Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет185/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

10. АллАһ ЖолындА ҚАндАй 

ҚиындыҚҚА болСА дА, ТӘуЕКЕл 

ЕТудІң ТАғы бІР МыСАлы

Амр ибн Жәмухтың оқиғасы

Сәләмаұлдарының  бетке  тұтар  кейбір  азаматта-

ры былай деген: «Амр ибн Жәмух 

(р.а.)


 ақсақ болатын. 

Оның бірінен-бірі өткен сайдың тасындай үш ұлы бар 

еді. Олар Аллаһ расулымен барлық жорыққа қатысты. 

Бірде  ұлдары  әкесінің  сылтып  басатын  кемтарлығын 

ойлап, Ұхұд соғысына қатысуына қарсы болғанда, Амр 

(р.а.) Пайғамбарымызға 

(с.а.с.): 

«Уа, Расулаллаһ, менің 

Аллаһ жолында және сенің қол астыңда жауға атой сап, 

жорыққа  шығуыма  балаларым  қарсы  болып  жатыр. 

Уаллаһи, мына ақсақ аяғыммен жұмаққа барғым келеді», 

– дейді. Пайғамбарымыз: «Аллаһ сенің жағдайыңды да, 

не ойлағаныңды да жақсы біледі, сондықтан да саған 

жиһад  парыз  емес»,  –  дейді.  Алайда  Аллаһ  расулы 

Амрдың риясыз көңілінен туған осынау тілегін жерге 

тастағысы  келмей,  оның  ұлдарына:  «Әкелеріңнің  жо-

лын бөгемеңдер, бұған қақыларың да жоқ. Хақ тағала 

оған шейіттікті нәсіп етеді деп үміттенемін», – дейді. 

Сөйтіп,  Амр  ибн  Жәмух  Расулаллаһпен  бірге  Ұхұд 

соғысына  қатысып,  шейіт  болады

306

.  Осы  оқиғаға  куә 



болған  Әбу  Қатада 

(р.а.)


  айтады:  «Амр  ибн  Жәмух 

Пайғамбарымызға келіп: «Шейіт болсам, жаннатта ел 

сияқты екі аяғымды тең басып жүре аламын ба?» – деп 

сұрайды. Расулаллаһ: «Иә», – деді.

306

 Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/37




306

Сахабалар салған сара жол

Ұхұд соғысында мүшріктер оның өзін, немере інісін 

және азат еткен құлын өлтірді. Шайқастың күн жүзін 

көлегейлеген  шаңы  басылған  сәтте,  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)

 Амрдің өлі денесінің жанына келіп: «Амрды ақсақ 

аяғы жұмақта жазылып, екі аяғын тең басып жүргенін 

көріп тұрғандаймын», – деді»

307

.

307



 Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид, 9/523 (15746)


307



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет