289
Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары
уын ешкі бар еді. Осы ешкілердің сүтін Расулаллаһ біз-
ге бөліп беретін. Біз сүттің өзімізге тиесілі бөлігін ішіп,
бір бөлігін Аллаһ елшісіне алып қалатынбыз. Аллаһ
елшісі үйге кіргенде, ұйқыдағы адамды оятпайтындай,
бірақ ояу адам еститіндей етіп ақырын сәлем беретін.
Бір күні шайтан азғырып «Пайғамбарға тиесілі сүтті
іше салсаң не қылады? Пайғамбар ансарға барса, сол
жерде оны қонақ қылып күтеді емес пе?» деген ой кел-
ді. Содан шыдай алмай сүттің бәрін ішіп қойдым. Сүтті
ішуіне ішіп ап: «Не істеп қойдың? Қазір Мұхаммед кел-
се, сүтін ішіп қойғанын көріп мені қарғаса, құрдымға
кететін шығармын», – деп уайым жедім. Қасымдағы
екі жолдасым өздеріне тиесілі сүтті ішіп, жатып
қалған-ды. Ал мен ұйықтай алмай, дөңбекшумен бол-
дым. Үстімді жапсам аяғым, аяғымды жапсам үстім
ашылып қалатын тілдей жамылғым бар еді. Сөйтіп
жатқанда, Аллаһ расулы келіп, намазын оқыды. Со-
сын сүтке қарады. Сүт жоқ екенін көріп, қолын жайды.
Мен: «Енді мені қарғайды, қазір мен құримын», – деп
ойлап жатқанымда, Аллаһ расулы «Уа, Раббым! Мені
тойдырғанды тойдыр, маған ішкізгенге ішкіз», – деп
дұға етті. Осыны ести сала, үстімдегі жамылғымды
алып тастап, үлкен пышағымды алып қораға бардым.
Ойым – семізін таңдап Аллаһ расулына сойып беру.
Ешкілерді көріп, таң қалдым. Барлығының желіндері
сүтке толып тұр екен. Сосын Пайғамбарымыздың
үйінен сүт сауатын ыдысты алып кеп, ешкілерді сауа
бастадым. Сүтті әкеліп, Пайғамбарымызға бердім. Ол
ішіп болған соң, маған берді. Мен де іштім де, қайтадан
өзіне бердім. Ол ішіп, қайтадан маған берді. Мен тағы
да іштім. Сосын бұл оқиғаға ішек-сілем қатып күлдім.
Ол маған: «Әй, Миқдат, бұл сенің жамандықтарыңның
290
Сахабалар салған сара жол
бірі», – деді. Мен оған болған жайтты айта бастадым.
Расулаллаһ: «Бұл Аллаһтың рақымдылығы. Әттең, екі
жолдасыңды да оятып, оларға да сүттен бергеніңде ғой»
деді. «Сені хақ дінмен жіберген Аллаһқа ант етемін, сен
ішіп тойдың, мен сенен артылғанды ішіп тойдым, енді
оларды ұмыт қалдырғаныма ренжімеймін» дедім».
280
Достарыңызбен бөлісу: