Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


басшылық қызметті мойындарына ала



Pdf көрінісі
бет255/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

басшылық қызметті мойындарына ала 

тұрып, ақыретін аман сақтап қалғандар

Шақиқ  ибн  Сәләма  айтады:  «Омар  Хауазин 

тайпасының  зекеттерін  жинауға  Бишр  ибн  Асымды 

(р.а.)  жұмсайды.  Бірақ  Бишр  бұл  істен  бас  тартады. 

Омар  оған:  «Неге  бармадың?  Бізді  тыңдап,  бағынуға 

міндетті емессің бе?» – деп сұрайды. Бишр ибн Асым: 

«Әрине, елдің басшысына бағынуға міндеттімін. Алай-

да мен пайғамбардың «Кімде-кім мұсылмандардың ісі-

не жауаптылықты (басшылық) мойнына алатын болса, 

қиямет  күні  ол  адам  тозақ  көпірінің  үстіне  әкелінеді. 

Жақсы әрекет жасаған болса, құтылады, жаман әрекетке 

барса, басып тұрған жері қақ жарылып, тереңдігі жет-

піс  жылдық  қашық  шыңыраудан  төмен  құлдилайды» 

дегенін естіген едім», – деп жауап береді.

Бишрдің осы уәжінен кейін Омар жаны жабырқап, 

зілмеауыр  жүктің  астында  жаншылып,  ілби  басып, 

жолда  келе  жатып  Әбу  Зәррмен  кездесіп  қалады. 

Әбу  Зәрр:  «Ей,  мүміндердің  әмірі!  Қамығулысың 

ғой?»  –  дегенде,  Омар:  «Қалай  қамықпаймын,  Бишр 

ибн  Асымды  көрдім.  Маған  Аллаһ  расулының  «Кім 

мұсылмандардың  басқару  ісін  өз  жауапкершілігіне 

алса...» деп басталатын хадисін айтты», – дейді таусыла 

сөйлеп. Әбу Зәрр: «Сен мұны Расулаллаһтан естімеген 

бе едің?» – деп сұрайды. «Жоқ», – дейді Омар. «Куәлік 

403

 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 4/878 (11636)




403

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

етемін,  мен  де  Расулаллаһтың  «Кім  мұсылмандардың 

біріне  қандай  да  бір  міндет  жүктесе,  ол  адам  қиямет 

күні  тозақ  көпірінің  үстіне  тұрғызылады.  Егер  ол 

өзіне  жүктелген  міндетті  абыроймен  атқарса,  сол 

тапсырманы  берген  адам  да  құтылады.  Ал  міндетін 

дұрыс  атқармаса,  көпірдің  тұрған  жері  қарс  айыры-

лып, тереңдігі жетпіс жылдық қашықтықтан тұратын, 

тас қараңғы шыңырауға құлайды» дегенін естідім. Ей, 

Омар, сені осы екі хадистің қайсысы қынжылтты?» – 

дейді Әбу Зәрр. Омар: «Екеуі де жүрегімді сыздатты. 

Мұндай қауіп төніп тұрғанда, халифалықты кім мойны-

на алсын?» – дейді. Әбу Зәрр: «Халифалыққа тек Аллаһ 

мұрнымен  жер  иіскетіп,  төмендеткен  адамы  ғана  та-

лаптана алады. Я, Омар, біз сені тек жақсы жағыңнан 

білеміз. Егер халифалықты әділетсіз адамға тапсырсаң, 

оның обалынан құтыла алмайсың!» – деді

404






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   251   252   253   254   255   256   257   258   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет