Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Жұма күндері талай сахабаның ұртын май-



Pdf көрінісі
бет178/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Жұма күндері талай сахабаның ұртын май-

лап, сауап алған әйел

Сәхл  ибн  Сағыд 

(р.а.)

  айтады:  «Егіс  алқабына 



қызылша  егетін  бір  әйел  бар  еді.  Жұма  күндері 

қызылшаларды  қазанға  салып,  бір  уыс  арпа  үгітіп, 

майсыз  тағам  әзірлейтін.  Тамырымен  бірге  салынған 

қызылша  біз  үшін  майлы  жіліктен  кем  соқпайтын. 

Жұма күні намаздан қайтқанда, сол әйелге соғып, сәлем 

беретінбіз.  Ол  бізге  өзі  пісірген  тамағын  ұсынатын. 

Сондықтан да жұма күнін асыға күтетінбіз»

295


.

6. дІнгЕ шАҚыРу ЖолындА шөл 

АЗАбынА шыдАу

Сахабалардың Тәбүк соғысында шөл аза-

бын тартуы

Ибн Аббас 

(р.а.)

 айтады: «Омарға (р.а.) «(«Тәубе» 



сүресінің  117-аятындағы)  Қиын  кездер  туралы 

білгеніңді айтып бересің бе?» – деп сұрақ қойылғанда, 

ол былай деді: «Аңылжыған аптапта Тәбүк жорығына 

шықтық.  Жолда  ат  шалдырдық.  Жасыратыны  жоқ, 

қаталағанымыз  соншалық  –  барар  жерімізге  жетпей, 

баудай  түсіп,  шыбындай  қырылатын  шығармыз  деп 

те ойладық. Арамыздан бірқатарымыз өз жасағына ба-

рып, қайтар жолда сүйретіліп өлуден қорқып кері қайта 

алмай  жататын.  Тіпті,  кейбіреулер  түйесін  сойып, 

ішек-қарнындағы  қидың  сығындысымен  таңдай  жібі-

294

 Бұхари, Сахих 4/ 1505 (3875)



295

 Бұхари, Сахих 1/ 317 (896)




298

Сахабалар салған сара жол

тетін.  Шөл  азабынан  шөге  түсіп,  әбден  титықтадық. 

Әбу  Бәкір  (р.а.):  «Уа,  Расулаллаһ,  Хақ  тағала  саған 

қайырлы  дұғалар  жасауды  үйретті.  Біз  үшін  дұға 

етіңіз»,  –  деді.  Пайғамбарымыз:  «Шынымен  дұға  ет-

кенімді қалайсыңдар ма?» – деп сұрады. «Әрине», – деп 

жауап  қатты  Әбу  Бәкір.  Осы  кезде  Аллаһ  расулы  екі 

қолын көкке көтерді. Қолын түсірмей жатып, аспанда 

бұлт пайда болды. Сонан соң ақырын сіркіреп жаңбыр 

жауа бастады, арты нөсерге ұласты. Сахабалар ыдыста-

рын суға толтырып алды. Бір таңғаларлығы: кейіннен 

байқадық  жаңбыр  тек  мұсылман  әскері  тұрған  жерге 

ғана жауыпты»

296


.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   174   175   176   177   178   179   180   181   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет