Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу Зәрр ғифаридің азап шегуі



Pdf көрінісі
бет157/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Әбу Зәрр ғифаридің азап шегуі

Ибн Аббас 

(р.а.)

 былай дейді: «Әбу Зәрр (р.а.) Аллаһ 



расулының  өзін  пайғамбармын  деп  жариялағанын 

естіп,  бауырын  Меккеге  аттандырады.  Ондағы  ойы 

–  Ислам  туралы  мәлімет  алу.  Бауырын  аттандырып 

тұрып,  Мұхаммед 

(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)

  жайлы  елдің  не 

деп жүргенін, Аллаһ расулының былайғы жұртты неге 

үндейтінін біліп келуді шегелей тапсырады.  

Әбу  Зәррдің 

(р.а.)


  бауыры  Меккеге  келген  бойда, 

Пайғамбарымызды 

(с.а.с.)

 іздеп тауып алады, сөздеріне 

құлақ түреді. Қайтып оралған соң, Әбу Зәррге: «Ол адам-

дарды  жақсылыққа  шақырады.  Әрі  айтып  жүргендері 

бұрын-соңды ел естіп көрмеген, өлең деуге келмейтін 

қызық нәрселер», – деп сараң жауап береді. Әбу Зәрр: 

«Әй, сені де қолынан іс келеді деп жүрген өзіме де обал 

жоқ!» – деп, жолға өзі шығады. 

Ол Меккеге жеткен бойда, алдымен, Харам мешіті-

не тартады. Жасырынып келген жансыз секілді Аллаһ 

расулын ешкімнің көмегіне жүгінбей, жалғыз өзі іздей-

ді. Осы арада айта кететіні, Әбу Зәррдің бұлай етуінің 

өзіндік себептері де жоқ емес. Біріншіден, ол істің анық-

қанығын  өз  көзімен  көріп,  біліп  алмай  тұрып,  басқа 

біреудің  сөзіне  еріп,  мұратына  жетпейтінін,  әсіресе, 

көшедегі  көдедей  көп  көлденең  көк  аттыдан  көңіл 

көпшітерлік жауап алып жарытпайтынын жақсы білді. 

Екіншіден,  Пайғамбарымызды  іздеуінің  қорғасындай 

ауыр  сыры  бар  болатын.  Ал,  ол  қандай  сыр?...  Оны 

Аллаһ пен Әбу Зәррдің өзінен басқа ешкім білмейтін. 

Және оны біреу-міреудің біліп қойғанын Әбу Зәрр (р.а.) 

қалаған  жоқ.  Біліп  қалса,  барынан  айырылып,  базары 

тарқайтындай  қорықты.  Сол  себепті,  Әбу  Зәрр  (р.а.) 

былайғы елден сырын алдырып қоятындай қуыстанып, 




272

Сахабалар салған сара жол

сырттап жүрді. Әбу Зәрр Пайғамбарымызды танымай-

тын. Сөйтсе де, күні-бойы аяғынан сабылып, шаршаған 

Әбу  Зәрр  ымырт  үйіріле  кімді  іздеп  жүргенін,  не 

үшін  іздеп  жүргенін  тірі  жанға  тіс  жарып,  білдіргісі 

келмейді.  Харам  мешітіне  барды.  Тынығып  жатқан 

Әбу  Зәррге  назары  түскен  Али 

(р.а.)


  оның  бөгде  адам 

екенін  байқап,  үйіне  шақырады.  Әбу  Зәрр  Алидің 

шаңырағында түнейді. Алайда, екеуі де бір-біріне сыр 

алдырмайды. Ертеңіне Әбу Зәрр (р.а.) қас қарайғанша 

Харам мешітінде болады. Бірақ Пайғамбарымызға бұл 

жолы да кезіге алмайды. Али оны осы жолы да қонақ 

етіп күтті. Бұл жолы да бір-бірінен жөн сұрасқан жоқ. 

Бұл жағдай үшінші күні де қайталанды. Али (р.а.): «Бұл 

жаққа не шаруамен келдіңіз?» – дейді қонағын үркітіп 

алмайын дегендей баяу үнмен. Әбу Зәрр: «Маған жол 

көрсететініңе уәде берсең ғана не үшін келгенімді айта-

мын» – дейді. Али уәде береді. Әбу Зәрр келген себебін 

айтады. Оның сөзін бөлмей, ақыр-аяғына дейін мұқият 

тыңдаған Али: «Иә, айтқаның рас. Ол – Аллаһтың ел-

шісі. Ертең менімен бірге жүр. Саған қауіп төнетіндей 

жағдай  туса,  тоқтап,  су  төккендей  қимыл  жасаймын. 

Егер тоқтамасам, соңымнан қалма», – дейді.

Әбу Зәрр оның айтқандарын бұлжытпай орындай-

ды.  Али  Аллаһ  расулы  отырған  үйдің  табалдырығын 

аттайды.  Әбу  Зәрр  оның  соңынан  іле-шала  кіреді. 

Әбу Зәрр (р.а.) Расулаллаһтың сөздерін ұйып тыңдап, 

сол жерде мұсылман болады. Аллаһ расулы: «Уа, Әбу 

Зәрр, әзірге мұсылман болғаныңды жан адамға білдір-

мей жасыра тұрасың. Біз ашық әрекетке көшкенде ғана 

қауымыңа дінді уағыздап, ақиқатқа шақыра бастайсың», 

– деп ескертеді. Әбу Зәрр (р.а.): «Аллаһқа ант етемін, 

мен иманға келгенімді мүшріктерден жасырмай, күллі 



273

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

әлемге  даусым  жеткенше  жар  саламын»,  –  дейді  де, 

аялдамай  Қағбаға  тартады.  Бар  даусымен:  «Әшһәду 

ән  лә  иләһә  илләллаһ  уә  әшһәду  әннә  Мұхаммәдән 

расулаллаһ»  –  деп  айқайлайды.  Мүшріктер  де  қарап 

қалмайды,  Әбу  Зәррді  соққыға  жығады.  Аббас  ара-

ша түсіп, оның Ғифардың бірі екенін, Шамға баратын 

саудагерлердің  жолы  солардың  аулынан  өтетінін  ай-

тып, Әбу Зәррді олардан ажыратып алады. 

Әбу  Зәрр  (р.а.)  ертеңіне  Харам  мешітіне  келіп, 

шәһадат сөзін дауыстап айтады. Мүшріктер бұл жолы 

да Әбу Зәррға жабыла кетеді.  Бұл жолы да оны Аббас 

арашалап алады.

252


 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет