Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың ұхұд соғысында



Pdf көрінісі
бет145/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Пайғамбарымыздың ұхұд соғысында 

көрген қиындығы

Әнәс 


(р.а.)

  былай  деген:  «Ұхұд  соғысында 

Пайғамбарымыздың 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  алдыңғы 

тістерінің  бірі  сынып,  басы  жарылады.  Аллаһ  расулы 

бетін айғыздаған қанды сүртіп тұрып: «Аллаһқа иман 

келтіруге шақырған пайғамбардың басын жарып, тісін 

сындырған халықтан не үміт, не қайыр?» – деген бола-

тын. 


Пайғамбарымыздың осы сөзіне «Бұл мәселеде сенің 

еркіңдегі  іс  жоқ:  Аллаһ  қаласа,  оларға  тәубе  етуді 

нәсіп етіп, кешіреді, қаласа, жазаға тартады. Сенің 

міндетің – тек ескертіп, уағыздау ғана» (Әли Имран 

3/128) деген аят түсті

229

.

Айша 



(р.а.)

  былай  деген:  «Ұхұд  шайқасының  ба-

рысын  еске  алғанымызда  әкем  Әбу  Бәкір:  «Сол  күні 

Талханың мерейі үстем болды», – деп, мына оқиғаны 

баяндап берді: 

228


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/136

229


 Бұхари, Сахих 4/1493 (3842); Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/29


252

Сахабалар салған сара жол

«Ұхұд майданында уақытша жеңілістің ащы дәмін 

таттық. Меккеге елдің алды болып мен оралдым. Аллаһ 

расулына  қорған  болып,  Аллаһ  жолында  жан  берісе 

шайқасқан  әлдекім  есімнен  кетпей  қойды.  Өз-өзіме: 

«Сірә,  Талха  боларсың.  Сендей  ержүрек  адамның 

менің туысым болғанына айрықша қуанамын», – дедім. 

Мүшріктермен  арадағы  шайқаста  қаһармандығымен 

көзге түскен тағы бір адам да менің назарымды өзіне 

аударды.  Бірақ  мен  Аллаһ  расулына  жақындау  едім. 

Ол  жылдам  адымдайтын  шапшаң  адам  болатын.  Мен 

оған ілесе алмай артта қала бердім. Қарасам, ол – Әбу 

Убайда ибн Жәррах 

(р.а.)


 екен. Пайғамбарымыздың жа-

нына келгенімде тістері сынып, беті жарақаттанғанын, 

дулығасының шынжырбауы жүзіне қадалып қалғанын 

көрдім. Жарасынан қан сорғалап тұрса да, расулаллаһ 

Талханы нұсқап: «Жолдастарыңа көмектесіңдер!» – деді. 

Мен бұл айтқан сөзге мән бере қоймай, дулығасының 

шынжырбауын ағытпақ болғанымда, «Ант етейін, мені 

жайыма қалдырмасаң, сені кешірмеймін», – деді.

Мен оған көмектесуді Әбу Убайдаға (р.а.) тапсыр-

дым. Пайғамбарға қолын батырмайын деген сақтықпен 

Әбу  Үбайда  шынжырбауды  тісімен  ағытпақ  бол-

ды.  Дулығаның  шынжыры  Әбу  Убайданың  алдыңғы 

бір  тісін  жұлып  түсірді.  Әбу  Убайданың  орнына  мен 

көмектеспек болғанымда, Расулаллаһ бұл жерден кет-

песем,  мені  кешірмейтінін  айтып,  тағы  ант  ішті.  Әбу 

Убайда екінші шынжырбауды ағытып жатып, тағы бір 

тісінен айырылды. Негізінен, Әбу Убайда алдыңғы тіс-

тері кетік кісілердің ең әдемісі еді. Пайғамбарымыздың 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

 жарасын таңғаннан кейін, Талханы 




253

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

іздеп,  бір  шұңқырдан  таптық.  Жетпістен  аса  жерінен 

жарақат алыпты. Оған да ем-дом жасадық»

230






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет