Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


хабашстанға, одан кейін Аллаһ



Pdf көрінісі
бет201/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   349
хабашстанға, одан кейін Аллаһ 

расулының жанына һижрет еткендердің 

ізгіліктері

Әбу Хасманың қызы Ләйла айтады: «Уаллаһи, біз 

Хабашстанға  жолға  жиналып  жатқанымызда,  Амир 

бір нәрселер алуға сыртқа шығып кетті. Қайдан шыға 

келгені белгісіз, мүшрік Омар желкемнен төніп тұрып 

алды.  Оның  талай  қорлық-құқайын  көрген  едік.  «Әй, 

Үммі  Абдуллаһ,  жолға  жиналдың  ба?»  –  деп  сұрады. 

«Иә, Аллаһтың жаратқан елдерінің біріне қоныс ауда-

рамыз, сендер бізге күн көрсетпей қойған соң, Аллаһ 

тағала бізге сендерден құтылудың жолын көрсетті», – 

дедім. Ол: «Аллаһ жар болсын!» – деді. Сол кезде мен 

Омардың  басылып,  жұмсарып  қалғанын  байқадым. 

Содан ол көңілі құлазып, өз жөніне кете барды. Біздің 

кететінімізге жабырқап қалған сияқты. Сол кезде Амир 

де  келе  қалды.  «Әбу  Абдуллаһ!  Жаңағы  Омардың 

жылы жүзін, жабырқаулы халін көргеніңде ғой», – де-

дім. «Сен оны Исламға кіреді деп ойлайсың ба?» – деді 

ол. «Иә», – сенімде. «Хаттабтың есегі мұсылман болса 

да, ол мұсылман бола қоймас», – деді. Амир Омардың 

мұсылмандарға  деген  қаталдығын  білгендіктен,  оның 

Исламды  қабылдайтыны  ойына  да  кіріп-шықпаған-

ды

325



Халид ибн Саид ибн Астан жеткен риуаят бойын-

ша,  Халид  пен  бауыры  Амр  Хабашстанға  һижрет 

324


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/71

325


 Ибн Кәсир, әл-Бидая 3/79


335

Һижрет

еткен  мұһажырлардың  қатарында  болған.  Екеуі 

Пайғамбарымыздың  жанына  қайта  оралғанда,  олар-

ды  Аллаһ  расулының  өзі  арнайы  қарсы  алады.  Олар 

Бәдір  соғысынан  кейін  бір  жыл  өткен  соң  келген  еді. 

Хабашстан  мұһажырлары  Бәдір  соғысына  қатыса 

алмағандықтарына  қатты  мұңайған  болатын.  Сон-

да  Расулаллаһ 

(с.а.с.):

  «Неге  ренжисіңдер?  Өзгелер 

бір  рет  һижрет  етсе,  сендер  екі  рет  һижрет  еттіңдер. 

Хабашстанға  көштіңдер,  одан  қайтып  менің  қасыма 

келдіңдер», – дейді

326


.

Әбу  Мұса 

(р.а.)

  былай  дейді:  «Біз  Йеменде 



жүргенде,  Расулаллаһтың  пайғамбар  ретінде  жіберіл-

гені және Мәдинаға һижрет еткені туралы хабар алдық. 

Осыған орай мен Әбу Бурдә және Әбу Рухм деген екі 

бауырыммен бірге елу екі немесе елу үш адам болып, 

Аллаһ расулының қасынан табылу үшін, һижрет етуге 

жолға шықтық. Бәріміз бір кемеге міндік. Ауа райының 

қолайсыздығына байланысты кеме басшысы бізді Ха-

баш патшасы Нәжашидің еліне тастап кетті. Сол жерде 

Жағфар ибн Әбу Тәліпті 

(р.а.)


 жолықтырып, біраз уақыт 

солармен  бірге  Хабашстанда  тұрып,  кейін  жұбымыз 

жазылмай  Мәдинаға  бет  түзедік.  Пайғамбарымызға 

(с.а.с.)


 келіп жеткенде, Хайбар әлі жаудың қолында бо-

латын.  Хабашстаннан  кемемен  қайтып  оралған  бізге 

кейбір  мұсылмандар  «Һижрет  ету  сауабында  біз  сен-

дерден артықпыз» дейтін. Бір күні күйеуі Жағфармен 

бірге  Хабашстаннан  келген  Әсма  бинти  Умәйс 

Пайғамбарымыздың әйелі әрі Омардың қызы Хафсаға 

(р.анһа)

 барып жолығады. Хафса одан бұрын әлдебір ке-

руенмен Нәжашидің еліне һижрет етіп келген болатын. 

Омар  Хафсамен  кездескенде,  оның  қасынан  Әсманы 

326

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 16/949 (46302)




336

Сахабалар салған сара жол

көріп: «Мына әйел кім?»– деп сұрайды. «Әсма бинти 

Умәйс», – дейді ол. «Хабашқа һижрет етіп, теңіз жолы-

мен келген осы әйел ме?» – деп сұрағанда, Әсманың өзі 

жауап беріп: «Иә», – дейді. Омар 

(р.а.) 


: «Һижрет етуде 

біз сендерден артықпыз, өйткені Аллаһ расулына сен-

дерден  гөрі  жақынырақпыз»,  –  дейді.  Әсма  Омардың 

сөздеріне  ашуланып:  «Мүлдем  олай  емес.  Уаллаһи, 

сендер Расулаллаһпен бірге болған кездеріңде ол сен-

дерді  аш  қалдырмады, надандарыңа  жол  көрсетті.  Ал 

біз  болсақ,  ит  арқасы  қиянда  жатқан  Хабашстанда, 

біздерге  мүлдем  жат  адамдардың  арасында  өзімізді 

жалғыз,  қорғансыз  сезіндік.  Осының  барлығына  тек 

Аллаһ  пен  расулының  ризалығы  үшін  төздік.  Құдай 

ақы, айтқандарыңды Аллаһ расулына барып жеткізген-

ше, бұл туралы одан сұрап білмейінше, нәр татпаймын», 

–  дейді.  Дәл  сол  кезде  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.)


  келіп 

қалады. Әсма: «Уа, Расулаллаһ, жаңа Омар осылай да 

осылай деді», – деп, Омардың айтқандарын жеткізеді. 

Аллаһ расулы: «Ал сен оған не деп жауап бердің?» – 

деп сұрағанда, ол өзінің не дегенін айтады. Сонда Аллаһ 

расулы: «Омар маған сендерден жақын емес. Өйткені 

Омар мен жолдастары үшін бір һижреттің сауабы жа-

зылады. Ал кемемен келген сендер үшін екі һижреттің 

сауабы жазылады», – деді. 

Әсма 


(р.а.)

  айтады:  «Уаллаһи,  осы  оқиға  туралы 

естіп, Әбу Мұса мен кемедегі сахабалар бір топ болып 

маған  келе  жатыр  екен.  Менен  болған  жайт  туралы 

сұрады. Олар да Расулаллаһтың өздері туралы айтқан 

сол қуанышты хабарына жүректері жарыла қуанды»

327

.

327



 Ибн Кәсир, әл-Бидая 4/205


337

Һижрет



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет