Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет159/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   349
осман ибн Мазунның 

қиыншылықтарға төзуі

Уәлид ибн Муғираны пана тұтып, өзін кез келген 

ортада  еркін  ұстайтын  Осман  ибн  Мазғун  (р.а.)  өзге 

сахабалардың шеккен қорлықтарын көргенде, өз-өзіне 

«Қайдағы  бір  мүшріктің  қамқорлығына  кіріп,  айда-

рымнан жел есіп, алшаң басқан менікі не жүріс? Жол-

дастарым  мен  діндестерім  азап  шегіп,  қорлық  көріп 

жүр. Қой, не де болса, солармен бірге болайын», – деп, 

253

 Ибн Хажар, әл-Исабә 7/127




275

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

Уәлид  ибн  Муғираға:  «Әй,  Әбу  Абдушамс,  бүгіннен 

бастап  мен  сенің  қамқорлығыңнан  бас  тартамын»,  – 

дейді. Уәлид: «Өз басыңды қатерге тіккенің қалай ба-

уырым?  Байқа,  саған  біреу-міреу  тиісіп  жүрмесін», 

–  десе  де,  Осман  ибн  Мазғун:  «Жоқ,  бұлай  жүре  ал-

маймын. Маған Аллаһтың қамқорлығы жетеді», – дей-

ді.  Осман  ибн  Мазғунның  айтқанынан  қайтпайтынын 

байқаған Уәлид «Олай болса, Харам мешітіне барайық. 

Сені қалың елдің алдында өз қамқорлығыма алғанымды 

жар  салғанымдай  дүйім  жұртқа  қамқорлығымнан  бас 

тартқаныңды хабарламаймын ба?», – дейді. Екеуі Ха-

рам мешітіне бірге келді. Уәлид сол жердегілерге: «Әй, 

жамағат!  Мына  Осман  қамқорлығымнан  бас  тартты», 

– дейді. Осман ибн Мазғун: «Иә, Уәлид дұрыс айтады. 

Досқа серік, уәдеге берік екеніне куә болдым. Алайда, 

мен Аллаһтан басқаның қорғауында болғым келмейді. 

Сол себепті, Уәлидтің қамқорлығынан бас тартамын», 

– деп жар салды. 

Уәлид ибн Муғираның қамқорлығынан бас тартқан 

Осман ибн Мазғун (р.а.) қайтып бара жатып, көшеден 

Ләбид ибн Рабиғаның жұртты жинап алып өлең оқып 

тұрғанын көреді. Осман Ләбид ибн Рабиғаның өлеңіне 

құлақ түреді. Өлеңнің «Аллаһтан басқа құдай жоқ» де-

ген тұсына келгенде, Осман (р.а.): «Дұрыс айтасың», – 

дейді. Алайда «Барлық нығмет түбінде жоғалады» деген 

тұсына келгенде, Осман: «Өтірік айтасың. Жұмақтағы 

нығметтер жоғалмайды», – дейді. Оның бұл сөзіне шам-

данып қалған Ләбид: «Әй, Құрайыш жамағаты, бұрын 

сендер қонақтың сөзін мұқият тыңдаушы едіңдер. Сөзге 

жағаласатын мына әдет қашаннан бері пайда болған?», 

–  деп  сұрайды.  Мүшріктердің  бірі:  «Бұл  дінімізді 

тәрк  еткен  ақымақтардың  бірі,  сөзіне  мән  бермей-ақ 



276

Сахабалар салған сара жол

қой», – дейді. Осман (р.а.) оған да есесін жібермейді, 

араларында  талас  туып,  аяғы  жанжалға  ұласады.  Тіп-

ті  мүшрік  Османды  жұдырықпен  салып  қалады.  Лез-

де Османның көзі көгеріп, күп боп ісіп кетеді. Уәлид 

ибн Муғира да сол жерде болатын. Ол: «Уаллаһи, жи-

енім! Қараптан-қарап жарақат алдың. Сен менің мықты 

қамқорлығымнан бекер бас тарттың?», – дейді. Осман: 

«Аллаһқа ант етемін, екінші көзімді де Аллаһ жолында 

пида етуге дайынмын. Ей, Әбу Абдушамс! Мен сенен 

де күшті құдірет иесінің қамқорлығындамын», – дейді 

де, мына өлеңді оқиды:

«Егер  көзім  Раббымның  разылығы  жолында  бір 

дінсіздің қолынан зарар көрген болса, күмәнсіз, Аллаһ 

мұның сауабын береді. Әй, жамағат, Рахман кімге разы 

болса,  ол  адам  мәңгілік  бақытты.  Сендер  «Ақымақ, 

адасқан»  деген  екен  деп,  Мұхаммедтің  дінінен 

шығып  кетпеймін.  Мен  Хақ  тағаланың  разылығынан 

үміт  күтемін.  Бізге  қаншалықты  қиянат  жасалса  да, 

қаншалықты шектен тыс қысым көрсетілсе де, хақ дін 

– біздің дініміз», – деді

254


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет