Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу һұрайраның аштықтан ішіне тас



Pdf көрінісі
бет173/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Әбу һұрайраның аштықтан ішіне тас 

байлап алуы

Әбу  Һұрайра 

(р.а.)

  айтады:  «Уаллаһи,  аштықтан 



жерге сүйретіліп, аяғымды зорға басып, ішіме тас бай-

лап  алатынмын.  Бір  күні  халық  көп  жүретін  бір  жер-

ге барып отырғанымда, Әбу Бәкір 

(р.а.)


 қасымнан өтті. 

Мені  ертіп  алар,  үйіне  қонақ  етер  деген  дәмемен  сәл 

кідіртіп, одан бір аят жөнінде сұрақ сұрадым, бірақ ол 

мені өзіне ертпеді. Сосын Омар 

(р.а.)

 өтіп бара жатты. 



Одан  да  әлгіндей  мақсатпен  Құраннан  аят  сұрадым. 

Ол  да  мені  шақыра  қоймады.  Сол  кезде  Расулаллаһ 

(с.а.с.)

  жанымнан  өтті.  Ол  менің  сөзімнің  астарын 

түсініп: «Әбу Һұрайра! Менімен жүр, үйге барайық», 

– деді. Үйіне барып, рұқсат алып, ішке кіргенімде, бір 

шыныаяқ сүтті көзім шалды. Расулаллаһ үйіндегілерден 

бұл сүттің  қайдан келгенін сұрады. Олар сүтті біреудің 

беріп кеткенін айтты. Аллаһ расулы: «Әба Һирр! Сен 

барып суффалықтарды да шақырып кел», – деді.

Суффа  сахабалары  Исламның  қадірлі  қонақтары 

болатын. Олардың бала-шағалары да, дүние-мүліктері 

де жоқ еді. Пайғамбарымыз өзіне берілген сыйлықтың 

бір бөлігін өзі алып, қалғанын соларға жіберетін. Садақа 

келсе,  барлығын  соларға  жіберіп,  садақаға  қолын  да 

280


 Мүслим, Сахих 3/1325 (2055)


291

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары

тигізбейтін. Расулаллаһтың оларды шақырғанына мен 

іштей  ренжіген  едім.  Өйткені,  сүтті  ішіп,  бір  тойып 

қалатын  болдым-ау  деп  ойлағанмын.  Ішімнен:  «Сүтті 

келген жамағатқа берсем, мен не ішем?! Бірақ, Аллаһ 

пен расулына бағынуым керек», – деп күбірледім. Ба-

рып  суффадағыларды  шақырып  келдім.  Олар  келіп, 

ішке кіруге рұқсат сұрады. Рұқсат алғаннан кейін оты-

рып, жайғасты. Сосын Аллаһ расулы: «Әба Һирр, оларға 

шыныаяқты  толтырып  сүт  бер»,  –  деді.  Мен  ыдысты 

қолыма алып, кезекпен сүт бере бастадым. Олар сүттен 

тойғанынша  ішіп,  ыдысты  қайтадан  өзіме  қайтарып 

беріп отырды. Осылайша соңғы адамға дейін сүтті ара-

латып шықтым. Ең соңында ыдысты Пайғамбарымызға 

бердім. Ыдысты қолына алғанда ішінде біраз сүт қалған 

еді.  Басын  көтеріп  маған  қарап  күлімсіреп:  «Әй,  Әба 

Һирр! Сен екеуміз қалдық», – деді. «Иә, мен әлі ішкен 

жоқпын», – дедім. Ол: «Отыр, сен де іш», – деді. Мен 

отырып сүтті іштім. Сосын ол «Тағы да іш» деп бірне-

ше  рет  қайталады.  Ақырында,  мен:  «Жетеді,  сені  хақ 

дінмен жіберген Раббыма ант етемін, әбден тойдым», 

–  дегеннен  кейін  шыныаяқты  алып,  қалған  сүтті  өзі 

ішті

281


Тағы бірде үш күн бойы нәр татпаған болатынмын. 

Суффаға барамын деп шығып,  аштықтан құлап-сүрініп 

әзер жеттім. Көшедегі балалар бұл түрімді көріп: «Әбу 

Һұрайра жынданыпты», – деп мазақ етісіп жатты. Мен 

оларға:  «Өздерің  жындысыңдар»,  –  дедім  де  суффаға 

бардым.  Қарасам,  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)


  өзіне  сыйға 

тартылған екі ыдыстағы тамақты әкеліп, қонақтарына 

беріп жатыр, ал әлгілер жеп отыр екен. Мені де шақырып 

281


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/101


292

Сахабалар салған сара жол

қалар деген үмітпен мойнымды созып, Аллаһ расулына 

көрінуге тырыстым. Жамағат орындарынан тұрған кез-

де,  ыдыстарында  тамақтың  жұғынынан  басқа  ештеңе 

қалмапты. Аллаһ расулы соларды жинап, маған «Қане, 

«бисмилләһ» деп же», – деді. Аллаһқа ант етемін, соны 

жеп, қарным тойды»

282


.

Ибн  Сирин  айтады:  «Бір  күні  Әбу  Һұрайраның 

(р.а.)

  қасында  едік.  Үстінде  қызыл  түсті  екі  бөлек 



зығыр киімі бар екен. Олардың бірімен мұрнын сүртті 

де:  «Апырай,  Әбу  Һұрайраға  қарасаңшы!  Мұрнын 

зығырмен  сүртеді.  Уаллаһи,  сол  сәттерімді  еске  ала-

мын,  Пайғамбарымыздың  мінбері  мен  Айшаның 

(р.а.)

 

бөлмесі  арасында  есімнен  танып,  етбетіммен  жерге 



құлайтынмын. Көргендер келіп мойнымды аяғымен ба-

сып көріп, мені ауру деп ойлайтын. Алайда менің естен 

тануымның себебі аштық болатын», – деді

283


Әбу Һұрайраның осы жағдайы туралы мынадай де-

рек те бар: «Уаллаһи басымнан мынадай жағдай өткен 

еді.  Мен  Аффанның  баласы  мен  Ғаузанның  қызына 

тамақ пен аяқ киім үшін қызметшілік жасадым. Бір жер-

ге  баратын  кезде  мінетін  малдарын  айдап,  үйлерінде 

жоқ  кезде,  үй  жұмыстарын  істейтінмін.  Ғаузанның 

қызы бір күні маған: «Түйені судың басына жалаңаяқ 

апарып, қайтарда шөктірмей мінетін бол» деді. Кейін-

нен Аллаһ маған осы әйелге үйленуді нәсіп етті. Қазір 

енді мен оған: «Түйені судың басына жалаңаяқ апарып, 

шөктірмей мін», – дейтін болдым

284

.

282



 Мүнзири, әт-Тәрғиб 4/108 (5004)

283


 Бұхари, Сахих 6/ 2670 (6893)

284


 Ибн Сағыд, Табақат 4/53


293

Пайғамбарымыздың Аллаһ жолында шеккен қиындықтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет