Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Мұсғаб ибн умәйрдің (р.а.) көрген



Pdf көрінісі
бет160/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Мұсғаб ибн умәйрдің (р.а.) көрген 

қорлықтары

Мұхаммед  әл-Абдәри  өз  әкесінен  естігенін  бы-

лай  жеткізеді:  «Мұсғаб  ибн  Умәйр  Меккенің  сым-

дай  тартылған  сымбатты  жастарының  бірі  еді.  Әке-

шешесінің  ол  десе  шығарға  жаны  бөлек  болатын. 

Ауқатты отбасында өскен Мұсғаб қымбат матадан тігіл-

ген киімдер киетін, меккеліктердің арасында иіссудың 

сан алуан түрін қолданатын. Расулаллаһ 

(с.а.с.)

 ол тура-

лы: «Меккеде Мұсғаб ибн Умәйрден асқан шашы жібек-

254


 Әбу Нуайм, Хилия 1/103


277

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

тей таралып, шоқтай үлпілдеп, құмдай сусып тұратын 

ажарлы әрі талғаммен киінетін ешкім жоқ», – деген еді. 

Мұсғаб  ибн  Умәйр  –  Пайғамбарымыздың 

(с.а.с.)

  Ибн 


Әрқамның  үйінде  халықты  Исламға  шақырып,  дінді 

уағыздап жатқанын естіген бойда келіп мұсылмандықты 

қабылдаған болатын. Алайда, мұсылман болғандығын 

маңайындағылардан  жасыратын.  Аллаһ  елшісінің 

қасына үнемі жасырын келіп тұратын. Бірде Мұсғабтың 

намаз  оқып  жатқанын  көріп  қалған  Осман  ибн  Талха 

бұны  анасы  мен  туыстарына  жеткізіп  барады.  Анасы 

мен туыстары оны райынан қайтару үшін үйінде қамап 

ұстайды. Мұсғаб мұсылмандардың алғашқы һижретіне 

дейін қамауда отырады да, кейіннен мұсылмандармен 

бірге Хабашстанға кетеді. Араға бірталай уақыт салып, 

һижрет еткен мұсылмандармен қайтып оралады. Бауыр 

еті баласының бұрынғы сәнінен айырылып, адам таны-

мастай өзгергенін әрі жүдеп-жадаған түрін көрген ана-

сы Мұсғабқа қысым көрсетуін доғарады

255






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет