268
Сахабалар салған сара жол
Осман
(р.а.)
былай деген: «Пайғамбарымызбен бір-
ге Батхада жүргенде, мүшріктер Аммарды және оның
әке-шешесін Исламнан бас тартқызу үшін, ыстық
күннің астында азаптап жатқанын көрдік. Аммардың
әкесі «Уа, Расулаллаһ, бұл қашанға дейін жалғасады?»
– деп налығанда, Аллаһ елшісі: «Сабыр етіңдер, Ясир
әулеті! Сабыр етіңдер», – дейді де, «Аллаһ тағалам!
Ясир әулетін кешір. Оларды кешірдің деп үміттенемін»,
– деп дұға етеді»
245
.
Мүжаһидтен келген риуаят бойынша, Исламның
алғашқы шейіті – Аммардың анасы Сүмәйя (р.а.). Әбу
Жәһіл Сүмәйяны (р.а.) кіндігінен төмен найза шаншып
шейіт еткен еді.
246
Достарыңызбен бөлісу: