Әбу бәкірдің ел басқаруға қатысты наси-
хаттары
Рафи әт-Тайи айтады: «Бір жорықта Әбу Бәкірге
(р.а.) жолсерік болған едім. Қайтып келген соң: «Ей,
Әбу Бәкір! Маған айтарың бар ма?» – дедім. Ол: «Парыз
намаздарды уақытында оқы, шын пейіліңмен зекетіңді
бер, рамазан оразасын тұт, қажылықты орында. Ислам-
да һижреттің қайырлы екенін ұмытпа. Һижрет кезін-
де жиһад ету де абзал. Алайда ел басқаруға ұмтылма!
Қазір адамдар ат-тонын ала қашатын басшылық
қызметі уақыт өтпей сәнге айналады. Билік ел басқаруға
лайық емес адамдардың қолына өтеді. Қияметте ең көп
сұралатын, азабы ауыр есепке басқарушылар тартыла-
ды. Қатардағы адамдардың есебі оңай, көп қиындық
көрмейді, ал басшылар саналы түрде де, байқамай да
мүміндерге қиянат жасап қоюы мүмкін. Мүміндерге
қиянат жасаса, Аллаһқа берген уәдесін бұзған болады.
Өйткені мүміндер – Аллаһтың көршілері, Аллаһтың
405
Хайсами, Мәжмәуз-зәуәид 5/364 (9024)
406
Табарани, әл-Муғжамул-кәбир 20/258 (609)
405
Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі
нағыз құлдары. Аллаһқа ант етемін, сендер көршілеріңнің
малына зауал келгенде қалай уайымдасаңдар, Аллаһ
өзінің көршісі болған мүміндердің жәбір көруіне одан
да қатты қамығып, қайғырады»
407
.
Рафи айтады: «Осыдан бір жыл өткеннен кейін, Әбу
Бәкірдің халифа сайланғанын естідім. Естідім де, Әбу
Бәкірді әдейілеп іздеп бардым. «Есімім – Рафи, пәлен
деген жерлерде сен тапсырған тексеру қызметтерін
атқарған болатынмын», – дедім. «Иә, таныдым», – деді
ол. «Сен маған ел басқармауға кеңес берген едің, ал өзің
ең жоғары басшылыққа – халифалыққа сайланыпсың»,
– дедім. «Иә, реті осылай болды. Алайда кім Мұхаммед
үмбетіне Аллаһтың кітабымен үкім бермесе, оған
Аллаһтың қарғысы жаусын!» – деді
408
.
Достарыңызбен бөлісу: |