Әбу бәкірдің қызы Әсманың аштыққа
тап болуы
Әсма
(р.а.)
айтады: «Бір күні Пайғамбарымыздың
Бәни Надир алқабынан Әбу Сәләма мен Зубәйрге бөліп
берген жеріне барған болатынмын. Зубәйр Аллаһ расу-
лымен бірге шығып кеткен еді. Бір яһуди көршіміз бар
болатын, сол қой сойып, ет пісіріп жатыр екен. Еттің иісі
аңқып, жегім келіп, аңсарым ауды. Әлі есімде, қызым
Хадишаға жүкті кезім. Шыдай алмай, «Бәлкім, маған
да берер» деген оймен оттық алуды сылтау қылып,
яһудидің әйеліне бардым. Негізінде, маған оттық ке-
рек емес еді. Еттің өзін көргенде, сілекейім ағып кет-
ті. Алған оттықты сөндіріп, тағы да барып сұрадым.
Сөйтіп, үшінші рет оттық сұрап барғанда, шыдай алмай
жылап, Аллаһқа дұға еттім. Кейіннен яһуди әйелдің
күйеуі үйіне келіп, әйелінен: «Үйге біреу келді ме?» –
деп сұрапты. Әйел: «Бір араб әйел келіп, оттық сұрады»,
– депті. Күйеуі: «Сол әйелге мына еттен жібермейінше,
етті аузыма алмаймын», – депті. Сөйтіп, олар маған ет
беріп жіберді. Қатты қуанғаным соншалық – жер бетін-
де мен үшін сол еттен дәмді еш нәрсе жоқтай болып
көрінді»
285
.
Достарыңызбен бөлісу: |