Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи



Pdf көрінісі
бет198/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

327

Һижрет

арлы деп білетін бір адамды пайғамбар етіп жіберді. Ол 

бізді бір Аллаһқа ғибадат етуге, ата-бабаларымыздың 

табынып  келген  пұттарын  тәрк  етуге  шақырды.  Бізге 

тура сөйлеуді, аманатқа қиянат жасамауды, көршімен 

жақсы  қатынаста  болуды,  қантөгіске  бармауды 

бұйырды. Зинақорлық жасауға, жалған куәгер болуға, 

жетімнің  малын  жеуге,  абыройлы  әйелдерге  жала 

жабуға тыйым салды. Аллаһқа ғибадат жасауды, Оған 

еш  нәрсені  серік  қоспауды,  намаз  оқып,  зекет  беруді 

бұйырды.  Біз  оны  растап,  бұйрықтарын  қабылдадық. 

Бір Аллаһқа құлшылық қылдық, Оған еш нәрсені серік 

етіп қоспадық. Аллаһтың бізге харам еткен нәрселерін 

харам,  адал  еткендерін  адал  деп  санадық.  Сондықтан 

да қауымымыз бізге қарсы шығып, дұшпанымызға ай-

налды,  бізге  зорлық-зомбылық  көрсете  бастады.  Бізді 

Аллаһқа құлшылықтан бас тартып, пұттарға табынуға, 

дінімізден тайып, бұрыннан жасап келе жатқан лас іс-

терімізді  қайта  жасауға  мәжбүрледі.  Бізге  көрсеткен 

қысым,  зорлықтарына  шыдай  алмадық.  Ислам  дінін 

толық ұстануға мұрша бермегендіктен, сенің еліңді па-

налап келдік, өзіңді таңдап, қамқорлығыңа сүйендік.

Ей, патша! Сенің қол астыңда болсақ зұлымдықтан 

құтылармыз деген үмітпен келдік», – деді.

Нәжаши: «Пайғамбарларыңның Аллаһтан түсті деп 

айтып жүрген сөздерінен оқыңдаршы», – деп сұрайды. 

Сонда  Жағфар 

(р.а.)


  «Мәриям»  сүресінің  бірқатар 

аяттарын  оқыды.  Оқуы  мұң  екен,  Нәжашидің  көзінен 

парлаған  жас  сақалын  жуып  кетті.  Қасындағы  дінба-

сылары  да  қосыла  егіледі.  Ебіл-тебіл  жылағандары 

соншама  –  алдында  жатқан  парақтар  ылғал  тартып 

қалады. Сонда Нәжаши: «Мына оқығандарың Мұсаның 




328

Сахабалар салған сара жол

айтқандарымен  бірдей»,  –  деді.  Сөйтіп  мүшріктердің 

атынан елші боп келген Амр ибн Ас пен Абдуллаһқа: 

«Сендер елдеріңе қайта беріңдер. Уаллаһи, оларды сен-

дерге ешқашан қайтармаймын», – дейді.

Осы оқиғаға қатысты Үммі Сәләма анамыз былай 

дейді:  «Сахабалар  Нәжашидің  құзырынан  шыққаннан 

кейін, Амр ибн Ас: «Уаллаһи, ертең Нәжашидің алдына 

барып, оларды жақсылап тұрып жамандап, түбіне жет-

песем бе?!» – дейді. Одан иманжүзділеу Абдуллаһ: «Әй, 

Амр, бұлай жасама, олар бізге қарсы шықты екен деп, 

туысыңа жаулық істемексің бе?» – дейді. Амр «Уаллаһи, 

Иса пайғамбарды құл дегендерін Нәжашиге айтамын», 

–  дейді.  Ертеңіне  патшаның  алдына  барғанда,  Амр: 

«Уа, патша! Олар Мәриямұлы Иса туралы ауыр сөздер 

айтып  жүр.  сенбесеңіз  осында  алдырып,  өздерінен 

сұрайық»,  –  дейді.  Нәжаши  мұсылмандарға  хабар  жі-

беріп, олардың Иса пайғамбарға қалай қарайтынын біл-

гісі келеді». 

Үммі Сәләма анамыз айтады: «Бұл біз үшін күтпеген 

жағдай болды. Мұсылмандар: «Мәриямұлы Иса туралы 

сұраса не айтамыз?» – деп кеңесті. «Уаллаһи, Хақ тағала 

мен пайғамбары ол туралы не айтса, соны айтамыз», – 

десті  олар.  Мұсылмандар  Нәжашидің  алдына  келген-

де, билеушінің алғашқы сауалы: «Мәриямұлы Иса ту-

ралы не айтасыңдар?» болды. Жағфар ибн Әбу Тәліп: 

«Біз  Пайғамбарымыздың  айтқанын  ғана  айта  аламыз: 

«Иса  –  Аллаһтың  құлы  әрі  елшісі.  Аллаһ  тағаланың 

абыройлы Мәриямға аманат еткен бір сөзі» деп жауап 

береді. Нәжаши қолын созып жерден бір шыбық алды 

да, «Уаллаһи, мына адамның айтқандары мен Исаның 



329

Һижрет

айтқандарының  арасындағы  айырмашылық  көп  емес, 

мына шыбықтай ғана», – дейді. 

Нәжаши осылай дегенде, қасындағы діндарлардың 

іштей наразылығы күшейіп, қабақтары түйіліп кетеді. 

Нәжаши:  «Қалай  болғанда  да  бұл  ақиқат!»  –  дейді. 

Мұсылмандарға: «Бара берсеңдер болады, менің елім-

де  қауіпсіздіктеріңе  кепілдік  беремін.  Кім  сендерге 

тиісетін болса жазасын алады, таудай алтын берсе де, 

елімнен қуып, еңіретіп қоймамын», – дейді де осы сөзін 

үш рет қайталайды. Қасындағыларына: «Енді әлгі екі 

адамның берген сыйлықтарын қайтарыңдар, олар маған 

қажет емес. Уаллаһи, Хақ тағала осы патшалықты маған 

нәсіп еткенде, менен ақы сұрамады. Сол секілді Оның 

діні жолында мен де ешкімнен ақы сұрамаймын. Хақ 

тағала маған біреудің ақыл-кеңесімен патшалық берген 

жоқ. Осы секілді мен де Оның дінінің игілігі жолында 

адамдардың  ығына  жығыла  кетпеймін»,  –  дейді.  Амр 

мен Абдуллаһ әкелген сыйлықтарын алып, сол жерден 

қапаланып шығады. 

«Осыдан  кейін  ешкім  мазалаған  жоқ.  Нәжашидің 

қамқорлығының  арқасында  алаңсыз  тіршілік  кешіп 

жүргенде, оның тағына көз алартқан біреу билігіне та-

ласып,  патшаға  қарсы  шықты.  Сондағы  мұңайғаным 

секілді  ешқашан  мұңайған  емеспін.  Бүлік  шығарған 

адамның  күші  Нәжашиден  басым  түсе  ме  деп  күндіз 

күлкі,  түнде  ұйқыдан  қалдық.  Нәжашидің  тағына  көз 

алартқан адам оның билігін тартып алса, біздің күніміз 

не болмақ? Осыны ойлап май ішкендей мазамыз қашты. 

Нәжаши бүлікті басу үшін жорыққа шықты. Олардың 

араларын  Ніл  өзені  бөліп  тұрған  еді.  Расулаллаһтың 

сахабалары өз араларында «Кім барып, сол жақтан ха-






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   194   195   196   197   198   199   200   201   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет