Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


АллАһ ЖолындА СуыҚҚА шыдАу



Pdf көрінісі
бет180/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

7. АллАһ ЖолындА СуыҚҚА шыдАу

Жорықта жүрген сахабалар суықтан қалай 

қорғанды? 

Әбу  Райхана 

(р.а.)

  айтады:  «Әлдебір  жорыққа 



Аллаһ расулымен 

(с.а.с.)


 бірге аттандым. Түнде қырқа-

қыраттың  ығын  паналасақ  та,  суықтан  қалтырап  тоңа 

бастадық. Жаурағанымыз сонша – кейбіреулер денесі 

сиятындай ор қазып, сол орда суықтан қорғанып, бетін 

қалқандарымен  жауып  алғанын  да  көрдім.  Суықтан 

сұры  қашқан  сахабаларына  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.):

 

«Бүгін түнде бізді кім күзетеді? Сол үшін дұға етемін, 



ол  адам  үлкен  жақсылықтарға  кенеледі»,  –  деді.  Ан-

сардан біреу: «Мен күзетейін, уа, Расулаллаһ», – деді. 

«Сен кімсің?» – деп сұрағанда, әлгі адам атын айтты. 

Пайғамбарымыз оған: «Бері жақында», – деді де, оның 

киімінің  пұшпағынан  ұстап  тұрып,  дұға  етті.  Мен 

Пайғамбарымыздың дұғасын естіп: «Мен де күзетемін, 

уа, Расулаллаһ», – дедім. «Сен кімсің?», – деп сұрады ол. 

«Әбу Райханамын», – дедім. Расулаллаһ (с.а.с.) маған 

қысқаша  дұға  етті  де,  «Аллаһ  жолында  түн  ұйқысын 

қиып,  жолдастарының  тыныштығын  күзеткен  көзге 

тозақтың оты харам қылынған», – деді

298






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет