Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Әбу бәкірдің һижретке дайындалуы



Pdf көрінісі
бет187/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Әбу бәкірдің һижретке дайындалуы

Айша 


(р.а.)

  айтады:  «Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)

  күн 


құрғатпай  таңертеңгісін,  не  кешкілік  уақытта  әкем 

Әбу Бәкірге бір соғып кететін. Аллаһ тағала һижретке 

рұқсат  берген  күні  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)


  әдеттегіше 

таңертеңгісін, не кешкі мезгілді емес, түс әлетінде кел-

ді.  Әкем  оның  бұл  жүрісіне  таңданып:  «Тыныштық 

болғай,  Аллаһ  расулы,  мұндай  кезде  келмейтін  еді. 

Маңызды  бір  шаруа  шықты  ма  екен?»  –  деді.  Аллаһ 

расулы  табалдырықтан  аттағанда,  орнынан  тұрып 

Пайғамбарымызды  төрге  оздырды.    Бұл  кезде  үйде 

сіңлім  Әсма  екеумізден  басқа  жан  баласы  жоқ  бола-

тын.  Аллаһ  расулы  өздерінің  оңаша  қалуы  керектігін 

әкеме ымдап жеткізді. Әбу Бәкір (р.а.): «Олар – менің 

қыздарым.  Тыныштық  па,  уа,  Расулаллаһ?»  –  деді. 

Аллаһ  расулы  Аллаһ  тағаланың  әмірін  жеткізгенде, 

әкем Расулаллаһпен бірге һижрет еткісі келетінін айтты. 

Аллаһ расулы оның бұл ниетін құптап, басын изеді. 

Айша  (р.а.):  «Уаллаһи,  бұрын-соңды  қуанғаннан 

жылаған  адамды  көрмеген  едім.  Сол  күні  әкемнің 

қуаныштан көңілі толқып, көз жасының бұршақтағанын 

көрдім», – деді.

Әбу Бәкір (р.а.) өзінің екі түйені осы сапарға деп 

арнайы  дайындап  жүргенін  айтты.  Пайғамбарымыз 

бұған  келіспей,  түйенің  ақшасын  төлейтінін  айтып, 

түйені сатып алды. Өздері жол тауып, баратын жеріне 

жете алмайтын болған соң, Бәни Дуил ибн Бәкір тайпа-

сынан шыққан Абдуллаһ ибн Әйкат деген адамды жал-

дады.  (Оның  анасы  Сәхм  ибн  Амрұлдары  тайпасына 

қарайтын), өзі әлі Исламға бет бұра қоймаған мүшрік 

еді.  Екеуі  түйелерін  соған  тапсырды.  Уағдаласқан 



311

Һижрет

уақытқа  дейін  түйені  қарайтын  болып  келісті.

309

Әбу 


Бәкірдің қызы Әсма 

(р.а.)


 айтады: «... Уақыт оздырмай 

жолға  дайындалдық.  Жолға  деп  дайындалған  азықты 

орамалымның бір шетін жыртып алып буып-түйіп орап 

бердім.  Сөйтіп  олар  аттанып  кетті.  Сәур  тауындағы 

үңгірде аз уақыт аялдағанын естідім. Үңгірге жеткенде, 

Әбу Бәкір Расулаллаһты жылан-шаян шағып алмасын 

деп, әуелі, өзі кіріп, саңылау қалдырмай өз қолымен бі-

теп шығыпты. Бұл кезде Құрайыштар да қарап отырмай 

жан-жаққа ат шаптырып, олардың ізіне түседі. Аллаһ ра-

сулын тауып әкелген адамға немесе оның қайда екенін 

айтқан адамға жүз түйе тігеді. Меккенің төңірегіндегі 

тау-тасты  түгел  сүзген  қуғыншылар  Сәур  тауына  да 

келіп  жетеді.  Олардың  бірі  үңгірдің  аузына  таяп  кел-

генде,  Әбу  Бәкір:  «Уа,  расулаллаһ,  мынау  бізді  көріп 

қоятын болды», – деп абыржиды. Аллаһ расулы: «Жоқ, 

көре алмайды, өйткені періштелер бізді қанаттарымен 

көлегейлеп тұр», – дейді. Өзін Пайғамбарымыз (с.а.с.) 

бен  Әбу  Бәкірдің  демдерін  ішіне  алып  үнсіз  бақылап 

тұрғанын  сезбеген  адам  үңгірдің  кіре  берісіне  кіші 

дәрет  сындырады.  Осы  кезде  Пайғамбарымыз:  «Егер 

бізді көрсе, бұлай етпес еді», – дейді. Әсманың айтуын-

ша, Пайғамбарымыз бен Әбу Бәкір (р.а.) үңгірді үш күн 

тасалайды».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет