Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Пайғамбарымыздың Мәдинаға аттануы



Pdf көрінісі
бет192/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Пайғамбарымыздың Мәдинаға аттануы, 

одан Құбаға баруы және мәдиналықтардың 

қуанышы

Уруа  ибн  Зубәйр 

(р.а.)

  айтады:  «Бірде  Пайғам-



барымыз 

(с.а.с.)


 Шамнан келе жатқан мұсылмандардың 

сауда керуенінің ішіндегі Зубәйр ибн Аууаммен кезде-

седі. Зубәйр Аллаһ расулы мен Әбу Бәкірге бірыңғай ақ 

матадан тігілген киім береді. 

Мәдинадағы  мұсылмандар  Пайғамбарымыздың 

(с.а.с.)


  Меккеден  жолға  шыққанын  естіген  болатын. 

Сол  себептен  де  күн  сайын  таң  сәріден  Харра  деген 

жерде  күн  тас  төбеге  жетіп,  аптап  ыстық  түскенге 

дейін жолын тосатын. Мұсылмандар сол күні де күте-

күте,  аяқтары  талып  кері  оралған  еді.  Сол  кезде  бір 

яһуди  өзінің  шаруасымен,  яһудилерге  қарайтын  биік 

мұнараның  біріне  шығып,  киімі  алыстан  ағараңдаған 

Расулаллаһ  пен  сахабасының  келе  жатқанын  көреді. 

Көреді  де,  «Әй,  арабтар!  Күткен  адамдарың  келе  жа-

тыр!»  деп  айғай  салады.  Мұны  естіген  мұсылмандар 

дереу  қаруларын  алып,  Аллаһ  расулын  Харраның 

тұсынан  күтіп  алды.  Аллаһ  расулы  қасындағы  серігі-

мен  және  қарсы  алған  топпен  бірге  Мәдинаның  оң 

313


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/187-188


317

Һижрет

бүйіріндегі  Амр  ибн  Ауфұлдарының  шаңырағына 

түседі.  Бұл  –  рабиуләууәл  айының  бірінші  дүйсенбісі 

еді. Әуелгіде былайғы ел Пайғамбарымызды ажырата 

алмай, Әбу Бәкірді

(р.а.)


 қаумалайды. Пайғамбарымызды 

танымайтын ансарлардың біразы, алдымен, Әбу Бәкірге 

сәлем береді. Әбу Бәкір 

(р.а.)


  Пайғамбарымыздың көзіне 

күн түспесін деп, желбегейін шешіп, оны қалқалағанда 

ғана, халық Аллаһ расулын ажыратады. 

Аллаһ расулы Амр ибн Ауфұлдарында он күндей 

қонақ  болды.  Сөйткенше  салынып  жатқан  мешіт  те 

дайын болды. Сосын түйесіне мініп, бірталай халықты 

соңынан  ертіп,  көшеге  шығады.  Мәдинаға  келіп  кір-

генде,  түйе  расулаллаһтың  қазіргі  мешітінің  орнына 

шөгеді. Негізінде, мұсылмандардың көбісі намазды дәл 

сол жерде оқитын. Бұл жер Әсад ибн Зүрараның 

(р.а.)

 

қарауындағы Сүһәйл және Сәһл деген екі жетім баланың 



құрмалық  алқабы  еді.  Пайғамбарымыздың  түйесі 

шөккеннен кейін, Аллаһ расулы: «Иншаллаһ, орнымыз 

осы жер болады», – дейді. Сосын Пайғамбарымыз әлгі 

екі  жетім  баланы  шақыртып,  олардың  меншігіндегі 

жерге мешіт салу үшін жер телімін сатып алмақ бола-

ды. Алайда олар ақшаға емес, сыйға бергілері келетінін 

қанша айтса да, Аллаһ расулы жетім балалардың бұл 

тартуынан бас тартып, ақшасын төлеп жерді сатып ала-

ды. Сөйтіп, сол жерге мешіттің іргетасын қалайды. 

Аллаһ расулы сахабаларына қосылып, сол мешіттің 

құрылысы жүріп жатқанда, былайша өлеңдетіп, кірпіш 

тасыған деседі:

«Бұл жүк Хайбардың сол атақты құрма жүктерін-

дей емес әлбет. Бұл  кірпіштер өте таза һәм қайырлы, 




318

Сахабалар салған сара жол

мүбәрак.  Күмәнсіз,  нағыз  сый  –  ақыретте.  Аллаһ 

тағалам! Ансарлар мен мұһажырларға рақым ет»

314


.

Әнәс  ибн  Мәлік 

(р.а.)

  былай  деген:  «Балалармен 



бірге ойнап жүргенімде, «Мұхаммед келді!» деген да-

уыстарды естідім. Екі өкпемді қолыма алып анда бір, 

мында  бір  жүгіріп,  келген  қонақты  көре  алмадым. 

Тағы  да  «Мұхаммед  келді!»  дегенді  естігенде,  тағы 

да  тұра  жүгірдім.  Тағы  да  ешкімді  көре  алмадым. 

Бір  уақытта  зарыға  күткен  Пайғамбарымыз  бен  Әбу 

Бәкір  келді-ау,  әйтеуір.  Біз  Мәдинадағы  әр  тұсынан 

омырылған үйге жасырынған едік. Олардың келгенін 

ансарларға хабарлау үшін, бір адам жүгіріп бара жатты. 

Пайғамбарымызды ансарлардан бес жүздей адам күтіп 

алды. Ансарлар: «Енді қауіпсіз жердесіздер, әміріңізге 

құлдық,  жүріңіздер,  алға  түсіңіздер»,  –  деді.  Сөйтіп, 

Аллаһ расулы мен ансарлар Мәдинаға қарай бет алды. 

Мәдинаның халқы тегіс қала сыртына шыққан еді. Бой-

жеткен қыздар тамдарының үстіне шығып «Мұхаммед 

қайсысы?! Қайсысы?!» – деп сұрасып жатты. Мұндай 

тамаша көріністі бұрын-соңды көрген емеспін. 

Пайғамбарымыздың  Мәдинаға  келген  күнін  де, 

дүниеден озған күнін де білемін. Өмірімде дәл мұндай 

күндерге ешқашан куә болған емеспін».

Бәйхақидің  риуаяты  бойынша,  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)


  Мәдинаға  келгенде,  әйелдер  мен  балалар  мына 

өлеңді айтып қарсы алды:

«Толықсыған ай туды,  

Уәда тауының төбесінен.

Аллаһқа шақырушының келгеніне 

Шүкіршілік айту міндет бізге»

315

.

314



 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/186

315


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/197


319

Һижрет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   188   189   190   191   192   193   194   195   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет