Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


халид ибн Саид ибн әл-Астың



Pdf көрінісі
бет25/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   349
халид ибн Саид ибн әл-Астың 

мұсылман болуы

Қызының  айтуы  бойынша,  Халид  ибн  Саид 

(р.а.) бір түс көріп, сол түстен кейін мұсылмандықты 

қабылдаған. Түсінде Меккені қараңғылық басқан екен 

дейді. Көзге түртсе түк көргісіз қараңғылықта күтпеген 

жерден зәмзәмнан бір нұр тіке көкке көтеріліп, Қағбаға 

сәулесін  төгеді.  Бүкіл  Мекке  нұрланып  сала  береді. 

Содан  кейін  Йәсрибтің  (Мәдина)  құрма  бақтарына 

қарай  беттеп,  ол  жерді  де  нұрға  бөлейді.  Жарықтығы 

соншалық – ағаштардағы құрмалар да көзге шалынды.

  Халид  ибн  Саид  оянған  соң,  түсін  бауыры  Амр 

ибн  Саидке  айтады.  Амр  данагөй  адам  болатын.  Ол: 

«Бауырым! Абдулмұтталибұлдарын үлкен өзгеріс күтіп 

тұр. Көрдің бе, сен айтқан нұр олардың ата-бабалары 

қазған зәмзәм құдығынан шығып тұр», – дейді. 

Халид: «Аллаһ осы түс арқылы мені Исламға же-

теледі», – дейді. 

73

  Ибн Абдулбәрр, әл-Истиаб 2/500




46

Сахабалар салған сара жол

Халидтің  анасы  баласының  көрген  бұл  түсін 

Расулаллаһқа  жеткізген  кезде,  оның  «Әй,  Халид!  Ол 

нұр – менмін, ал мен – Аллаһтың расулымын» дегенін 

және  Пайғамбарымыздың  ұсынуымен  баласының  де-

реу мұсылман болғандығын айтқан

74

.

Халид ибн Саидтің көрген түсі басқа қырынан да 



баяндалады.  Халид  ибн  Саид  түсінде  тілі  жалаңдап, 

көкке шапши лапылдаған бір оттың қасында тұрғанын, 

әкесінің  оны  сол  отқа  итермелегенін,  Расулаллаһтың 

оны оттан қорғамақ болғанын көреді. Ақ тер, көк тер 

шошып оянып: «Аллаһқа ант етемін, бұл түс тегін емес», 

– дейді. Әбу Бәкірге жолығып, түсін баян еткенде, Әбу 

Бәкір «Аллаһ қайырлы етсін! Бұл – Аллаһтың хақ елшісі. 

Оған мойынсұнуға асық. Көресің, жақында Ислам дінін 

қабылдайсың. Түсіңде сені оттан қорғаған – Ислам. Ал, 

әкең иман келтірмей, отқа түседі», – деп жориды. Ха-

лид  ибн  Саид  Әжиәд  ауданында  Пайғамбарымызбен 

кездесіп: «Уа, Мұхаммед! Бізге нені уағыздайсың?» – 

деп сұрайды. 

«Сендерді жалғыз, теңдесі мен ұқсасы жоқ Аллаһқа 

және  Мұхаммедтің  оның  құлы  әрі  елшісі  екендігі-

не  сенуге  шақырамын.  Өздеріне  құлшылық  жасалып 

жатқанын да білмейтін, пайдасы да, зияны да тимейтін, 

көрмейтін, естімейтін, тастан жасалған меңіреу пұттарға 

табынудан түбегейлі бас тартуға шақырамын», – дейді 

ол. Халид ибн Саид оған: «Аллаһтан басқа тәңір жоқ 

және сенің Аллаһтың елшісі екеніңе куәлік етемін», – 

дейді. Бұған Пайғамбарымыз айрықша қуанады. 

Мұсылман  болған  хабары  қатал  мінезді  әкесіне 

жеткеннен  бастап,  Халид  оның  көзіне  көрінбегенді 

жөн  көріп,  Меккені  сырттай  айналасоқтап  жүреді. 

74

  Хаким, Мүстәдрәк 3/277 (5082)




47

Аллаһ пен расулына шақыру

Сахабалар  Хабашстанға  екінші  рет  көшкенде,  Халид 

алғашқылардың бірі болып ереді.  

Халидтің (р.а.) әкесі Саид ибн әл-Ас ибн әл-Үмәйя 

оны тауып әкелуді мұсылман емес балаларының бірі мен 

құлы  Рафиғқа  тапсырады.  Олар  Халидті  тауып  алып, 

әкелерінің алдына сүйрегендей ғып апарады. Әкесі: «Өз 

қауымына қарсы шығып, тәңірлерін тілдеп, ата-бабала-

рын қорлағанын көре тұра, Мұхаммедтің айтқандарына 

иланғаның  не?»  –  деп,  қолындағы  таяқпен  бір-ақ 

ұрып  Халидтің  басын  жарады.  Ал  Халид  ибн  Саид: 

«Мұхаммедтің  айтқандарының  бәрі  ақиқат»,  –  дейді. 

Әкесі ашудан булығып: «Ақымақ, көзіме көрінбей кет, 

енді саған бұл үйден дәм татырмаймын», – дейді. Халид  

(р.а.): «Сен бермесең де ризығымды Аллаһ береді»,  де-

ген кезде, әкесі оны үйден қуып шығады да, басқа бала-

ларына Халидпен сөйлесуге тыйым салады. Сөйлескен 

адамға да дәл осылай жасайтынын айтып қорқытады. 

Халид тура Расулаллаһқа тартады. Расулаллаһ оны 

қасынан тастамай ертіп жүретін болады

75



Халидтің әкесі Саид ибн әл-Ас ибн әл-Үмәйя бірде 



науқастанып  жатып:  «Аллаһ  осы  аурудан  айықтырса, 

(Расулаллаһты  меңзеп)  Әбу  Кәбшәнің  баласының 

тәңірісіне мына Меккеде енді ешкім табынбайтын бо-

лады»,  –  дейді.  Сонда  Халид:  «Аллаһ  тағалам!  Бұны 

ниетіне  жеткізбе»,  –  деп  тілейді.  Әкесі  сол  аурудан 

айықпастан, ақырында көз жұмады

76





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет