Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


САФуАн ибн уМӘйя МЕн КЕйбІР



Pdf көрінісі
бет205/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

10. САФуАн ибн уМӘйя МЕн КЕйбІР 

АдАМдАРғА һиЖРЕТ ТуРАлы 

АйТылғАн СөЗдЕР

Ибн  Аббас 

(р.а.)

  айтады:  «Меккенің  терістігін-



де  тұратын  Сафуан  ибн  Умәйя  «Һижрет  парыз  бола 

тұра,  орындамаған  адамның  діні  жоқ»  дегенді  естіп, 

«Мәдинаға  һижрет  етпейінше  үйіме  оралмаймын»,  – 

деп, мұсылмандардың екінші отанына айналған шаһарға 

тартып отырады. Ол әкем Аббастың үйіне түсті. Сосын 

Пайғамбарымызбен 

(с.а.с.)

  жолыққанда,  Аллаһ  расулы 

одан: «Әй, Әбу Уәхб, бұл жерге келуіңе не себеп бол-

ды?»  –  деп  сұрайды.  «Һижрет  етпеген  адамның  діні 

жоқ» дегенді естіп, осыны сұрауға келдім», – деп жа-

уап береді ол. Пайғамбарымыз: «Әбу Уәхб, Меккеде-

гі үйіңе қайт. Үйлеріңде болыңдар. Һижрет аяқталды, 

332


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 16/949 (46304)


341

Һижрет

алайда ниет пен жиһад мәңгі, жиһадқа шақырғанда кел-

мей қалмаңдар», – дейді

333


Тауыс  айтады:  «Біреулер  Сафуан  ибн  Умәйяға 

«Һижрет етпегендер құрдымға кетеді» дегенді айтқанда, 

ол  Аллаһ  расулына  барып,  мұның  себебін  сұрап  біл-

мейінше,  басын  жумауға  ант  ішеді.  Түйесіне  мініп, 

Мәдинаға  қарай  жолға  шығады.  Пайғамбарымыздың 

мешітінің  алдында  Пайғамбарымызбен  кездесіп:  «Уа, 

расулаллаһ! «Һижрет етпегендер құрдымға кетеді» де-

генді естідім. Осының себебін сенен сұрап білмейінше, 

басымды жумауға ант іштім», – дейді. 

Аллаһ расулы: «Сафуан Ислам туралы естіп, оны 

шын  көңілден  қабылдапты.  Мекке  жеңісінен  кейін 

һижрет  аяқталды.  Бірақ  ниет  пен  жиһад  мәңгілік. 

Жиһадқа шақырылғанда келіңдер», – дейді

334



Ата  ибн  Әбу  Рәбах  айтады:  «Убәйд  ибн  Умәйр 



әл-Ләйсимен бірге Айшаға 

(р.а.)


 барып, оған һижретке 

қатысты сұрақтар қойғанымызда, Айша анамыз былай 

деп  жауап  берді:  «Бұдан  былай  һижрет  жоқ.  Бұрын 

мүміндер  қандайда  бір  жамандыққа  ұшыраймын-ау 

деп қауіптенгендіктен, діні үшін Аллаһ пен расулының 

разылығына бөленуді үміт етіп һижрет ететін. Ал қазір 

Аллаһ Исламның мерейін үстем қылды. Қазір мүміндер 

қалаған жерінде Раббысына ғибадат жасай алады, алай-

да ниет пен жиһад мәңгілік сақталып қала бермек», – 

деді


335

.

333



 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 16/952 (46312)

334


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 5/615 (13441)

335


 Бұхари, Сахих 4/ 1567 (4058)


342

Сахабалар салған сара жол



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет