Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Мұһажырлардың Мәдинаға қайтуы



Pdf көрінісі
бет200/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   349
Мұһажырлардың Мәдинаға қайтуы

нәжашидің исламды қабылдауы

Жағфар  ибн  Әбу  Тәліп 

(р.а.)

  риуаятын  ары 



жалғастырып  былай  дейді:  «Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)


 

Мәдинаға  һижрет  етіп,  сол  жерде  қауіпсіз  бейбіт 

өмірге  қол  жеткізіп  қана  қоймай,  өзінің  ықпалын 

күшейткеннен  кейін,  біз  Нәжашиге:  «Аллаһ  расулы 

жеңіске  жетті,  Мәдинаға    һижрет  етті,  дұшпандарын 

тізе  бүктірді.  Оның  жанына  қайта  оралғымыз  келеді, 

бізді  елімізге  жібер»,  –  дедік.  Ол  біздің  ат-көлігіміз 

бен  жол  азығымызды  дайындатып,  маған:  «Сендерге 

қалай  қарағанымды  пайғамбарларыңа  айта  барыңдар. 

Қатарыңа  елшімді  қосып  жіберемін.  Куәлік  етемін, 

Аллаһтан басқа тәңір жоқ. Ол – Аллаһтың расулы. Одан 

мен үшін дұға етуін сұраңдар», – деді.

Хабашстаннан  шығып,  Мәдинаға  тарттық. 

Мені  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)

  күтіп  алып,  құшақтап: 

«Хайбардың  жеңісіне  қуанайын  ба,  әлде  Жағфардың 

келгеніне қуанайын ба?» – деп қуанышын жасыра ал-

мады.  Біздің  Мәдинаға  баруымыз  Хайбар  жеңісімен 

тұспа-тұс  келген  еді.  Сосын  Аллаһ  расулы  тізе 

бүкті.  Нәжашидің  бізбен  бірге  келген  елшісі:  «Мына 

Жағфардан  патшамыздың  оларға  қалай  қарағанын 

сұра», – деді. Жағфар: «Иә, бізге мынадай да мынадай 

жақсылық  істеді.  Кетерде  бізге  азық  пен  көлік  берді. 

Аллаһтан  басқа  илаһ  жоқ  екеніне,  сіздің  Аллаһ  расу-

лы екендігіңізге куәлік етті», – деп болған жағдайдың 

бәрін  баяндайды.  «Сізден  өзіне  Аллаһтан  кешірім 

сұрап, дұға етуіңізді өтінді», – дейді. Сонда Аллаһ ра-

сулы 

(с.а.с.)


 орнынан тұрып, дәрет алды да, үш рет «Уа, 

Аллаһ тағалам, Нәжашиді кешіре гөр!» – деп дұға етті. 




334

Сахабалар салған сара жол

Мұсылмандар  бұл  дұғаға  «Әмин»  десті.  Сосын  ел-

шіні аттандырып тұрып: «Расулаллаһтың дұға еткенін 

патшаңа айта бар», – деді».

324



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет