Әбу бәкірдің Расулаллаһ үшін алаңдауы
Хасан Басри айтады: «Пайғамбарымыз (с.а.с.)
бен Әбу Бәкір (р.а.) үңгірді келіп паналады.
Пайғамбарымызды іздеп жүрген Құрайыштар үңгірдің
аузындағы өрмекшінің торын көріп: «Бұл жерге еш-
кім кірмепті», – деп, келген іздерімен кері қайтып кет-
ті. Алайда, сол сәтте үңгірде Пайғамбарымыз намаз
оқып, Әбу Бәкір оның тыныштығын күзетіп тұрған
еді. Әбу Бәкір: «Уа, Расулаллаһ, мыналар сені із-
деп жүр. Уаллаһи, өзім үшін қам жемеймін, сен үшін
алаңдаймын», – дейді. Аллаһ расулы: «Уа, Әбу Бәкір!
Қорықпа. Аллаһ бізбен бірге», – дейді. Тағы бір риуа-
ятта Расулаллаһ: «Әбу Бәкір, айтшы, үшіншілері Аллаһ
311
Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/180
314
Сахабалар салған сара жол
болған екі адамның алаңдауына бола ма?» – деп жауап
берген»
312
.
Достарыңызбен бөлісу: |