Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


баладауия тайпасынан бір адамның



Pdf көрінісі
бет33/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   349
баладауия тайпасынан бір адамның 

мұсылман болуы

Баладауия  тайпасынан  біреу  Мәдинаға  барып, 

базарға  соғады.  Ешкінің  құнына  саудаласып  тұрған 

әлдебір адамдардың үстінен түседі. Оқиғаны одан ары 

әлгі адам былай жалғастырады:

«Алушы сатушыдан бағаны біраз түсіруді сұрады. 

Сол кезде кенеттен маңдайы кең, қасы жіңішке, келісті 

келген, иіні жүдеу біреу шыға келіп, бізге сәлем бер-

ді.  Мен:  «Хашимұлдары  арасынан  халықты  адасты-

рып  жүрген  біреу  шықты  деуші  еді.  Мынау  сол  бол-

масын»,  –  деп  ойладым.  Онымен  біз  де  амандастық. 

Алушы оған: «Я, Расулаллаһ! Сатушыға айт, мынаның 

бағасын түсіріп берсін», – деді. Ардақты елші (с.а.с.):

 

«Мүлік  егесі  –  Аллаһ.  Алайда  иелік  ету  сендердің 



құзырларыңда.  Мен  қиямет  күні  Аллаһтың  құзырына 

барғанда,  ешкімнің  «дүниеме  көз  алартты,  намы-

сыма  тиді»  деп  айтқанын  қаламаймын.  Аллаһ  мына 

85

  Әбу Нуайм, Хилия 2/26




60

Сахабалар салған сара жол

жағдайларда:  саудада,  қарызын  төлегенде,  алашағын 

аларда қиындық тудырмаған адамға рақымдылық жа-

сасын», – деді. 

Ол осылай дұға етті де, өз жөніне кетіп қалды. Мен 

«Не болса да бұл кісіге барып жолығайын, айтқандарын 

тыңдайын.  Тілінен  бал  аққан  сөзге  шешен  екен»  деп 

ойладым. Артынан қуып жетіп: 

–  Уа,  Мұхаммед!  –  дедім.  Бүкіл  денесімен  маған 

бұрылып: 

–  Не қалайсың?» – деп сұрады. Мен: 

–  Жұрттың  «адамдарды  азғырушы,  жамандыққа 

итермелеуші,  ата-бабаларының  табынған  нәрселерін 

жоққа шығарушы» деп айыптап жүрген адамы сенсің 

бе? – деп сұрадым. 

–  Иә, – деп жауап берді. 

–  Елді неге үндейсің? – деп сұрадым мен. Ол: 

–  Аллаһтың құлдарын Аллаһқа сенуге үндеймін, – 

деді. 

–  Басқа не айтасың?



–  Аллаһтан  басқа  тәңір  жоқ  екеніне  және  менің 

Аллаһтың  елшісі  екеніме,  маған  түсірген  аяттарға 

сенуіңді, Лат пен Уззаны жоққа шығаруыңды, намазды 

дұрыс оқуыңды, малыңнан зекет беруді ескертемін.

–  Зекет деген не?

–  Байлардың кедей-пақырларға беретін үлесі.

–  Сен елді тек ізгілікке ғана бастайды екенсің! – 

дедім. Осыдан соң оны жақыннан таныған едім. 

Ол менен: 

–  Мені жақсы түсіндің бе? – деп сұрады. Мен: 

–  Иә, Расулаллаһ, – дедім. Пайғамбарымыз: 



61

Аллаһ пен расулына шақыру

–  Онда  Аллаһтан  басқа  тәңір  жоқ  екеніне,  менің 

Аллаһтың елшісі екеніме және маған түсірілген уахиға 

иман келтірдің бе? – деді. Мен: 

–  Иә, келтірдім, – дедім.

Маған  сенсеңіз,  бұрын  одан  жек  көретін  адамым 

жоқ еді. Осы сәттен бастап, ол маған туған ата-анамнан, 

өз балаларым мен бүкіл адамзаттан да артық көрінді».

Әлгі  кісі  кейіннен  айналадағы  алыс-жақын 

адамдардың  барлығын  Исламға  шақырды.  Көбісі 

мұсылмандықты қабылдады да. Пайғамбарымыз оның 

бұл  ісіне  ризалық  танытып,  басынан  сипап,  ілтипат 

көрсетті

86





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет