300
Сахабалар салған сара жол
панмен жүзін бүркеп, екі аяғын хош иісті изхир атты
өсімдікпен қымтаған болдық»
299
.
шурахбил ибн хасананың оқиғасы
Абдуллаһтың қызы Шифа
(р.а.)
былай деген:
«Пайғамбарымызға
(с.а.с.)
киім сұрай бардым. Ол бере-
тін ештеңесі жоқ екенін айтты, бірақ мен іштей сенбей
тұрдым. Сол кезде намаз уақыты кірді. Мен кідірмей
Шурахбил ибн Хасанамен отасқан қызымды бетке
алдым. Шурахбил үйінде екен. Шурахбилден: «На-
маз уақыты кірді ғой, сен неге үйде отырсың?» – деп
сұрадым. «Нағашы әпке, мені жазғыруға асықпа. Бір
киерім бар еді, оны Расулаллаһ сұрап алды», – деді.
«Мен бүгін ол туралы жаман ойлап қалған едім. Демек,
маған өтірік айтпаған болды ғой», – дедім. Шурахбил:
«Шынында, Аллаһ расулының біз жамап-жасқап бер-
ген сол киімінен басқа киімі жоқ болатын», – деді
300
.
Достарыңызбен бөлісу: