он адамдық топқа қолбасшы сайлану
«Түстер қаласының кіре берісінде алғашқы
отты мен жақтым. Әбу Мұса әл-Әшғариға оқ тиіп,
жарақаттанған болатын. Мұсылман қолы қаланы
бағындырған кезде, Әбу Мұса мені он адамдық топқа
қолбасшы етіп тағайындады»,
399
– дейді Шихаб әл-
Анбари.
Сапарда біреудің имам болуы
Омар (р.а.) былай деген: «Сапарға шыққан
адамдардың саны үш адамға жетсе, араларынан біре-
уін имам сайласын. Ол Аллаһ расулының өз қолымен
тағайындаған имам дәрежесінде болады»
400
.
9. КІМдЕР бАСшы болуы КЕРЕК?
Жамағат арасында Құранды ең жақсы
білетін адамның басшылыққа лайық бо-
луы
Әбу Һұрайрадан (р.а.) риуаят етілген: «Бір
жолы Расулаллаһ
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)
жер қайыстырар
қалың қолды жорыққа жіберіп тұрып, сарбаздардың
барлығына біртіндеп Құран оқытты. Әркім білгенін-
ше оқыды. Сонда Расулаллаһ араларындағы жасы ең
кішілерінің қасына барып: «Ей, пәленше, сен қаншасын
жаттадың?» – деп сұрады. Ол: «Мына-мыналарды және
«Бақара» сүресін жатқа білемін», – дейді. Аллаһ расу-
398
Ибн Хажар, әл-Исабә 2/278
399
Ибн Хажар, әл-Исабә 2/109
400
Әбу Дәуіт, Сүнән 2/42 (2608)
401
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
лы: – Шынымен «Бақара» сүресін жатқа білесің бе?»
– дегенде, ол: «Иә», – деп жауап берді. Расулаллаһ:
«Олай болса бар! Олардың қолбасшысы сенсің», – деді.
Жасақтың ішінен біреуі «Уаллаһи, менің «Бақара»
сүресін үйренбеген себебім оған лайық амал жасай ал-
маудан қорыққаным еді, басқа себебі жоқ», – деді. Сон-
да Аллаһ расулы: «Құранды үйреніңдер және оқыңдар.
Құран үйреніп, оқыған адам хош иіс аңқыған мес
сияқты. Құранды жаттап, бірақ оқымай жатқан адам
аузы байлаулы хош иіс толы мес сияқты», – деді»
401
.
Достарыңызбен бөлісу: |