызға бір 

шоқ  жүзім  беріп  жібереді.  Аддас  қожайындары  беріп 

жіберген  сәлемдемені  әкелгенде,  Екі  әлем  Сардары 

«Бисмилләһ»  деп  алып  жейді.  Аддас  өмірі  естімеген 

бұл сөздің қандай мағына беретінін білуге құмартады. 

Расулалаһ:  «Сен  өзі  қай  елденсің?»  –  деп  сұрайды. 

«Ниновадан», – дейді Аддас. Пайғамбарымыз: «Юнус 

ибн Мәтта деген ізгі адамның жерлесі екенсің ғой, со-

лай ма?» – деп сұрайды. Аддас таңырқап: «Юнус ибн 




250

Сахабалар салған сара жол

Мәттаны қайдан білесіз?» – деп сұрағанда, Аллаһ расу-

лы оған Юнус туралы айтып береді.

Басқа бір риуаятта Пайғамбарымыз: «Юнус – менің 

бауырым. Ол да пайғамбар болған. Мен де сол сияқты 

пайғамбармын», – деген. 

Аддас: «Маған Юнус ибн Мәтта туралы айтып бе-

ресіз бе?» – дейді. Аллаһ расулы Юнус туралы түскен 

аяттарды оқып бітірер-бітірмес, Аддас Расулаллаһтың 

әлі қаны тоқтамаған аяқтарына жармасып сүйе бастай-

ды.  Утба  мен  Шәйба  құлдарының  бұл  әрекетін  көре 

тұра,  қарсылық  көрсетпейді.  Аддас  қожайындарына 

қайтып  оралғанда:  «Саған  не  болды?  Мұхаммедке 

сәжде етіп, аяғын сүюге дейін бардың ғой? Бізге өмірі 

көрсетпеген  құрметті  көрсеткенің  қалай?»  –  дейді. 

Аддас:  «Ол  тегін  адам  емес.  Аллаһтың  бізге  жібер-

ген  Юнус  ибн  Мәтта  деген  пайғамбарына  қатысты 

ақиқатты айтып берді, Юнустың Аллаһ расулы екенін 

айтты», – дейді. Утба мен Шәйба күліп: «Байқа, сені 

ана  сүтімен  бойыңа  сіңген,  ата  дәстүрі  мен  дініңнен 

шығарып  жүрмесін,  ол  қулығына  құрық  болмайтын 

өте айлакер адам», – дейді. 

Ал Пайғамбарымыз бір адам болса да иманға кел-

геніне шүкіршілік айтып, Меккеге қайтады»

227

.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет