Әбу Жәһілдің Пайғамбарымызға көрсеткен
қорлығы және хамзаның Әбу Жәһілге қол
көтеруі
Табарани жеткізеді: «Бір күні Әбу Жәһіл
Сафа жотасында аузына келген бидғат сөздермен
Пайғамбарымыздың шамына тиді. Хамза аңшы бола-
тын. Сол күні ол із кесіп кеткен болатын. Саят құрып
үйіне оралған кезде, Әбу Жәһілдің Пайғамбарымызға
жасағандарын көрген әйелі: «Ей, Әба Умара! Әбу
Жәһілдің ағаңның баласына жасағанын көргеніңде
ғой», – деді. Мұны естіген Хамза ашуланып, үйіне
бір кіріп, бір шығып тағат таппайды. Садағын әлі ше-
шпеген болатын. Байыз таппай Харам мешітіне қарай
тартты. Әбу Жәһілді тауып алып, ләм-мим деместен,
садағымен басынан салып жіберді. Әбу Жәһілдің басы-
көзін қан жуып кетті. Құрайыштың адамдары жабылып
жүріп, Хамзаны бұдан арғы әрекетке жібермей, қол-
аяғынан мықтап ұстап, тыпыр еткізбейді. Сонда Хамза:
«Менің дінім – Мұхаммедтің діні, куәлік етемін, ол –
Аллаһтың расулы. Мен өз айтқанымнан қайтпаймын.
Кәне, қайсың барсыңдар маған қарсы келер жүрек
жұтқан?» – дейді.
Хамзаның Исламға кіруіне байланысты мұсыл-
мандар күшейіп, емін-еркін жүретін болды. Ал,
Құрайыштар аяқ тартып, қадамдарын абайлап басатын
болды. Өйткені олар Хамзаның (р.а.) пайғамбарды өз
қорғауына алғанын түсінген еді»
225
.
224
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/44
225
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 3/140 (2926)
248
Сахабалар салған сара жол
Достарыңызбен бөлісу: |