Алматы 2010 Мұхаммед Юсуф Кандахлауи


Ибн  Омардың  (р.а.)  қазылық  қызмет  туралы



Pdf көрінісі
бет260/349
Дата07.01.2022
өлшемі1,93 Mb.
#19929
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   349
Байланысты:
sahabalar omiri

Ибн  Омардың  (р.а.)  қазылық  қызмет  туралы 

ұсынысты қабылдамауы

Ибн Омардан (р.а.) риуаят етілгені бойынша, Осман 

(р.а.) Ибн Омарды (р.а.) қазы тағайындамақ болғанда, 

ол  бұл  қызметтен  бас  тартады.  «Мен  Расулаллаһтың 

«Қазылар  үш  топқа  бөлінеді:  біреуі  құтылады,  еке-

уі  отқа  түседі.  Заңсыз  немесе  өз  қалауымен  үкім 

410

 Әбу Нуайм, Хилия 1/380




407

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі

шығарғандар  құриды.  Ақиқатпен  шешім  шығарғаны 

құтылады»

411


дегенін естігенмін», ─ деп жауап береді. 

11. хАлиФАлАРды, бАСҚАРушылАРды 

ҚұРМЕТТЕу ЖӘнЕ олАРдың 

бұйРыҚТАРынА бАғыну

 халид ибн уәлид пен Аммар ибн ясирдің 

арасында болған оқиға

Ибн Аббас (р.а.) айтады: «Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу 

аләйһи  уә  сәлләм)

  жорыққа  аттандырған,  Халид  ибн  Уәлид 

басқарған әскери жасақта Аммар ибн Ясир де бар бола-

тын. Баратын аймағына тез жету үшін, сол маңға таяу 

жерге түнеуді жөн көреді. Жау қолы мұсылмандардың 

жақын  келгенін  біліп,  жер  сипатып  кетеді.  Арала-

рынан  тек  біреуі  ғана  қалып  қояды.  Ол  отбасымен 

бірге  Исламға  кіріп,  мұсылман  болған  адам  еді.  Ол 

үйіндегілеріне  үйді  жығып,  көрпе-жастық,  қазан-

ошақты  буып-түйіп  қоюды  бұйырып:  «Мен  келгенше 

күтіңдер», – деп кетіп қалады. Сөйтіп, Халид ибн Уәлид 

басқарған жасақтың жатқан жеріне барып, Аммар ибн 

Ясирді тауып алып, оған: «Ей, Әба Якзан, мен отбасым-

мен бірге мұсылман болдым. Қауымымыз қашып кетті. 

Мұсылман болғанымыз үшін бізге оның қандай пайда-

сы тиеді?» – деп сұрайды. Аммар оған: «Ешқайда кет-

пе, саған қауіп жоқ», – деген соң әлгі адам өз отбасына 

оралады. 

Ертеңгісін  жаудың  орнын  сипап  қалған  Халид 

жұртта  жалғыз  қалған,  мұсылман  болған  әлгі  адамды 

отбасымен тұтқынға алады. Аммар: «Бұл адамға және 

оның отбасына тиіспе. Ол мұсылман болды», – десе де, 

411


 Ибн Хиббан, Сахих 11/440 (5056)


408

Сахабалар салған сара жол

Халид: «Сенің бұған не қатысың бар? Қолбасшы мен 

тұрғанда,  сен  оған  қалайша  кепілдік  бересің?»  –  деп 

ашу  шақырады.  Аммар:  «Иә,  қолбасшы  сенсің.  Бірақ 

сенің сыртыңнан кепілдік бере аламын. Өйткені ол адам 

иман келтірді. Қаласа, ол да басқалар секілді қашып ке-

тер  еді.  Исламға  кіргендіктен,  оған  осы  жерде  қалуға 

мен кеңес бердім», – дейді.

Халид  (р.а.)  пен  Аммардың  (р.а.)  арасындағы 

дау  өршіп,  ортақ  келісімге  келе  алмайды.  Мәдинаға 

оралғанда, бұл жағдай Аллаһ расулына жетеді. Аммар 

әлгі  оқиғаны  баяндап  берді.  Расулаллаһ  Аммардың 

істегенін дұрыс деп табады, алайда сол күннен бастап 

қолбасшының  рұқсатынсыз  өз  бетінше  әрекет  етуге 

тыйым салады. Екеуі Пайғамбарымыздың 

(саллаллаһу аләйһи уә 

сәлләм)

 алдында тұрып та сөзге келіп қалады. Халид: «Уа, 

Расулаллаһ, сіздің құзырыңызда бұл құл маған қалайша 

тіл тигізеді, сіз болмағанда бұлай жасай алмас еді», ─ 

дейді. Пайғамбарымыз 

(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм)

: «Халид! Ам-

мармен  керіспе.  Өйткені  Аммарды  жек  көрген  адам-

ды  Аллаһ  жек  көреді,  Аммарға  қарғыс  айтқан  адамға 

Аллаһ қарғыс айтады»,  – дейді. 

Аммар  ашуланып  орнынан  тұрады  да,  теріс 

бұрылып  кетіп  қалады.  Халид  артынан  қуып  жетіп, 

қиыла өтініп, кешірім сұрады. Аммар кешіргенін біл-

діреді.  Осы  оқиғаға  байланысты  мынадай  аят  түсті: 



«Ей, иман келтіргендер! Аллаһқа бағыныңдар. Расулы-

на және басшыларыңа бағыныңдар. Егер Аллаһқа және 

ақыретке  иман  келтірген  болсаңдар,  келісе  алмаған 

нәрселеріңді  Аллаһқа  және  расулына  тапсырыңдар. 

Осылай ету қайырлы» (Ниса, 4/59)

412


412


 әл-Хинди, Кәнзул-уммал 2/511 (4343)


409

Сахабалардың бірлік пен ынтымақтастыққа мән беруі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   349




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет